Ызғарлы Қаңтар

Менің байтақ елім – Қазақстан. Болашаққа нық қадам басқанына 30 жыл толды. Осы жылдар аралығында небір қуанышты да, қайғыны да бастан кешірдік. 30 жылдағы қуанышты мерейтойдан кейін, мұндай оқиға боларын ешбір жан сезген жоқ. Жаңаөзеннен бастау алған наразылық шарасының соңы қарулы қақтығыс пен тонаушылық ұласты. Жақынынан айырылған отбасы, жазықсыз жапа шеккен азаматтар, оққа ұшқын жеткіншектер. Елдің жанын жеп, жүрегін ауыртқанда осы жағдай. Қайғыдан қан жұтқан анаға кім, қандай көмек бере алмақ?
Қаңтардың суығына қарамастан, елді ақпараттандырып, құпия түрде ақпарат жинаған журналистер – нағыз өз ісінің мамандары екенін дәлелдеді. Шындығында интернет желісі өшірілгенде, ақпараттық қалған біздер теледидарды аңдумен болдық. Көп еңбектеніп, халықты ақпараттан хабардар етіп отырған әрбір жанға алғыс!
Басы бейбіт түрде басталған шеруді пайдаланғандар елдің тоз-тозын шығарды. Бейбіт түрде басталған соң, бейбіт түрде біткенін қаладық. Алайда бәрі біз ойлағандай болмады. Содырлар елге көп зиян тигізді. Бүлінген ғимараттар, тоналған дүкендер, түгі қалмаған көліктер. Елді сескендіріп, көзбен көрген адамның жанын тітіркендірген жайттар.
«Опасыздық Отан жоқ, Отанда опасызға орын жоқ”, – деп Бауыржан атамыз айтқандай, елге зардабын тигізгендер жазасын алып, еліміз өз егемендігінің биігінде тұрғай!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *