Дін және қоғам
Таласбаев Есет Турдыбаевич,
Исламтану мамандығының 1-курс магистранты
Абдуллаев Нуржан Кыдыралиевич
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,
«Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушысы,
Дін және қоғам
Қандай дін болмасын адамның, жалпы алғанда қоғамның өмірінде ерекше орын алады. Дін адам мен қоғамды үйлесімділікте ұстап тұрушы негізгі күш.
Бір мемлекетте қанша ұлт өкілдері тұрса, сонша дін өкілдері мекендейді. Мысалы, Қазақстан Республикасын алатын болсақ, елімізде жүргізілген халық санағының қорытындысы бойынша 130 дан астам ұлт өкілдері мекендейтіні белгілі болды. Олардың ішінде ұйғырлар, татарлар, корейлер, қытайлар, тәжіктер сияқты т.б неше түрлі ұлттар бар. Біз олардың барлығын бір дін өкілдеріне жатқыза аламыз ба? Әрине, жоқ. Соған қарамастан ғасырлар бойы тату-тәтті өмір сүріп, өзара үйлесімділік тауып Қазақстан халқының рухани құндылықтарын қалыптастырды. Елімізде дін зайырлығы – тілі мен дінге көзқарасына қарамастан барлық азаматтардың заң алдында тең құқықтарына және әр азаматтың жеке наным-сеніміне құрметпен қарауға негізделген. Әр 3 жыл сайын елімізде әлемдік және дәстүрлі діндер отырысы өткізіліп отырады.
Егер дін қоғамда өзінің рөлін дұрыс атқарса, онда елде тыныштық, бейбітшілік, өзара келісім орнайды. Сол себепті, қоғам мен дінді бір бірінен бөліп-жарып қарай алмаймыз. Дінаралық татулықты сақтау мақсатында елбасының тапсырмасымен көптеген шаралар да ұйымдастырылуда. Егер дін мен қоғам арасындағы байланысқа осыншалықты мән беріп, еліміздегі маңызды мәселелердің қатарына жатқызбағанда бұл уақытқа дейін еліміз бейбіт әлі тыныш өмір сүрмес еді деп ойлаймын.