Тәуелсіздік тұғырым
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым»
Мақсаты: Балаларды Отан сүюге, Қазақстан Республикасының рәмәздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. Сөйлеу мәнері қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау.
Керекті құралдар: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы, әнұраны және тағы басқа кітапшалар
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық | Әнұран
|
Балалар дөңгелене тұрып бәрі бірге әнұран орындайды |
Ұйымдастыру – іздестіру | – Қазір жылдың қай мезгілі?
– Қыс айларын айтайық?
Біздің еліміз қалай аталады? Дұрыс айтасыңдар.Баллар ерте кезде біздің елімізді хадар, сұлтандар, билер басқарған. Біздің еліміз Ресеймен бірге болған, елімізді Ресейдің Президенті басқарған. Ал қазір өзіміздің Президентіміз басқарады. Балалар сендер білесіңдерме қазір біздің Президентіміз кім? Мен қазір сендерге Желтоқсан оқиғасы туралы қысқаша айтып беремін. 1986жылы Желтоқсан оқиғасында Ербол Сыпатаев, Қайрат Рұсқылбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұханбетжанова тағы басқа жап – жас аға-апаларымыз құрбан болды. |
– Қыс
– Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан – Қазақстан
Қасымжомарт Тоқаев |
Содан бері 30жыл өтсе де бұл азаматтарды ұмытпай әр жыл сайын басымызды иіп, еске аламыз. Өздері өмірлерін қисада, арттарында өшпес із қалды. Олардың арман тілегі орындалды. Қазір біздің еліміз тыныш, жақсы өмір сүріп жатырмыз. ҚРда 2017 жылы Бүкіл Дүние Жүзілік ЭКСПО көрмесі өтті. Біздің еліміз дамыған елдер қатарына қосылды.
Ғажайып сәт Есік қағылады. Есіктің қасына сиқылы қорапша қойып кетеді.
Есімізге түсірейікші Туымыздың түсі қандай? Мына суреттерде не бейнеленген? Көк ашық аспанды білдіреді. Қыран құс еліміздің тыныштығы мен тәуелсіздігін білдіреді. Ою-өрнек қазақ халқының өнерінің, шеберлігінің белгісі. Балалар ал мынау не? Дұрыс бұл ҚРның ел таңбасы. Шаңырақ Қазақстан атты үйіміздің жарық түсетін саңылағы. Арғымақ-Еркіндіктің белгісі. Масақ-тоқшылықтық белгісі.Жұлдыс –жол сілтеуші жарыөқ белгі.
Сергіту сәті: |
Сиқырлы қорапшаның ішіндегі тапсырмаларды орындайды.
– Көк
– Ту
– Елтаңба
Көк байрақ желбіре, Асқақтап аспанда. Жас ұлан ел – бірге Сап түзе, жасқанба |
|
Тыныс алу жаттығуы: |
Балалар тыныс алады |
|
Рефликсифті – түзетушілік | Қорытындылайды
– Балалар бүгін біз не туралы айттық? – Туымыздың түсі қандай? – Туымызда не бейнеленген? |
– Желтоқсан оқиғасы туралы – Көк – Қырын құс, ою, күн бейнеленген |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Желтоқсан оқиғасы туралы.
Білу керек: Ту, Елтаңба, Әнұран
Істей білу керек: Тапсырманы дұрыс орындауды, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруді, заттарды сипаттауды, қорытындылауды.