Қазақшаңыз қалай? (орыс тобына арналған білімдік сайыс)

 

Тақырыбы:  Тіл-ұлы байлық    (Қазақшаңыз қалай?)

Мақсаты: оқушыларының  ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып    жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету. Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.

Түрі: топтық сайыс

Типі:таным сағаты

Көрнекілігі: интербелсенді тақта,қабырға газеттері,ұлттық бұйымдар

Барысы:  I. Ұйымдастыру

                II.Кіріспе  сөз

1  – жүргізуші:     Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар!

 

2-жүргізуші:       Армысыздар,қадірменді  тіл жанашырлары!

 

1  –  жүргізуші:   Қазақ осы айтатұғын елге сыр,

                              О,ағайын,халық емес ол кесір.

                             Қазақ осы аңғал-саңғал жабусыз,

2-жүргізуші :

                             Қазақ осы ағыл-тегіл көл-көсір

                             Қазақ осы  дала дейтін,күн дейтін,

                              Қазақ осы ” Өнер алды-тіл “дейтін,

                             Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,

                             Қоңырсың ба ,жатырқауды білмейтін, -деп Қадыр Мырзәлі  ақынымыз   айтқандай  ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің  бір   шаңырақ  астында   татулықта,сыйластықта өмір сүріп жатқаны  сіздер мен біздер үшін мәлім.

 

2-жүргізуші:  Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орны бар  бұл жаңа атаулы күн (22қыркүйек) Қазақстанда тұратын барша ұлттар өкілдерінің  ана тілдеріне құрмет көрсетілетін ортақ мейрам. Ендеше біз тілдер  апталығы аясында ұйымдастырылған колледжімізде оқып жүрген  ұлты басқа болса да  тілегі бір өзге ұлт  өкілдері  арасындағы”Қазақшаңыз қалай?” атты сайысқа  қош келдіңіздер дейміз.

 

   1-жүргізуші: Тілден асқан асқар жоқ,

                         Тілден  асқан байлық жоқ,

                Тілден асқан теңіз жоқ,-дей келе  бүгінгі   сайысқа

қатысатын  сайыскерлерімізді  ортаға шақырамыз

(2-топ  мүшелері ортада)

 

 2-жүргізуші:  Енді осы сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін :

Таныстыру ( әр топ өзін таныстырып өтеді)

Қазақшаңыз қалай? (берілген тапсырма бойынша өлшеулі уақытпен 

жұмыс   жасау )

Сөзге шешен (әр топтан 1 білім алушы ортада көсіле сөйлейді)

Кім жылдам?( “Мақал- сөздің мәйегі” дей келе сурет бойынша мақал-

мәтел     құрастыру  )

5.Кім тапқыр?(қатысушы экранға шыққан әріптердің  ішінен бір

дыбысты   таңдап    алады да,қойылған сұрақтарға сол дыбыстан

келетін сөздермен  жауап береді.)

Кім шапшаң? (Конверттердегі тапсырма бойынша сөйлемдегі сөздерді

өз орнына қою)   ұпай санын жинай отырып

7.Біз ,бұл жайында не білеміз?(ұлттық  бұйымдар  сыр шертеді )

 

1  – жүргізуші:

Кім білімді,өнерпаз білейікші,

Оқушылар алғыр деп жүрейікші.

Әділқазылар алқасына тек әділдікті,

Сайыскерлерге тек сіттілік тілейікші!

 

 2  – жүргізуші:       Жанын сап ,халқын сүйіп баққан тілім,

                                  Жалықпай құпиялар ашқан тілім.

                                 Жаһанның төрт бұрышы түгел танып,

                                 Жат жұрттардан да достарын тапқан тілім.

 

          1-жүргізуші:  Бұл жанды тіл-менің азат тілім,

                                 Жадымда талай самғар қанат тілім.

                                 Жыр- қуат,сөзі ана уызындай,

                                 Жасай бер,Ана тілім,Қазақ тілім!

            Енді  осы сайысымызды әділ бағалайтын  қазылар алқасымен  таныстырып                                  өтейін….

 

 

 

 

       2   – жүргізуші:Сайысымыздың негізгі бөліміне көшейік

        I  бөлім   Таныстыру(топтарға кезек береміз)

 1-жүргізуші:”Қазақ тілі-бай тіл,оралымды,ырғақты теңеу –бейнелеулері  ерте туған тіл.Поэзияда Абай,Ілияс,прозада  Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл.Осы тілімізді таза сақтайық!”деп қазақ жазушысы Ғ.Мүсірепов айтқандай мемлекеттік тілге барынша құрмет танытайық.Бүгінгі сайысымыздың негізгі мақсаты да- осы.

 

      2-жүргізуші:Сайысымыздың  келесі  II  бөлімі  “Қазақшаңыз қалай?”деп аталады

  Сайыскерлер назар салып ,тыңдаймыз…

     1-жүргізуші:      “Ей, туған тіл!Ата анамның бал тілі !

                                 Дүниеде көп нәрсе ұқтым туған тілім арқылы.

                                Анам алғаш осы тілде  бесік жырын жырлаған ,

                                Ұзақ түндер анам айтқан  ертегілер тыңдағам.

      III  бөлім бойынша (ортаға әр топтан өз ділмарларын  шақырамыз)

        2-жүргізуші:      Көп тілді білу-ол заман талабы.Біздің колледжімізде көптеген  ұлыстың  өкілдерін біріктірген бір шаңырақ иесі. Колледжде біз қазақ,орыс,ағылшын тілдерін оқып үйреніп жүрміз.

 

        1-жүргізуші: Енді осы пәндерден алған білімдерімізді де тексеріп көретін кезеңге жеттік. Сайысымыздың келесі IV бөлімі “Мақал-сөздің мәйегі” деп аталады. Бұл сайыста қатысушылар   суретте  жасырынған  мақалдың  сөзін тауып  айту керек.  (Экраннан  суретті мақалдарды көрсету және бір суретке 2 мақалдан айтса да болады)

 

        2- жүргізуші: Сайысымыздың  V бөлімі  “Кім жылдам?” деп аталады. Бұл сайыста қатысушылар экранға шыққан әріптердің ішінен бір дыбыстан келетін сөздермен жауап береді. Мысалы : ….., сен қай дыбысты таңдайсың?

   1-жүргізуші:    Мысалы: Мен “Ж” дыбысын таңдаймын.

    2-жүргізуші: Ендеше мен сұрақ қоямын, ал сен сол дыбыстан басталатын сөздермен жауап қайтарасың. Дайынсың ба?

Сенің атың кім?

Сүйікті тағамың…

 Сұрақтар:

1.Қазақ тілін үйренуді қашан бастадың?

2.Бос уақытыңды қалай өткізесің?

3.Болашақта кім болғың келеді?

 4. Ең жақын досың кім?

5.Сүйікті жазушың кім?

6.Киноға кіммен барар едің?

7.Өзіңе кімді үлгі тұтасың?

8.Колледж саған несімен ұнайды?

9.Анаңның туған күніне  не сыйлайсың?

10.Өмірдегі ұстанымың…

 

             1.Сен кімсің? 
             2. Бірінші септік? 
             3. Ең жақын адам ? 
            4. Еліміздің бас қаласы? 
            5. Нешінші  курста  оқисың? 
                                                                            1. Сүттен жасалған сусын? 
                                                                           2. Ең әдемі құс? 
                                                                           3. Саған ертегі айтатын? 
                                                                           4. Бал жинайтын жәндік? 
                                                                          5. Ең тәтті жеміс? 

     (қосымша)
1. Сен қалай оқисың? 
2. Сағыз қанша тұрады? 
3. Қазақ тілінде неше септік? 
4. Әжең қайда тұрады? 
5. Гүл қайда өседі? 
6. 1қаңтар қандай мейрам? 
7. Кімде?Неде? қай септіктің сұрағы? 
8. Диванда отырып, әкең  не оқып отыр? 
9. Сиыр, қой, түйе  нелер? 

1-жүргізуші: Олай болса сайысымызды  жалғастырайық

 

2-жүргізуші:  Ей, туған тіл! Ата-анамның бал тілі!

                       Дүниеден көп нәрсе ұқтым туған тілім арқылы.

                       Анам алған осы тілде бесік жырын жырлаған,

                      Ұзақ түндер анам айтқан ертегілер тыңдағам.

    VI бөлім .  Кім шапшаң? (Конверттердегі  тапсырма бойынша сөйлемдегі сөздерді өз орнына қою)   ұпай санын жинай отырып…

              1-жүргізуші:

              Ей, туған тіл! телі-кеш қуатыңмен өзіңнің

               Қаршадайдан шаттығымды, қайғымды да сезіндім.

               Ей, туған тіл! Туған тілде тілек айттым мың рет,

               Ата-анамды, мен пақырды жарылқа деп құдірет!

               2-жүргізуші:

 

        VII бөлім.  Біз ,бұл жайында не білеміз?(ұлттық  бұйымдар  сыр шертеді)

 Осымен сайысымыздың соңғы бөліміне де келіп жеттік. Қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша кезекті  …….береміз

                Тіл тағдыры-ел тағдыры дейді қазақ халқы. Ендеше тіліміздің мәртебесі асқақтап, биіктей берсін. Сайыстың аты-сайыс. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, жеңіліс тапқандарға “Сайыстан жеңілсендер де, өмірден жеңіліс таппандар” демекпіз.

 

 

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *