«Бөлме өсімдіктерін күту»

Туржанова Жаркын Айдыновна

«Шолпан» бөбекжай-бақшасы, тәрбиеші

Атырау облысы, Махамбет ауылы

 

Білім беру салалары: Әлеуметтік орта

Бөлімі:  Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктерін күту»

Мақсаты: Балалардың бөлме өсімдіктері туралы білімдерін кеңейту

Білімділік міндеттері: Гүлдердің құрылысымен таныстыру, оларды күтіп, баптауға үйрету, қалай топыраққа отырғызу жайында көрсете отырып, түсіндіру.

Дамытушылық міндеттері: Сөздік қорларын, ойлау, қиялдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік міндеттері: Табиғаттағы гүлді сүюге, оларға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Шаттық шеңбері:

Балалар шеңберге тұрып, педагогпен бірге бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді.

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға гүл шашылды.

Біз-нәзік қыздармыз!

Біз-ержүрек ұлдармыз!

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге жүрсін бүлдіршін.

Қыз қолында гүл жүрсін,

Ұл қолында ту жүрсін!

Қайырлы күн достарым!

Тәрбиеші: Балалар, табиғат дегеніміз не?

Балалар: Қоршаған орта: су, тау, жер.

Бүгін біз табиғаттың бір бөлігі гүлдерге тоқталамыз. Гүлдер бау-бақшаның сәні, әрі біздің досымыз.

Балалар, сендер қандай гүлдерді білесіңдер?

Балалар: раушан гүл, кактус, қазтамақ, фикус.

-Гүлдердің қандай пайдасы бар?

Балалар: ауаны тазартады.

Гүлдер не үшін керек? Гүлдер қайда өседі?

Балалар: үйде, далада, гүлзарларда.

Гүлдер әдемі болып өсу үшін не қажет?

Балалар: су, ауа, күннің көзі.

Балалар  гүлдер қалай қоректенеді екен?

Осыған байланысты мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, барлығын мұқият тыңдаңдар.

Құлпырса қадірлейді, аялайды

Қураса сыпырғышқа жарамайды. Ол не?

Балалар: Гүл

Үйде тұрып өсетін,

Әкеп гүлдің көшетін.

Топырақты салдым да, Отырғыздым қалбырға

Тәрбиеші: балалар, бұл өлең не жайында?

Балалар:Бөлме гүлі жайында

Осы кезде есік қағылып, қолында суға салынған гүлі бар Дымбілмес келеді.

Сәлемессіңдер ме, балалар! Мен сендерден көмек сұрауға келдім.

  • Маған досым бір гүл беріп еді, енді оны не істерімді білмей тұрмын, маған көмектесесіңдер ме? Балалар, әуелі Дымбілмеске гүлдер туралы тақпақ айтып берейік.

Балалар:

Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,

Қызыл, жасыл, көк гүлдер

Тұра берші жайқалып,

Бақшамызда көп гүлдер.

2-бала Қызыл, жасыл гүл егіп,

Баптап күттік, түрлеттік.

Қалмасын деп қуарып,

Апта сайын суардық.

3-бала

Арасында гүлдің,

Ойнап бүгін жүрдім.

Қызыл, көкшіл, сары

Әп-әдемі бәрі.

Олай болса балалар, Дымбілмес бәрің маған жақынырақ тұрыңдар.

-Ал, Дымбілмес гүліңді бізге бере ғой, қазір біз бәріміз бірге оны топыраққа отырғызамыз.

-Бұл гүлдің аты «Барқытгүл» деп аталады.Ал енді қараңдаршы гүлдің сабағында не өсіп тұр?

-Ал тамыры шыққаннан кейін гүлді не істеуіміз керек?

-Енді топырақтан кішкене шұңқыр жасап гүлді отырғызамыз. Содан соң оған су құямыз. Ал енді осы табиғат бұрышымыздағы гүлдерге назар аударыңдаршы, олардың айырмашылықтары бар ма?

– Дұрыс айтасыңдар, бұл гүл «Кактус» деп аталады. Ал мына гүлдің аты «Аспедистро», «Қазтамақ», «Фикус» деп аталады. Осы сияқты әрбір гүлдің өз аты, ерекшеліктері болады. Айтыңдаршы біз гүлдерді не үшін өсіреміз?

– Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар. Тобымызда неғұрлым гүл көп болса соғұрлым ауамыз таза болады екен. Гүлдер жапырақтарына шаң тозаңдарды жинап алып, бізге таза ауаны жіберіп тұрады екен. Сондықтан біз гүлдердің шаңдарын сүртіп, тазартып отыруымыз керек.

Сергіту сәті:

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалам,

Қанатты бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.

Воскобович дамытушы ойыны «Ғажайып гүл»

Мақсаты:  Гүл күлтелерінен әдемі гүлді құрастыру.

Дымбілмес: Рахмет, балалар, сендер әдепті, білімді екенсіңдер.

Бөлме өсімдіктері туралы көп мағлұмат алдым. Енді мен де гүлдерімді күтіп, баптап тұрамын. Сау болыңдар!!!

Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау:

Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?

– Біз қандай бөлме өсімдіктерімен таныстық?

Гүлдің сырт келбеті қандай?

– Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар? Жақсы қатысқан  балаларды мадақтау. Қатыспай отырған балаларды алға тартып ынталандыру.

Қоштасу шеңбері:

Біз ерекше баламыз

Шырқап әнге саламыз

Жақсы оқып оқуды

Ылғи алда боламыз

Осымен біздің «Бөлме өсімдіктеріне» арналған ашық оқу қызметіміз өз мәресіне жетті.

Бағалау және мадақтау.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *