Көрісу амал мерекесі

“Көрісу- амал мерекесі”

№5 “Сәуле” бөбекжайында осы жылдың 14 наурыз күні “Көрісу- амал мерекесі” тақырыбында танымдық сайыс ұйымдастырылды. Мақсаты: Қазақтың салт дәстүрлерiнiң бiрi амал мерекесiнiң ерекшелiгiмен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.Жас ұрпақты ата – баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.
Ұлттық мейрамды ұлықтауда “Айгөлек” аралас, “Бөбек”,”Шие” топтары және ата-аналар зор үлес қосты. Үш ауылға “Ұлттық дәстүр”,”Жайлаудағы ырыздық” және “Ұлттық өнер” болып дараланып, қазақ халқының дәстүрлерін, ұлттық өнерін, бұйымдарын, салттарын насихаттап, көрініс көрсетіп, өнердің биік үлгісін көрсетті.

Байқау төрт бөлімнен тұрды:

1.”Өзге емес өзім айтамын өз жайымды,  Біздегі құндылықты, бар айшықты…” таныстыру (белгіленген ауыл атауын қорғау)

  1. “Өнерді бағалау бар, жаңғырту бар. Өнер жолы- бар ізгінің бастауы”. Үй тапсырмасын қорғау. Фельтинг технологиясын жүзеге асыру мақсатында әр түрлі жанрда қолөнер бұйымдарының жұмысы қорғалды.
  2. “Ойыннан ойға…”

Сұрақ-жауап легі

  1. “Өнерлі өрге жүзер…” Ұжымдық жұмыс легі

Әр ауыл берілген нобай бойынша қолөнер түрінен ұлттық бұйым жасап, мағынасы түсіндірілді.

Сайыс мағыналы, тағылымды әрі мазмұнды өтті. Қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, көпшілікті тәнті етті. Сайыс қорытындысымен әр ата-анаға атаулы номинациялар беріліп, үш ауылға бөлінген топтар жүлделі орындармен марапатталды.

 

 

№5 «Сәуле» бөбекжайы әдіскер-новаторы Срымова Сания Казиевна

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *