Адамның дүниетанымы
Адамның дүниетанымы
Өмір-теңіз, жүзем онда демеңіз,
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
Дүниетаным дегеніміз-адам санасының қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы және сенімі. Адам дүниетанымының қалыптасуы ұзақ және күрделі үдеріс. Сол себепті ол адам өмірін тұтастай қамтиды, нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім қалыптасады. Осыған адам құндылықтары қосылса тіптен керемет. Неге? Себебі адам өз өмірінде ақиқатты ұстанып, дұрыс әрекеттер жасап, ішкі тыныштықты сақтап қалса, қиянат жасамай, сүйіспеншілікті күнделікті өмірде іс жүзінде көрсету арқылы жеткізуге болады. Ал дәл осы құндылықтар адамның ұлтына, нәсіліне, тұратын орнына байланысты емес және уақытпен өзгермейтін мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар. Адам дүниетанымын мәңгілік жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан тану, шындықтың туын түсірмеу, парасатты біліммен байланыстыру, ұғыну және оны адам игілігіне айналдыру үшін оның бар болмысын ізгілікпен тану.
Дүниетаным қалыптасуына саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар көп эсер етеді. Ғылыми білімдер Дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамның немесе бүкіл топтың қоршаған әлеуметтік және табиғат заңдылықтарын бағдарлау мақсаттарына қызмет етеді. Сонымен қатар, ғылым адамдарды әртүрлі нанымдар мен адасулардан құтқарып, оның шындық болмысты ақыл-ойы арқылы тануына жағдай жасайды.
Болашағына байланысты және өткеніндегі түрлі жағдайларға байланысты адам өзіндік өмірлік қағидаларын енгізеді. Адамгершілік қағидалары мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін құрайды. «Дүниетанымдық іс-әрекетгің» қызығушылығы жеке тұлғаның саналы түрде өмірге, дүниеге деген өзінің қатынасын құру қажеттілік талаптары және оның эмпирикалық немесе эмоциональдық негіздегі ғана емес тәртібі, бірақ ғылыми дүниетаным мазмұнына сүйенуі болып табылады.
Сейдалы Жанна Мейірбекқызы
10-сынып оқушысы
N⁰44 “Сырдария” жалпы орта мектебі