МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫН ТИГІЗЕТІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС ТӘСІЛДЕР
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫН ТИГІЗЕТІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС ТӘСІЛДЕР
Р.С.Баязова
КМҚК «Ертіс ауылының сәбилер бақшасы» тәрбиешісі
Павлодар облысы, Ертіс ауданы,Ертіс ауылы.
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды деп дана халқымыз бекерден бекер айтпаса керек.(1)
Жаңа заман баласы –ертеңгі еліміздің болашағы.Жас ұрпақты қалыптастырып,дамыту үшін,тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап,мүмкіншіліктерімен қабілетінің дамуына жағдай туғызуымыз керек.Ол үшін педагогтардың білікті шығармашылығымен қоса педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығы жоғары болуы тиіс.Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау әр педагогтің міндеті.(3)
Мектепке дейінгі білім беру стандарты мен бағдарламасы педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.Мектепке дейінгі мекемеде инновациялық-педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып жан – жақты тұлға тәрбиелу.(2)
Біздің мектепке дейінгі мекеменің негізгі мақсаты –балаларға сапалы білім,саналы тәрбие беру арқылы,денсаулығы мен физиологиялық дамуын қорғау және нығайту.Тәрбиеленушілердің білімге деген қызығушылығын,талпынысын арттырып,өз бетімен ізденуге,шығармашылық еңбек етуге жол салуда алға қойған мақсаттарымыздың бірі. Біздің заманымыз жаңа технология мен компьютер заманы.Соңғы жылдары біздің өмірімізге түбегейлі өзгеріс енгізді. Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз,қабылдауы тұрақсыз келеді.Сондықтан олар затты қолмен ұстап,көзімен көргенді ұнатады.Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемесінде инновациялық құралдар,аудио,видео құралдарын қолданамыз.Атап айтқанда балалар аптасына бір рет информатика вариативті компонентіне қатысады.Жас ерекшеліктеріне сай компьютер құрылғыларымен танысады.Сонымен қатар ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерінде аудио,видео жазбаларды проектор,теледидар арқылы тамашалайды.
Қазіргі кезде жұмыс жасап отырған мектепке дейінгі мекемеде қолданылып жүрген инновациялық технология түрлерін атап өтетін болсам:
1.Ойын технологиясы
2.Денсаулықты сақтау технологиясы
- ӨТШТ технологиясы
4.М.Монтессори технолоиясы
5.Тәй-тәй технологиясы
6.Жобалы іс-шығармашылық технологиясы
7.Ақпараттық қатынастық технология
8.Дамыта оқыту технологиясы.
9.Дәстүрлі емес сурет салу технологиясы
10.СМАРТ технологиясы,4К моделі
11.Мурашковский технологиясы
12.Зерттеу ізденіс-шығармашылық технологиясы
Осы технологиялардың кейбіреуін толықтай қолдансақ,кейбіреуін ішінара қолданамыз.Аталған технологиялар мен инновациялық құралдар мектепке дейінгі мекемеде балалардың жас ерекшеліктерін ескерген.Қазіргі таңда балабақшамызда Монтессори технологиясына көп көңіл бөлініп,арнайы бөлме жасақталған.Монтессори технологиясын қолдану арқылы балалардың қол моторикасын дамытып өз беттерінше жұмыстар тақарып,қиыншылықтарды жеңе білуге,еркін ойлауға тәрбиелейміз.Монтессоридің педагогикалық жүйесі көпшіліктің есебі бойынша әлемдегі ең үздің 10педагогиканың бірі болса,көптеген мемлекеттерде таңдаулы педагогика болып есептеледі.Монтессори жүйесінің ес басты принципі:әрбір бала жеке жоспар бойынша арнайы дайындалған ортада жеке өз бетінше дамиды,жетіледі,ал негізгі ұраны: «Мен өзім жасауыма көмектес».Ересек адмның қызметі,ір балаға жеке даму жолын тауып беріп,олардың қабілеттерін ашу.
Инновациялық технологияларды қолданудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым –қатынас арқылы ғана өз жемісін береді.Бүгінгі күн бәсекелестікпен жоғары технологияның,ғылым мен білімнің заманы.Сондықтан оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалану ір педагогтің алға қойған мақсаттарының бірі болуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын енгізу:әдістемелік нұсқаулық,Астана,2013ж
2.Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы,2014ж
- «бала мен балабақша журналы №11,2011жыл
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718