“Берік отбасы – есірткіден алыс”

«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған  байқауға»

Берік отбасы – есірткіден алыс!

Құрметті қауым,замандас,жас жеткіншек! Қоғамның аса ауыр дерті,өзекті мәселелердің бірі-есірткі.Біз-Жолдасовтар әулеті «Берік отбасы – есірткіден алыс!» ұранымен үндеу жариялап отырмыз. Отбасы –шағын мемлекет, мағынасы терең, мәні зор ұғым. Берік отбасын құру үшін, адамға үлкен төзімділік пен шыдамдылық керек. Отбасының негізін қалаушы адамдар зиянды яғни арақ, темекі,есірткі сынды заттардан аулақ болса,міне бұл отбасында береке де бірлік те болады.

Мен Пушбакбаев Серик Жолдасулы,жарым Каржауова Анар Кумисбеккызы, екеуіміз  2  қыз, 2  ұл тәрбиелеп жатырмыз. Сүп-сүйкімді балапандарымыз ақылды, ортасында оқ бойы озып шығатын қатарының алды болып өсуде. Балаларымыздың сабақтарын, тәлім-тәрбиесін біз өте қатты қадағалаймыз. Олардың болашақта жақсы тұлға, жақсы маман болып өсулері үшін барлық жағдайды жасаймыз. Балаларымыздың жоғарыда аталған зиянды заттардан аулақ болуы үшін оларға үнемі ескертіп, саналарына құйып отырамыз. Балаларымызға өмірдің адамға берілген ең үлкен сый екендігін үнемі айтамыз. Адамның отбасының ортасында мәнді де сәнді әрі ұзақ өмір сүруінің кепілі әрине ол – денсаулығымен байланысты. Денсаулық – адам баласы үшін құнды жәдігер іспетті.Мен сіздерді құнды қазынамызды лас нәрсеге айырбастамай,салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын!

Мен ана ретінде балаларымның ішетін асы,тазалығы мен тәртіптеріне аса назар аударамын.Бос уақыттарын пайдалы іске жұмсауы үшін арнайы үйірмелерге қатыстырамын. Салауатты өмір – денсаулық кепілі. Бұл біздің қағидамыз.Зиянды заттардан яғни ішімдік,шылым,есірткіден аулақпыз.Жалпы қазіргі таңдағы өзекті мәселе – есірткі.Есірткі сөзі ағылшын тілінен аударғанда – ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді екен. Есірткі дегеніміздің өзі сол жансыздандыруға әкелетін зиянды бір зат. Есірткі – адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзады екен. Адамды есінен алжастырып, оны бейшара  халге түсуге дейін апарады. Адам есірткіні қолданғанда ең алдымен мінезінде өзгерістер орын ала бастайтындығын психолог мамандар дәлелдеген. Құрметті қыз-келіншектер,сіздерді зиянды заттардан аулақ болуға шақырамын. Бір қолымызда сыра,бір қолымызда шылым емес, біз аналар бір қолымызбен әлемді,бір қолымызбен бесікті тербеткен жандар екенімізді ұмытпайық!!!

Мен Жолдасова Аяжан,Байқоңыр қаласындағы № 275 орта мектептің 7 «В» сынып оқушысымын. Қазіргі таңда электронды темекіні пайдалану оқушылар арасында да өршіп жатқаны мәлім.Осы орай да мен де өз замандастарыма кішкене үндеу жариялағым келеді. Мектеп қабырғасындағы достарым! Болашақ біздің қолымызда,ата-анамыздың сенімін,білім нәрін беріп жатқан ұстаздарымыздың үмітін зиянды заттарға айырбастамайықшы!

Біз Жолдасовтар отбасы «Берік отбасы – есірткіден алыс» ұранын нық ұстана отырып,есірткісіз өмірді қолдаймыз!

 

#есірткігеқарсы #противнаркотиков

Байқоңыр қаласы №275 орта  мектеп

Жолдасовтар отбасы

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *