Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» әңгімесіндегі кейіпкерлер әлемі
Білім беру ұйымының атауы | Жамбыл жалпы білім беретін мектебі | |||||||||||||||||
Пәні: | Қазақ әдебиеті | |||||||||||||||||
Бөлім: | Махаббат және абырой | |||||||||||||||||
Педагогтің аты-жөні: | Балтабаева Жумакуль Ахетовна | |||||||||||||||||
Күні: | 07.02.2022 жыл | |||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысушылар саны: 16 | Қатыспағандар саны:0 | ||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» әңгімесіндегі кейіпкерлер әлемі | |||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу. | |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар орындай алады: Шығармадағы кейіпкерлерге тура және жанама мінездеулер бере алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерге дәлелді мысал келтіре алады. Кейбір оқушылар орындай алады: Кейіпкерлер мінездеулерін шынайы өмірмен байланыстыра алады. |
|||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: | ü Шығармадағы кейіпкерлерге тура мінездеу бере алады.
ü Шығармадағы кейіпкерлерге жанама мінездеу бере алады. |
|||||||||||||||||
Тілдік мақсат: | Оқушылар орындай алады: Шығармаға талдау жасау барысында оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым дағдыларын дамыту жүзеге асырылады. | |||||||||||||||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Әже құшағы, өле-өлгенше өз бетімен оқып тоқыған адам, зергерлікті жақсы көрген, ауылдағы келін-кепшікті бір шыбықпен айдайтын адуынды, ертегісіз өскен бала – рухани мүгедек адам. | ||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу: | «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізінде өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікке баулу | |||||||||||||||||
Алдыңғы оқу: | Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесінің идеясы туралы
біледі. |
|||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: | Өзін-өзі тану: өмір құндылықтары, адмагершілік ойлар айтылады. | |||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы:
Қызығушылықты ояту 3 минут
Өткен білімді еске түсіру 4 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Оқушыларға көркем шығарма кейіпкерлері жазылған қиынды қағаздар үлестіреді. Сол кейіпкерлер бойынша 3 топқа бөледі. І топ – «Аналар» ІІ топ – «Аталар» ІІІ топ – «Туыстар»
Үй тапсырмасын сұрау: «Таза тақта» әдісі бойынша тақтадағы стикерлерге бірнеше сұрақтар жазып, іліп қояды және оқушылардан жауап алады.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады.
Бүгінгі тақырыпқа қатысты кейіпкерлерді таңдап алып, ұяны құрастырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын қайталайды. 1/ Қалай ойлайсың, шығарма неліктен «Ұшқан ұя» деп аталған? 2/ Шығармада жазушы өмірінің қай кезеңі суреттеледі? 3/ «Ұшқан ұя» ұлағаты дегенді қалай түсінесің? 4/ Отбасы өнегесінің бала тәрбиесіндегі орны қандай? 5/ Шығарманың тақырыбы мен идеясы қандай? |
ҚБ «Смайликтер»
|
Қима қағаз
|
||||||||||||||
Сабақтың ортасы:
Жаңа білім 10 минут
|
«Түсіндерме күнделігі» әдісі арқылы тура мінездеу мен жанама мінездеуге түсінік береді.
Тыңдалым тапсырмасы (аудиожазба) Мәтінді мұқият тыңдайды.
|
Ø Презентацияны көреді;
Ø Тура және жанама мінездеу туралы өз білгендерін ортаға салады.
Мәтінді үнтаспадан тыңдап, ақпараттарды есінде сақтайды.
|
|
Кесте, презентация,
Видео-аудио, электронды құралдар
|
||||||||||||||
Топпен жұмыс:
5 минут
Ширату жаттығуы: 2 минут
Жеке жұмыс: 4 минут
Дәптермен жұмыс: 10 минут
Бекіту: 2 минут
Үйге тапсырма: 2 минут
Кері байланыс: 3 минут |
1-тапсырма. «Кейіпкерлер әлемі» әдісі. Тыңдалған үзіндіні негізге ала отырып шығармадағы кейіпкерлердің есімдерін образдарымен сәйкестендіріңіз.
Өзіңізді тексер:
«Иә», «Жоқ» әдісі. Бүгінгі өтілген тақырыпқа қатысты бірнеше кейіпкердің есімін дауыстап атайды. Оқушы жауабының дұрыс-бұрыстығын қадағалайды. Ø Бала Бауыржан. Ø Бақытсыз Жамал. Ø Атасы Имаш. Ø Әкесі Момыш. Ø Ғали – оқымысты. Ø Әкесі Момыш оқып- тоқыған адам. Ø Қызтумас әже. 2-тапсырма. «Артығын тап» әдісі. Мәтіндегі үзінділерден артығын алып тастап, тура және жанама мінездеулерді табыңыз.
Мәтіндегі үзінділер: – Әжемнің аты Қызтумас еді. Қартайғанда сары кемпір атанған. Жарықтық аса ажарлы, ақ дидарлы кісі екен. Ондай ару ол кезде ел арасында некен-саяқ. «Ұл біткеннің бәрі қазанның түп күйесіндей әкесіне тартып аққұбаша ажарлы шықты деп отыратын еді, жарықтық. Әжем өзінің ұлдарына өңшең аққұбаша аруларды айттыруға ынтық болған. Соның кесірінен менің әкем Момыш отыз үш жасына дейін салт басты, сабау қамшылы жүріпті.
– Әкемнің кенже інісі мені оң алақанына тік тұрғызып алып, алты қанат үйдің ортасында арлы-берлі жүріп алды. Мен болсам зәре құтым қалмай қорықсам да, тіземді бүкпей қаздиып тұра беріппін. Көкем «Қаз, Қаз» деп өзімен-өзі. Атамның ескі түлкі тымағына отырғызып, мені керегеге іліп қойған да сол көкем ғой. Өзі киізге жайғасып алып, ұзақ уақыт әуестікпен әурелеп еді. -Әкем содан айтыс қуып, әндетіп жүре-жүре отыз үш жасында Байтана руынан Әбдірахманның Рәзия атты қызына үйленіпті. Ол менің шешем еді. Ол кісі мен үш жасқа толар-толмаста қайтыс болған. Анамның қандай кісі болғанын тек әжем мен әкемнің әңгімелерінен ғана білемін.
3-тапсырма. Жазылым. Үзіндідегі бата беру дәстүрі туралы не білесіз? Имаш атаның берген батасының мәніне үңіліп, өз ойыңызды түйіндеп жазыңыз?
Өзіңізді тексеріңіз! Бата беру халқымыздың ежелден келе жатқан қасиетті дәстүрлерінің бірі. Ақ тілек айту, жылы пейіл – ықылас білдіру, шын жүрегінен шыққан лебізді жеткізу – ата-бабаларымыздың өсиетнамасы, адамгершілік аманаты. «Бата – сөздің анасы», «Атаңнан бота қалмаса да, бата қалсын» – деген сөздер тегін емес. Шығарманың көркемдік – идеясы да осы қазақ халқы ұрпақтарының ата мен әженің тәрбиесімен, бата тілегімен өсіп-өркендейтінін көрсетуінде жатыр. Имаш ақсақалдың да ауылдың небір аузы дуалы ақсақалдарын жинап балаға бата сұрауы жақсы ниет, тілектің қабыл болатынына сенгендіктен. Дүниеге жаңа келген нәресте Бауыржанға Имаш атасының берген батасы қабыл болып, тұла бойына толығымен дарыды деп айтуға болады. Елінің тірегі зор еді – Шырағы болсын құлыным. Ата тілегі оң еді – Құмары болсын, құлыным. Бұл жер батырлар төрі еді – Сыңары болсын құлыным – деген осы алғашқы Имаш атасының батасы Бауыржан Момышұлы өміріне өнеге болды. Шындығында, батырлық жазушының тал бесігінен бастау алды. Кейін Бауыржан атасы армандағандай, елінің шырағы, батырлардың жалғасы болды.Ұлы тұлға өз өмірінде осы ата тілегінің бәрін түгел іске асырды десек те болады.
«Сұрақ – жауап» әдісі. 1. Тура мінездеу дегеніміз не? 2. Жанама мінездеу дегенді қалай түсіндіңіз? 3. Шығармадан қандай ұлттық көріністі байқадыңыз?
«Ұшқан ұя» повесі бойынша түсінгеніңізді саралай отырып, әдеби эссе жазыңыз
«Табыс ағашы» әдісі. Түрлі-түсті стикерлер беріледі.
|
Айтылым
Мәтінді тыңдайды, тақтада берілген кесте бойынша кейіпкерлерге берілген мінездемені сәкестендіреді.
Дескриптор Білім алушы:
-Кейіпкерлер образын түсініп оқиды; -Кейіпкерлердің есімі мен образдарын сәйкестендіреді.
Оқушылар өз жауаптарының дұрыс-бұрыстығын тексереді.
Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдай отырып бүгінгі өтілген тақырыпқа қатысты сөздер айтылса «иә» деп қол көтереді, тақырыпқа сай емес болса «жоқ» деп жауап береді.
Оқушылар берілген үзінділердің артығын алып тастап, жанама және тура мінездеуге жататынын атап көрсетеді.
Дескриптор Білім алушы:
-Үзіндіні оқып, артығын алып тастайды; -Тура және жанама мінездеулерді табады.
Оқушылар берілген үзіндіні негізге ала отырып өз ойларын дәптерге жазады.
Дескриптор Білім алушы:
-Үзіндіні түсініп оқиды; – Бата беру дәстүрі туралы білгенін жазады – Батаның мәніне үңіліп, өз ойын түйіндеп жазады.
Оқушылар сабақта не құнды, не қызық, не қиын болғандығы туралы жазып, «Табыс ағашына» орналастырады.
|
ҚБ
«Бас бармақ» әдісі
ҚБ «3 шапалақ» әдісі
Орташа жауап – 1 шапалақ; Толықтыруды қажет етеді – 2 шапалақ; Толық жауап – 3 шапалақ.
ҚБ «Смайликтер»
ҚБ «3 шапалақ» әдісі Орташа жауап – 1 шапалақ; Толықтыруды қажет етеді – 2 шапалақ; Толық жауап – 3 шапалақ.
|
Кесте, презентация
Қазақ әдебиеті 8-сынып
«Табыс» ағашы, стикерлер
|