“Әріптес туралы сыр”
Шәкірт жүрегіне білімнің шексіз қазынасы оңайлықпен жайылып сала бермейтінін айқын білетін, қиын да күрделі саланың құндылық қасиетін инемен құдық қазғандай шұқшия зерттеп, талмай ізденуге құмар ұстаздар қауымының еңбегі ерекше екенін баршамыз білеміз. Ұдайы ізденісте жүретін, жүрегінің мейірімі мен білім нәрін шәкіртке арнаған ұстаздардың бірі О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжіндегі әріптесім Сақтағанова Маржан Дүйсалықызы туралы болмақ.
Сақтағанова Маржан Дүйсалықызымен 15 жылдың көлемінде әріптес болып жұмыс жасап келе жатырмын. Бұл кісі туралы айтатын болсам көптеген дүниелер бар, мақаламды Маржан Дүйсалықызының өмірбаянымен бастағым келіп тұр.
Сақтағанова Маржан Дүйсалықызы 1963 жылы 16 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында дүниеге келген.
1989 жылы Қазақ политехникалық институтының «Мұнай және газ кенорындарын игеру, пайдалану және кешенді механикаландыру» факультетін тау-кен инженері; 2019 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін “Технологиялық машиналар және жабдықтар” факультетін бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 1980 жылы №2 Мұнай өндіру цехына «3 разрядты мұнай және газ өндіру операторы» қызметінен бастаған. О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінде 1989 жылдан бері арнайы пәндерден сабақ беріп келеді.
Жалпы жұмыс өтілі – 41 жыл, педагогикалық өтілі – 31 жыл.
М.Д.Сақтағанова республикалық «Мұнай – газ ісі» Оқу-әдістемелік бірлестігінің шығармашылық тобының мүшесі.
Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.
Шәкірт қабілетін жан-жақты дамытып, шығармашылығын, ізденімпаздығын ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Демек, бүгінгі заман мұғалімі қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жан-жақты білімді, жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген, оқушының жан-жақты дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, жұртшылықпен ынтымақтастық орната білген ұстаздардың бірі-Сақтағанова Маржан апайдың бойынан көруге болады.
Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілік танытады. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді. Ғұлама данышпан Әл-Фараби: «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»,- деген болатын. Демек, кәсіби осындай шебер мұғалімнің міндеттік талаптарын осы әріптесімнің бойынан көруге боады.
Сактағанова Маржан Дұйсалықызы «Мұнай газ ісі» мамандықтары бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктің мүшесі. Педагогикалық іс-тәжірибеме сүйене отырып, мынадай оқу-әдістемелік жетістіктерге қол жеткізді:
- 2014 жылы 0809000 – «Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» мамандығы бойынша «Мұнай кәсіпшілік машиналары мен механизмдері», «Мұнай мен газды жинау және дайындау» пәндерінен және өндірістік оқыту және кәсіптік практикалардан үлгілік оқу бағдарламаларын және 0809000 – «Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» мамандығы бойынша интеграцияланған оқу бағдарламасын;
- 2016 жылы 0809000-«Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» мамандығының 080905 2 – «Мұнай және газ өндіру операторы» жұмысшы кәсібі бойынша кешенді тестілеу материалдары;
- 2017 жылы бір-біріне жақын біліктіліктер бойынша білім беру деңгейлерін интеграциялауды есепке ала отырып, модульдік – құзіреттілік әдіс негізінде 0809000 – «Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» мамандығы бойынша өзектендірілген үлгілік оқу жоспары мен бағдарламалары (ҚР БжҒМ 31.10.2017ж №553 бұйрық);
- 2017 жылы «5 дәрежелі «КМ-70/2 жуу комплект технологиялық қондырғы операторы», «Технологиялық қондырғы ператоры», «3 дәрежелі «Бұрғышының көмекші операторы» мамандықтары бойынша қысқа мерзімді дайындау курсының жұмыс-оқу бағдарламасы;
- 2018 жылы «0809000-Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру жүйесі үшін өзектендірілген үлгілік оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша оқу құралы ретінде әзірленген, «Мұнай және газ өндіру операторы біліктілігі бойынша жұмыстардың негізгі түрлерін орындау» біліктілігі бойынша оқу құралын;
- 2019 жылы «Мұнайкәсіпшілік жабдықтарын монтаждау және жөндеу» пәнінен 080400 «Технологиялық жабдықтар мен құбырларды монтаждау» мамандығы бойынша кәсіптік және техникалық білім алушыларға арналған арнайы пән оқытушылары үшін жасақталған Республикалық тестілеу материалдары (орыс тілінде);
- 2019 жылы «Технологиялық құбырларды монтаждау және жөндеу» пәнінен 0804000«Технологиялық жабдықтар мен құбырларды монтаждау»мамандығы бойынша кәсіптік және техникалық білім алушыларға арналған арнайы пән оқытушылары үшін жасақталған Республикалық тестілеу материалдары. (қазақ тілінде);
- 2020 жылы Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне 0804000-«Технологиялық жабдықтар мен құбырларды монтаждау»мамандығы өзектендірілген оқу бағдарламаларымен үлгілік оқу жоспарлары бойынша әзірленген оқу құралын (Біліктілігі «Технологиялық құбырларды монтаждаушы») дайындадым;
- 2021 жылы «07240900 – Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» техникалық және кәсіптік білім беру мамандығы бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өзектендіру (біліктілігі 3w07240901 оператор, 4s07240902 техник-технолог).
«Мұнай кәсіпшілік машиналары мен механизмдері» және «Выполнение основных видов работ по квалификации оператор по добыче нефти и газа» оқулықтарының авторы.
Мен ойымды қорытындылай келе, егер біз бүгінгі оқытушының бойынан осындай сапаларды қалыптастыра білсек, онда бүгінгі қоғамның сұранысына жауап беретін, білікті кәсіби маман даярланатыны сөзсіз. Сонда ғана оның жұмысы нәтижелі, ұжымда белгілі бір мәртебеге қол жеткізеді деп ойлаймын.
Мен үшін оқытушы – мейірімділіктің, ақылдылықтың, шыдамдылықтың және үлкен адамгершіліктің, біліктіліктің эталоны дер едім.
ӘРІПТЕСІМНІҢ НЕГІЗГІ ЖЕТІСТІКТЕРІ:
- «Мұнай кәсіпшілік машиналары мен механизмдері» оқулығының авторы;
- 2014 жылы 0809000 – «Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» мамандығы бойынша «Мұнай кәсіпшілік машиналары мен механизмдері», «Мұнай мен газды жинау және дайындау» пәндерінен және өндірістік оқыту және кәсіптік практикалрдан үлгілік оқу бағдарламалары;
- 2014 жылы 0809000 – «Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» мамандығы бойынша интеграцияланған оқу бағдарламасы;
- 2016 жылы 0809000-«Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» мамандығының 080905 2 – «Мұнай және газ өндіру операторы» жұмысшы кәсібі бойынша кешенді тестілеу материалдары;
- 2017 жылы бір-біріне жақын біліктіліктер бойынша білім беру деңгейлерін интеграциялауды есепке ала отырып, модульдік – құзіреттілік әдіс негізінде 0809000 – «Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» мамандығы бойынша өзектендірілген үлгілік оқу жоспары мен бағдарламалары (ҚР БжҒМ 31.10.2017ж №553 бұйрық);
- 2017 жылы «5 дәрежелі «КМ-70/2 жуу комплект технологиялық қондырғы операторы», «Технологиялық қондырғы ператоры», «3 дәрежелі «Бұрғышының көмекші операторы» мамандықтары бойынша қысқа мерзімді дайындау курсының жұмыс-оқу бағдарламасы;
- 2018 жылы «0809000-Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру жүйесі үшін өзектендірілген үлгілік оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша оқу құралы ретінде әзірленген, «Мұнай және газ өндіру операторы біліктілігі бойынша жұмыстардың негізгі түрлерін орындау» біліктілігі бойынша оқу құралы»;
- 2019 жылы «Мұнайкәсіпшілік жабдықтарын монтаждау және жөндеу» пәнінен 080400 «Технологиялық жабдықтар мен құбырларды монтаждау» мамандығы бойынша кәсіптік және техникалық білім алушыларға арналған арнайы пән оқытушылары үшін жасақталған Республикалық тестілеу материалдары. (орыс тілінде);
- 2019 жылы «Технологиялық құбырларды монтаждау және жөндеу» пәнінен 0804000«Технологиялық жабдықтар мен құбырларды монтаждау»мамандығы бойынша кәсіптік және техникалық білім алушыларға арналған арнайы пән оқытушылары үшін жасақталған Республикалық тестілеу материалдары. (қазақ тілінде);
- 2020 жылы Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне 0804000«Технологиялық жабдықтар мен құбырларды монтаждау»мамандығы өзектендірілген оқу бағдарламаларымен үлгілік оқу жоспарлары бойынша әзірленген оқу құралы .Біліктілігі «Технологиялық құбырларды монтаждаушы»;
- 2021 жылы «07240900-Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» техникалық және кәсіптік білім беру мамандығы бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өзектендіру (біліктілігі 3w07240901 оператор, 4s07240902 техник-технолог).
Әріптесімнің педагогикалық қызметінің нәтижелері келесідей:
♦ «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, 2011 ж;
♦ «Желтоқсан ардагері» медалі, 2011 ж;
♦ «Маңғыстау облысына 40 жыл» медалі, 2013 ж;
♦ Маңғыстау облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы, 2014 ж;
♦ «За вклад в развитие образования» медалі, 2014 ж;
♦ «Жаңаөзен қаласына 50 жыл» медалі, 2018 ж;
♦ ҚР БжҒМ Құрмет грамотасы, 2019 ж;
♦ Жаңаөзен қаласы әкімінің Алғысы, 2019 ж;
♦ «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, 2020 ж
♦ «Патриоттық қозғалыс» Желтоқсан ақиқаты» Республикалық Қоғамдық Бірлестік мүшесі №6/80 куәлік 16.02.2021ж