Мен таңдаған мамандық мамандықтың төресі.
«Мамандықты дұрыс таңдау- ол өмір жолының сәттілігінің негізі»- деген Ресей ойшылы Э.Ф.Зеердің мамандық туралы тұжырымдамасына толықтай келісе отырып, өзімнің таңдаған мамандығымның небір қызықтары мен ерекшелігін анықтап, сіздермен бөлісе отырып, мақаламды баяндамақшымын.
Жалпылама алғанда «мамандық» дегеніміз адамның қызығушылығын тудыра білген, кез- келген мамандықты зерттеп, көп тәжірибе жасай отырып, белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін ұғым.
Мен биылғы 2022 жылғы мектеп бітіруші жас түлекпін. Қазіргі таңдап отырған мамандығымды таңдамас бұрын, өте ұзақ ойландым. Басқа мамандықтармен де салыстырып көрдім, алайда маған басқа мамандықтар сай келмейтіндігін түсіндім.
Мені өзінің сан-қилы сырларымен, қызығы мен қиыны қатар жүрген, ізденіске толы сырдарымен таң қалдырған мен үшін менің жан дүниеме сай келетін қызмет саласы журналистика мамандығы.
Қазіргі таңда, қоғамда біз білетіндей әрбір жұмыс саласы әр түрлі қызмет жасайды. Әрбір саланың алдыға қойған өзіндік мақсаттары, қызметтерін атқаруға тиісті шаралары бар.
Журналист мамандығы- көптеген ізденістілікті және бір кішкене ғана дүние болса да, екі есе жауаптылықпен қарауды қажет ететін, шынайы сезім мен шыдамдылыққа негізделген мамандықтардың бірі.
Өзіндік атқаратын жұмысы арқылы адам өміріне де, жалпы қоғамға да қызмет ететін, ылғи да қателікке бой алдыруды жат санайтын, қашанда жаңа дүниенің, қандай да бір жағымды не жағымсыз жаңалықтармен халықты хабардар етіп отырушы, қоғам мен адам арасындағы тікелей байланыстың жақтаушысы болып жүрген, жалпы мемлекет үшін шоқтығы биік тұлғалардың саны жыл өткен сайын артып, жаңаруда. Әрине бұл, экономика үшін де, біз үшін де қуантарлықтай жайт.
Журналистика саласына қызыққан әрбір адамды, осы бір бөлек әлемнің тұңғиығына еліктіре алып кететіндей, небір ғажайып тосын сыйларға, қызықты әрі күтпеген кездесулермен және ақпараттар теңізімен тығыз байланысты дүниелермен кезіктіреді.
Журналист болу- әдептілікті, төзімділікті, алдына мақсат қойып соған талпынып жұмыс жасауды бірінші орынға қоятын, адамдармен үнемі оңай әрі шынайы байланыста болатын, шыншыл да сабырлы адам болу.
Егер де, журналист болуды арман еткен жанның бойында осы ізгі қасиеттердің кем дегенде біреуі болмаса ,оның журналист маманы болып шығуы екі талай деп білемін.
Қоғамдағы болып жатқан небір құбылыстарды зерттеу барысында ықыластық күшің мен әр минутыңды аямайтындай деңгейге жеткенде,сенің атқарған қызметіңнің нәтижесінде,сен дайындаған жұмыстарының сенің оқырмандарыңның көңілінен шығатындай,олардың өміріне едәуір жақсы жағынан әсер ете аларлықтай жағдайда ғана өзіңді осы жұмыстың нағыз майталманы ретінде,өз асқақ арманыңның баспалдағын құрасың.Сонда ғана сен нағыз журналист боласың.
Журналист болу деген салғырттылықпен қарайтын жұмыс емес.Ол жан-тәніңді салып жұмыс жасау.Болған тың жаңалықтармен және берген ақпаратыңның қаншалықты шындықты жанасатынын анықтай отырып,оны халықпен бөлісу.Мемлекетте өмір сүріп жатқан кез-келген жанның жүрегінде мәңгілік өшпестей із қалдыра білу. «Мен сіз секілді журналист болғым келеді» -деген,сенің жолыңды жалғаушы жас мамандардың болуы .Міне , осы нағыз мінсіз журналисттің бейнесі.
Қағазың мен қаламың арқылы қорғансыз жанға пана болып,әділеттік тапқанда ғана , біреуге үміт ұялатқан сәтте осы мамандықтың құдіретін сезіне аласың.Журналистика жазу не сөйлеумен ғана шектелмейді.Ол адам жанына үңіліп,сол адамның қайғысына бірге қайғырып,қуанышын бөлісе алу.
Сонымен қатар, журналистика-қоғам мен адам өмірінде алар орны ерекше,яғни қарапайым халық пен қоғам арасындағы байланыстырушы көпір сыңайлы.Бұл мамандықсыз елімізде болып жатқан маңызды ақпараттардан қапы қалар ма едік бәлкім.
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап» – дегендей менде кішкене кезімнен бастап көп кітаптар оқып, көптеген ақын, жазушылардың жазған өлеңдері мен шығармаларын, нақыл сөздерін сүйіп жаттап және солардың жатқа айтуға машықтандым. Небір аудандық, қалалық, облыстық тіпті республикалық жарыстарға мектебімнің атынан шығып, бірнеше жүлделі орындарды иелендім. Әрине ол менің болашақ арманыма жетудегі алғашқы қадамдарым болды. Теледидардан не әлеуметтік желілерден ақпарат таратушы журналистика саласының небір білгір, білікті мамандарын көріп олардың сөйлеген сөздеріне, жасаған қимыл әрекеттеріне ғашық болдым. Осылайша, менің журналистика саласына деген қызығушылығым бұрынғыдан да арта түсті.
Әрине, адам өмірінде кез- келген мамандық саласы болсын немесе бір дүниеге қызығушылық тудырушы себепкер тұлға болады. Менде де солай. Менің өмірімде де менің қызығушылығымды тудырған, осы «журналистика» атты таңғажайып әлеммен қауышуыма себепші болған, менің өмірім де, менің шығармашылығымда алар орны ерекше, қазіргі таңда көп адамның батасын алып, көп адамға көмегі тиіп, көмек сұрап келген жанның сырласы да, мұндасы да бола алған Қазақстандық журналистика саласында ерлер арасында Асаубек Айымбетов, Нартай Аралбай, Аман Тасыған, Мейіржан Әлібекұлы, Асқат Садырбай секілді және жақында ғана өмірден өткен « Қазақстан» телеарнасындағы «Айтуға оңай» бағдарламасы жолында біраз қызметтер атқарып, көмек сұрап келген кейіпкердің жан дүниесіне үңіле білген, артында өлместей із қалдырған биік тұлғалар Бейсен Құранбек, Нұртілеу Иманғалиұлы сынды небір азаматтарымыздан айырылып қалдық. Және қыздар арасында мен еліктейтін Дина Төлепперген, Дана Нұржігіт, Қымбат Досжан, Анна Данченко, Ирина Тен сынды шоқтығы биік тұлғалар да жетерлік. Бұл журналисттердің өздеріне ғана тән өзіндік ерекшелігі, жеке болмыстары, бөлек мақсаттары бар. Және журналистика саласында өз ірге тасын қалай білген жандар. Мен қуанамын, маған осындай үлгі болған , мені небір журналисттер тоғысқан- журналистика саласының сарайына алып келген журналисттер бар заманында өмір сүргеніме. Журналистика саласының, сахнасының төрінен ойып тұрып орын алған бұл әрбір тұлға ерекше сыйластық пен сарқылмас құрметке лайық. Қайсы бір мамандықтың алып қарасақ та, өз көзіңмен көріп, өз қолыңмен жасап, дайындап көрмейінше ол мамандықтың қыр- сырын меңгеріп, ерекшелігін сезіну мүмкін емес. Мысалы, журналисттер. Біз көрермен оларды көгілдір экранның сыртынан көріп, оларды «недеген бақытты жандар, теледидардан көрініп лезде танымал болып кетті, мына мамандық қандай оңай» дейміз. Бұл әрине қате пікір. Себебі ол адамдардың орнында болып көрмедік. Олардың күні-түні бойы талмай дайындаған жұмыстарын жасау кезінде қалай шаршағандығын, қаншалықты ізденісте болғандығы біз үшін беймәлім. Өйткені, біз олардың жасаған жұмыстарын қайталап жасамадық. Журналистиканың өзінше қиындығы бар. Мемлекетте кез-келген уақытта, қасақана жасалған іс- әрекеттер, ереуілдер, әуе апаттары, түсініспеушілік салдарынан туындаған қақтығыстар, тіпті одан да қауіпті төтенше жағдайлар болуы мүмкін. Осы жоғары да айта кеткен жайттардың біреуі орындалған жағдайда, біз ол ақпараттардан хабардар болуымыз журналисттерсіз біршама қиындықтар туғызары сөзсіз. Ал бізге ақпараттар дайындау кезінде, бұл мамандық иелеріне қауіп төнбесіне кім кепіл. Бұл әрине олар үшін оңай дүние емес. 19-ғасырдың екінші жартысынан бастап тамырын тереңге жайып, ауқымды түрде дамып келе жатқан журналистика саласы жолында көптеген тер төгілді. Бұл салада қызмет еткен әрбір ардагер журналисттердің атқарған еңбегі ешқашан ұмытылмастай, мәңгілік мұрамыз болып қалды.
Біз секілді ел қамын ойлайтын, білгір, білікті жас мамандар жетіліп өсіп келе жатқанда журналистика саласының алар асулары әлі алда деп нақты айта аламын. Бұл нақты сенім талай белестерді бағындырып, биік шыңдарға шығудағы алғашқы жасалған қадам. Болашақ біз, дарынды жастар тұрғанда қазақ журналистикасы ешқашан өлмейді. Мен журналист болуды бала кезімнен армандадым және сол арманыма жәймендеп қадам басып келе жатырмын. Журналист болуды армандағаныма ешқашан да өкінбеймін, былай айтқанда өкінуге тұрарлықтай мамандық емес деп білемін. Ең бастысы бұл мамандықтың мәртебесі барлық мамандықтан жоғары екендігіне көзім жетті десем қате айтпағандығым. Алдына нақты мақсат қоя білген адам өз жетістігіне жетер жолда алдынан қандай қиындық кездессе де ,ешқайсысына дес бермей,өзінің көздеген нүктесіне еш мүдірместен жетеді.Адам бір дүниені қаласа,оған жету үшін бірнеше қадам кестесін құрады.Ол айнымас мақсат,ешқашан сөнбестей сенім және мықты төзімділік.Ал мен осы кестені құра білдім.Журналист боламын деп армандадым. Ол жолда мақсат қоя алдым.Менің мақсатым:бұл жолда алдымнан шыққан небір сынақтардың барлығын артта қалдыру . Жанымда жүрген адамдардың мен және менің мамандығым жайлы айтқан сан түрлі пікірлерінің барлығына назар аударып,ішінде қажетін дұрысынан қабылдап, ал қажет емесін жай ғана ойымнан шығара салу.Және де жұмыс жасау кезінде маған қандай да бір жауапкершілікті жұмыстар тапсырылса да барлығын абыроймен,шынайылықпен және төзімділікпен атқаруға тырысу.Менің сенімім:мен бұл жолда маған кезіккен барлық тапсырмаларды орындап,журналистиканың биік шыңына шығу.Қазақстан журналистикасының әрдайым жоғарыдан көріну үшін жан тәнімді салып,аянбай еңбек ету.Әрбір қазақстандық менің есімімді атағанда тани алатындай және жақсы жағымнан қабылдайтындай дәрежеге жеткенде ғана мен өзімді елінің өркендеуі жолында еңбек атқара білген нағыз жанашыр журналист ретінде бағалай алу.Менің төзімділігім :барлық берілген ақпараттарды толықтай сараптап,халықты тек шынайы ақпаратпен хабардар ету үшін шаршамай,ешқандай еріншектік танытпай адал қызмет атқару.
Қорытындылай келе,журналистика саласы небір білгір данышпан жандардың,шыншылдық пен шынайылық бойына дарыған ,артынан өлмейтін із қалдыра білген ардагер журналисттеріміздің артынан ерген,сол кісілердің жолын жалғайтындай,дарынды болашақ жастардан құралған шоқтығы биік тұлғалар бас қосқан таланттар ордасы.Журналист болу қоғам мен халық арасындағы сыйластықтың бұзылмауы жолында жағдай жасап,саналы түрде қызмет атқара білу.Және де «тірі болсам қазаққа қызмет қылмай ,қоймаймын» деген Алихан Бөкейханов атамыздың даналық сөзін мәңгілік жадымда сақтап,өмірлік ұстанымым ретінде қабылдап,журналисткада өз дара жолымды салу.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718