ФИЗИКА ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫ ӨЗІНДІК ДАМЫТУ

 

Аманкелді Гүлжаухар Исатайқызы

физика пәні мұғалімі, педагог модератор

19 жалпы орта білім беретін мектебі

Орал қаласы

 

ФИЗИКА ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫ ӨЗІНДІК ДАМЫТУ

 

 

Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Кун-цзы) «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» демекші физика сабағында оқушылардың өздеріне физикалық құралдармен демонстрация  жасатып, физикалық теорияны жетік меңгертуге болады.

Танымдық белсенділікті, өз бетінше білімін толықтыратын қасиеттерді   дамытпайынша жаңа тұлғаны қалыптастыру мүмкін емес.

Психологтар оқу материалын қабылдауда, түсінуде және меңгеруде ойлағыштық және бейнелік компоненттердің байланысын зерттеп, адамның қабылдаған барлық ақпараттарының 90%-ға жуығы көру каналы бойынша түсетіндігін анықтады. Көру анализаторының өткізу қабілеті естуге қарағанда, 100 есе жоғары болатындығын айтқан болатын. Сондықтан, физика сабағында физикалық приборларды әр сабақ төңіреңіне тақырыпқа сай қолданып отырамын.

Мен сабақ бастамас бұрын сабақты өткізу барысында сынып арасында біріншіден, жайлы орта қалыптастырамын. Яғни, оқушыларға білімді дайын күйде бермей, ізденуге бағыт-бағдар беремін. Екіншіден, әрекет арқылы оқушыларды үйретемін. Оларды белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекетін ұйымдастырамын. Үшіншіден, физикалық және астраномиялық  ұғымдарды өмірмен байланыстыруына бағыттаймын. Үйретуді пратикалық әрекеттерге негіздеу арқылы физика пәнінен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешуге оқушыларды қалыптастырамын. Төртіншіден, өзіндік пен дербестікке баулимын. Яғни, оқушылар жауап бере алмаса, дұрыс жауапты өзім бермей, сұрақтың жауабын басқа оқушылардың табуына ықпал жасаймын.

Оқушылар сабақ барысында «өзін-өзі» бағалауды қолданады. Өзін-өзі бағалау – оқушының өзіндік құндылықтары туралы пікірі. Ең бастысы оқушының өзіндік «Мені» болуы керек. Өзіндік «Мені» жоғары оқушы әр қадамын сенімді басады, іс-әрекетіне көңілі толады, өзін айналасындағыларға қажетті сезінеді. Оқушы өзіне-өзі сенімді болғаннан кейін барлық іс-әрекетін ойлы түрде жасайтын болады, жеке шешім қабылдай алады, қиындықтардан өзі шығуға тырысады, кейде тіпті ұялмай-ақ айналасындағылардан көмек сұрайтын болады. Оқушы ең бірінші, өзін бағалай білуі керек, сонда ғана өзгелерді бағалап үйренеді. Білімнің түпкі мақсаты білім алу, үйрену және дағдылану ғана емес, осыларға негізделген жеке және әлуметтік құзыреттілікті, алған мәліметтерін болашақта кәсіби қызметтерінде тиімді пайдалана білу, талдай білу және өз алдына дербес білім ала білу, әлемнің үнемі өзгеру жағдайына байланысты ұтымды және тиімді өмір сүріп, ұнатқан мамандығы бойынша өзіндік дамуда қызмет жасауы.

Жалпы білім беретін мектеп оқушылардың тиянақты білім алуына мақсат ете отырып, оларды өз бетінше білімдерін толтыру, жаңа білімдерді алу тәсілдерімен қаруландыру, алған білімдерін теориялық және практикалық мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл­-ой белсенділігін дамытуы қажет. Сондықтан физиканы оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігін мен ізденімпаздығын арттыруға негізделген. Осыған байланысты оқушының танымдық ізденімпаздығын, қызығушылығын дамыту арқылы шығармашылыққа баулуды сызба – нұсқа арқылы жүзеге асыруға болады.

Оқушыларды физиканың зерттеу әдістеріне үйрету, оларда зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру арқылы физикалық теорияның мәнін дұрыс түсінуге мүмкіндік туады. 7-сынып «Табиғат және адам» тақырыбын өткенде оқушыларға табиғатты аялай біл тақырыбында шығарма жаздыру және т.б болып табылады.

Физика пәнінен мектепте оқытудың алдына қойған мақсаты бар екені айқын. Оқушы өзі білетін физикалық ұғымдарды ойша қорыта біліп, бір қарағанда көрінбейтін түсініксіз жағдайларды қарапайым физикалық өмірлік фактілермен салыстыра отырып қорытынды жасай алса, күрделі мәселені қарапайым бөліктерге жіктей отырып жалпы ережеден дербес жағдайға және керісінше дербес жағдайдан жалпы физикалық заңдылыққа көше білсе, сондай-ақ, физикалық демонстрациялық эксперименттер мен зертханалық жұмыстар қорытындысын ала білсе, әрі  өзінің қажет сұрақ туралы біртұтас қорытындыға келе алатын деңгейге жетсе, физика пәнін оқыту өзінің ең басты мақсатына жетті деп айтуға болады.

Қорыта келгенде, таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайындағы бейнелі қабылдау нәтижесінде ұғым туады. Сонымен қатар, таным – практикалық қызмет барысында іске асады.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *