Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сөздік жұмысы арқылы оқушылардың тілдік қорын дамыту
Кожебаева Гульназ Серикжановна
Жақсы ауданы, Жақсы ауылы
«№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА СӨЗДІК ЖҰМЫСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛДІК ҚОРЫН ДАМЫТУ
2022 жыл
Кіріспе
Жинақта орыс тілді мектептерінде қазақ тілін мен әдебиетін оқытатын педагогтарға арналған сөздік жұмыстарының түрлері, тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылған. Бұл жинақтың мақсаты: жаңартылған оқу бағдарламасы аясында лексикалық минимум жұмыстарын 100 % қазақ тілінде жүргізуге әрекеттер дайындау және практикалық көмек көрсету.
Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін практикада тиімді қолданып, талдау жасай білу үшін пайдаланатын әдістемелік құрал. Жаңа сөздерді игеруге арналған түрлі тапсырмалар оқушылардың сөздерді естеріне сақтап, күнделікті тұрмыста қолдана білуге, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді.
Сөз – тілдің «құрылыс материалы» болғандықтан, онсыз ешқандай тілдік қатысым әрекеті болмайтыны әркімге аян. Бұл – күрделі құбылыс. Сөзде қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың, іс-әрекеттердің, т.б. мағыналары бейнеленеді. Сондықтан оқушы сабақта өткен сөзді тек құр жаттап қоймай, оны әрі қарай қолданыста енгізуіне мүмкіндік берілуі керек, ал біз тіл мамандары бұл әрекетте басты рөл атқарамыз.
Сөздер жеке тұрып қолданылмайды, ол әркімге ақ белгілі, олардың қызметі, мағынасы сөйлеуде және сөйлемде анық көрінеді. Яғни бала игерген жаңа сөзін мейлінше өз ойын жеткізуде қолдана білуі тиіс. Берілген сөздерге қатысты бірнеше жұмыс түрлері сабақ барысында жүргізілгені абзал.
Сондықтан, оқушылардың дұрыс сөйлеу, сөздерді орынды қолдануының барлығы оның сөздік қорының аз-көптігіне тікелей байланысты. Оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алады. Ал бұл мектеп оқушыларының сөздік қорын байытуға арнайы жұмыстар жүргізуді талап етеді.
Аталмыш жинақ педагогтерге лексикалық минимуммен түрлі жұмыс түрлерін жүргізуге арналады және оқушылардың игерген жаңа сөздерін әрі қарай тұрмыста қолдана білуіне мүмкіндік беретін құрал болып табылады.
Теориялық бөлім
«… Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз» – деді өз Жолдауында еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. .
Қазіргі кезде қазақ тілін үйретудегі басты кемшілік тіл үйренушіні мемлекеттік тілде сөйлете алмай отыруымызда болып отыр. Өзге ұлтқа қазақ тілін оқыту оңай жұмыс емес. Ал тілді үйрету отбасынан, бала-бақшадан, мектептен басталатыны барлығымызға мәлім.
Орыс тілді мектептегі қазақ тілі сабағын жүргізудегі мәселенің бірі – тіл дамыту. Оқушылардың қазақ тілінің үйренуі – танымдық процесс, соның нәтижесінде олар ана тілінен басқа тілді меңгере алады. Тілді үйретуде қатысым әдісінсіз тілді жылдам әрі сапалы меңгерту, оны кез келген ортада еркін тілдік қатынасқа түсе алатын дәрежеге жеткізу мүмкін емес. Оқу материалын оқушыларға түсіндіру, ол туралы мәліметтер беру- мұғалімнің міндеті. Сондықтан қазақ тілін меңгертуде сөздік жұмысының орны ерекше.
Сөздік жұмысы –тіл дамытудың іргетасы, оқушыны жаңа сөздер үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтауда мыңызы зор. Сондай-ақ сөздік жұмысы сөйлем құрауға мүмкіндік береді, сөздерді байланыстырып, сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма, эссе жазуға көмектеседі.
Сөздік жұмысының ерекшелігі: тіл дамытудың басқа түрлері сияқты оқу-тәрбие жұмысының барлық салаларында жүргізіледі. Өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер т.б білу арқылы баланың тілі дамиды. Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады. Ал, сөздік жұмысы оқушының ойын дамытумен тығыз байланысты.Тілді, оның грамматикалық құрылысын меңгеру оқушыларға өз пікірлерін айтуға, сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құбылыстар арасындағы алуан түрлі байланыстарды аңғара білуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге сөздік жұмысы сөз арқылы оқушыны дәл ойлауға үйретеді, оның шығармашылық қабілетін арттыруға, сөйлеудің мазмұны мен формасының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады. «Сөз байлығы – қоғамның байлығы және сол сияқты әр адамның байлығы.Сондықтан мектепте оқушыларға сөздік жұмысын жүргізудің маңызы зор. Сөз байлығының аздығы оқушылардың өз ойын ауызша, әрі жазбаша, дәл, жүйелі жеткізуіне қиындық келтіреді. Сондықтан сабақта сөздік жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мәні зор.
Оқушылар сөз үғымын игеру барысында:
- ақыл-ой амалдарын меңгереді;
- бір құбылысты екінші құбылыспен байланыстыра салыстыру арқылы өз ойын дәлелдей алады;
- олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көріп түсінеді, сол арқылы тіл заңдылықтарын меңгереді;
- оқуға, білуге деген түрткісі
- жегіледі, істеген ісіне қанағаттанады;
- өтілген материалдарды қолдана алуды үйренеді;
- жаңа сабақты меңгереді;
Жаңа сөздерді меңгерту барысында иллюстрациялық суреттерді пайдалану да өзіндік нәтижесін береді. Сурет арқылы сөз, сөйлем қүрастыруға дағдыландыру – өте тиімді әдіс. Әсіресе әр тақырыпқа іріктеліп жинақталған, тақырыптың топтама суреттердің берері мол.
Сөз тілдік қүбылыстардың бәріне де тікелей қатысты. Оқыту процесінде оқушыларға сөздің мағынасын жете түсіндіру өте қажет. Әсіресе, бастауыш сыныпта оқушыға жаңа сөзді үйрету, мағынасымен таныстыру үшін, оларға қазақ тілінің белгілі бір шамадағы сөздік қорын меңгерту үшін, жаңа сөздерді сауатты жазуға, қорыта айтқанда жаңа сөзді дүрыс қолдануға дағдыландыру керек. Сөздерді меңгерткенде де олардың жеңіл-қиындығын да ескеру керек.
Оқушыларға жаңа сөздерді меңгертуде ұсталатын тағы бір басты принцип – ол сөздердің күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Жаңа сөздерді жеке дара емес, белгілі бір жағдайға байланысты тақырып ішінде қолдануға мүмкіндік жасау керек.
Оқушыларға жаңа сөзді меңгертуде грамматикалық дағдыларды қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айта білу, сөз тіркестерін дұрыс құрастыра білу, жаңа сөздерді күнделікті қолдана білу, мағынасын меңгеру , жаңа сөздерді қатыстырып сөйлем құру қабілеттерін дамыту – жаңа сөздерді меңгертудің алғы шарттары болып табылады.
Құрғақ сөзді жаттай бергенше, сол сөздермен жазба жүмысын, жаттығулар жүргізген де оқушының есте сақтау қабілеті жақсы дамиды. Байланыстырып жаза білген оқушының жүйелі сөйлеу дағдысы да дүрыс қалыптасады.
Жаңа сөзді түсініп, қолдана білсе, оқушының соғұрлым сөздік қоры бай болып, ойын анық жеткізуге мүмкіндігі мол болады.
Ол үшін төмендегідей жүмыс түрлері жүргізілуі керек:
- түсінуге қиын жекеленген сөздер, белгілі бір мәтінде кездесетін қиын сөздердің мағынасын түсіндіру;
- қиын немесе жаңа сөздердің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз ету;
- жаңа сөзді қолдану дағдысын қалыптастыру;
- жаңа сөздің айтылуы мен жазылуын меңгерту;
- сөздікпен жұмысқа үйрету.
Жаңа сөздерді деңгейлік тапсырмалар арқылы, әр оқушының білім деңгейін саралап меңгерту өте тиімді, мұндай жұмыстардың нәтижесінде оқушылар:
- жаңа сөздерді тез меңгереді, әрі оқушы өздігінен жүмыс істеуге дағдыланады;
- оқушының жеке қабілеті айқындалады;
- іштей бір-біріне қалыспауға тырысады, сондықтан жаңа сөздерді де тез қабылдайды;
- тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады;
- әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады.
Демек, жаңа сөздерді деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгертудің басты ерекшелігі – білім беру, оқыту, үйрету процесін топтап, жіктеп бөледі. Әрбір деңгейдің өзінің лексика-грамматикалық минимумы болады. Деңгейлік тапсырмалар оқушының жаңа сөздерді тез меңгеруіне септігін тигізеді.. Оқулықтағы жаттығулар өтілген ереже бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жүмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жүмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар жүйесіне мәтіндер, кроссворд, қызықты грамматика, тестік сүрақтар, оқушыны ойландырып, іздендірілетін іскерлік ойындар мен тренингер жүйесі қамтылады. Оқытудың деңгейіне сәйкес, оқушыны дифференциалды оқытуға ыңғайлы, оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі.
Бірінші деңгейдегі тапсырмалар бойынша жаттап алуға лайықты, өткен сабақтарда меңгерген білімдерін пысықтауға бағытталған болуы керек. Бірінші деңгейде жаттап алуға ыңғайлы қысқа, түсінуге қолайлы тапсырмалар беріледі.
Екінші деңгейде өткен тақырыпқа байланысты түрленген, ойлауды қажет ететін, оқушы өз бетімен жұмыс жасауға лайықты тапсырмалар беріледі. Оқушының сөйлеу тілін дамытуға арналған тапсырмалар беріледі. Тірек сөздер арқылы сөйлемдер жазады, екі бағандағы сөздерді сәйкестендіреді. Оқушының сөйлеу қабілетін жетілдіретін тапсырмалар беріледі.
Үшінші деңгейлік тапсырмаларда танымдық-іздену тапсырмалар орындау арқылы оқушы өз тұжырымын жасайды. Мұғалім нұсқаушы, бағыт беруші, кеңесуші ретінде болады. Оқушының өзі сөздіктерді пайдаланып, сөз мағыналарын талдауға, мәтінді оқып, сөз мағыналарын өз бетінше түсінуге машықтанады.Төртінші деңгейлік тапсырмаларды да беруге болады. Ол күрделі болады, жаңа сөздердің мағыналарына арнап мәтін құрастырады, жаңа сөздерді пайдаланып сөйлем қүрастырады, шығарма жазады.
Сонымен, оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту, сөздік қорын байыту – тіл дамытудағы ең маңызды жұмыс. Сондықтан сабақты түрлендіріп отыру қажет. Ал бүл мүғалімнің шеберлігін қажет етеді, әрі мүғалімнің шығармашылықпен еңбек етуін талап етеді. Яғни бүл үрдіс арқылы оқушылардың тілін жетілдіруге жағдай жасалынады. Қазіргі заманымыздың даму қарқынына байланысты АКТ –ның түрлі әрекеттерін қолданып, оқушылардың қызығушылығын арттыруға күш салымыз жөн.
Сабақты түрлендіру олардың жаңа сабаққа, жаңалықты үйренуіне қызығушылығын арттырады.
Сонымен қортындылай келгенде, жаңа технологиялар арқылы шешендік өнерді меңгерту оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге дайындайтындығымен, сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы жүзеге асатын тиімділігімен, мүғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызуымен, оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерінің молдығымен, ғылыми- теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен тиімді. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын ізденіп әзірлеу – ғалымдар мен тәжірибелі үстаздардың бірлесе отырып атқаратын ісі.
Практикалық бөлім
Сөздік жұмыстарын жүргізу барысында қолданылған әдіс тәсілдер:
«Сурет арқылы сөзді тап» әдісі
Мақсаты: сабақта берілген жаңа сөздерді орыс тіліндегі баламасы арқылы емес, тек суреттер арқылы естеріне сақтауды машықтандыру.
Тиімділігі: әр оқушының есте сақтау қабілетін нығайтады, қазақ тіліндегі сөздерді тек осы тілде естеріне сақтауда мүмкіндік береді.
Қолданылуы: Жаңа сабақты өту барысында оқушыларға жаңа сөздер мұғалім тарапынан суреттерді көрсетіп, сөзді қайталауы арқылы жүзеге асады. Мұғалім тақырыпқа сай әр суретті көрсетіп, оның қазақ тіліндегі атауын дауыстап айтады, оқушылар қайталайды. Осылай бірнеше рет қайталанады. Сабақты бекіту барысында немесе келесі сабақта өткен сабақты қайталағанда оқушыларға суреттерді көрсетіп, оқушылардың жаңа сөздерді қалай естеріне сақтағанын бақылауға болады.
- Әдістің бейнебаянын төмендегі сілтеме арқылы тамашалауға болады.
https://www.instagram.com/tv/CU66x8sjkkiwRJ3YYxqPOYvAfI7Z96cX_QRC9M0/?utm_medium=copy_link
«Тауып ұр» әдісі
Мақсаты: Өткен сабақты қайталау барысында меңгерген жаңа сөздерді қайталап, естеріне түсіруді машықтандару.
Тиімділігі: Бұл әдіс өткен тақарыптарды қайталау барысында жаңа сөздерді қайталауда қолдануға өте тиімді. Оқушылардың белесенділігі артып, тілді игеруде қызығушылықтары артады.
Қолданылуы: Тақтаға өткен тақырыптар аясындағы жаңа сөздердің суреттері ілініп қояды. Оқушы тақтаға шақырылып, қолына ұрғыш зат ұсынылады. Мұғалім суреттерге қатысты сөздерді дауыстап айтқанда, оқушы сол сөздің суретін тауып, ұрады. Немесе рөлмен ауысып, мұғалім суретті ұрғанда, оқушы сол сөздің қазақша баламасын атауы тиіс.
- https://www.instagram.com/tv/CUzrFSsjZYbJjY5rcjUO3xS2QOo81Z1W5llSjU0/?utm_medium=copy_link
“Сұрақ арқылы сөзді тап” әдісі
Мақсаты: Тақырыпқа сай жаңа сөздерді сұрақ қою арқылы оқушылардың өздеріне анықтату.
Тиімділігі: Оқушылар тақырыпқа байланысты сөздерді сұрақтарға жауап іздей отырып өздері анқытайды, шапшаң ойлауға тырысады.
Қолданылуы: Тақтаға тақырыпқа сай сөздер кері қаратылып ілінеді. Мұғалім тарапынан жаңа сөздерді анықтау үшін оқушыларға сол сөздерге қатысты сұрақтар қойылады. Мысалы: Ормандағы ең қу аң? Жаңғақты жақсы көретін аң? Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы сөздерді анықтайды. Табылған сөздердің суреттері оқушыларға қаратылады.
- https://www.instagram.com/p/CVArRm3D1ywPKKp4BBc64i0cvazTkrcq4WCMMk0/?utm_medium=copy_link
“QR кодта жасырынған сөз” әдісі
Мақсаты:заманауи әдіс арқылы оқушыларды жылдам ойлауға, шапшандылыққа баулу.
Тиімділігі: Заманауи гаджеттер арқылы оқушылардың тілге деген қызығушылығы артады, топпен жарыс түрінде жүргізілсе, оқушылардың белсенділігі, шапшандылығы артады.
Қолданылуы: Оқушыларға QR- та жасырынған сөздер таратылады. Ол сөздердің суреттері тақтады ілулі тұрады. Оқушы ұялы телефоны арқылы QR –та жасырынған сөздің атауын тыңдап, сөздің суретін тақтадан табады. Бұл әдісті топтық жұмыс арқылы жүргізген өте тиімді.
- “Пантомима” әдісі
Мақсаты:орыс тіліндегі сөздің баламасын қоспай, оқушылардың тек дене қимылы арқылы сөздерді анықтауы.
Тиімділігі: Оқушылардың ойлау қабілітін, өздігінен әрекет жасауына , белсенділігін арттыруға тиімді.
Қолданылуы: Тақта алдына бір оқушы шығады. Мұғалім тақырыпқа қатысты сөздің суретін оқушыға жасырнды түрде көрсетеді. Оқушы сол сөзді басқа оқушыларға дене қимылы арқылы көрсетеді. Ал қалған оқушылар оның қандай сөз екенін анықтауы керек.
- “Tilqural” қосымшасы
Мақсаты:заманауи технология, яғни гаджеттер арқылы тақырыпқа қатысты жаға сөздерге арналған тапсырмаларды орындау.
Тиімділігі: оқушылардың қызығушылығын арттырады, сөйлемдерді дұрыс құрап, ауызекі сөйлеу тілдерін дамытуға мүмкіндік береді.
Қолданылуы: Оқушылар ұялы телефондарына жүктелген “Tilqural” қосымшасына кіріп, тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді оқып, танысады. Жаңа сөздерді естеріне сақтағаннан кейін келесі деңгейге өтіп, сол сөздерге қатыста тапсырмаларды орындайды.
- https://www.instagram.com/p/CX0FJEMPzGJww3NbkWc7iMZkUpypk13RPTiVrw0/?utm_medium=copy_link
“КазLingua 5” қосымшасы
Мақсаты:заманауи технология, яғни гаджеттер арқылы тақырыпқа қатысты жаға сөздерге арналған тапсырмаларды орындау.
Тиімділігі: Арнайы әр сыныптың оқулығына арналған қосымша. Оқушылардың қызығушылығын арттырады, сөйлемдерді дұрыс құрап, ауызекі сөйлеу тілдерін дамытуға мүмкіндік береді.
Қолданылуы: Оқушылар ұялы телефондарына жүктелген “КазLingua 5” қосымшасына кіріп, тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді оқып, танысады. Жаңа сөздерді естеріне сақтағаннан кейін келесі деңгейге өтіп, сол сөздерге қатыста тапсырмаларды орындайды.
- https://www.instagram.com/p/CX0GfLlPmd-w3t_dbjn9DYB2Lg4v-5_VWbZSyw0/?utm_medium=copy_link
“IQBala” қосымшасы
Мақсаты:заманауи технология, яғни гаджеттер арқылы тақырыпқа қатысты жаға сөздерге арналған тапсырмаларды орындау.
Тиімділігі: Арнайы қазақи нақышта жасалынған электронды қосымша. Қар барысының жетелеуімен оқугшыларға өздігінен жаңа сөздерге қатысты тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.
Қолданылуы: Оқушылар ұялы телефондарына жүктелген “ IQBala ” қосымшасына кіріп, тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді оқып, танысады. Жаңа сөздерді естеріне сақтағаннан кейін келесі деңгейге өтіп, сол сөздерге қатыста тапсырмаларды орындайды.
Оқушылардың сөздік дәптермен жұмыс істеу барасы
Қорытынды
Сөздік арқылы сөздік қорды дұрыс қалыптастыру оқушының тілдесімге түсе алу қабілетін,тілдік қарым-қатынасын реттейді. Тілдесу үшін тілдік қолданысқа керекті жаңа сөздерді үйренбесе, тілдік қарым-қатынас та жүзеге аспайды. Негізінен, оқушыладың сөздік қоры сөзді белсенді түрде қолданған және қажетіне қарай нақты қолдану арқылы жетіліп отырады. Оны қазақ тілден сабақ беретін әр мұғалім айта алады. Тілді енді бастап меңгеріп жатқан өзге ұлт өкілдері үшін қазақша сөйлеп кетуде грамматикалық жүйені жеткілікті меңгермеу бір себеп болса, екінші себеп сөздік қордың аздығына байланысты. Менің оқушыларға арнап шығарға сөздік дәптерім оқушылардың жаңа сөздерді орыс тіліндегі баламасын қоспай, тек қазақ тілінде есте сақтауына мүмкіндік береді. Себеб, біз жаңартылған білім мазмұны аясында сабақ беретіндіктен, сөздердің басқа тілдегі баламасын қолданбауымыз керек.
Оқушылар үшін үлкен бір тақырыптың аясындағы шағын тақырыптар бойынша әр сабақ сайын жаңа сөз үйреніп отырудың маңызы өте зор.
Ойымызды жинақтап келгенде, тілдік оқытудағы басты мақсат оқушының белгілі бір деңгейінде тілдік қарым-қатынасқа түсе алуына қол жеткізу, ол үшін біз тіл мамандары оларға барлық мүмкіндікті жасауымыз керек. Бұл мақсатқа жүйелі әрі тиянақты түрде сөздікпен жұмыс істеу арқылы қол жеткізуге болады. Себебі лексикалық шекті жеткілікті меңгерудің ең негізгі діңгегі сөздікпен жұмыс істетуде жатыр.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718