«Мәңгілік ел» немесе «Рухани жаңғыру» философиясы

Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Филология факультеті

Шет тілі:екі шетел тілі мамандығы

1 курс магистранты

Иманжан Лаура

Доцент

Жанатаев Данат Жанатович

 

«Мәңгілік ел»  немесе  «Рухани жаңғыру» философиясы  

Бүгінгі таңда әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Әлемнің бағыты, болашағы тұманды болып тұрған сәтте, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы елді жарқын болашаққа бастайтын даңғыл жол болмақ.

Рухани жаңғырудың негізі – халықтың, жеке адамның тұлғаға айналуы. Әр заманның өз міндеті, ұрпаққа қояр талабы бар демекші, мемлекеттің дамуы – ұрпақтың уақыт талабына сай бейімделіп, мәдени ортаға қалыптасуға деген ұмтылысына байланысты.

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі жан дүниесінің жаңғыруы, санасы, түсінігі жаңа өзгерістерді саралап, дұрыс қабылдай білуінде. Рухани жаңғыру бастауын бүгін алған мәселе емес. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес.

Қазір білектінің емес, білімдінің салтанат құрған уақыты. Табысты болудың кілті – білімде. Саналы ұрпақ тәрбиелеп, білім беру – Елбасы саясатының басты және негізгі бағыттарының бірі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылуы, елімізде жоғары деңгейде бірқатар университеттердің  ашылуы, зияткерлік мектептер жүйесінің қалыптасуы білім беру саласындағы жетістіктің нақты көрсеткіші бола алады.

Ежелден ұлы дала қойнауын мекен еткен халқымыз қашан да көзі ашық, көкірегі ояу болған. Заман ағымынан қалмай, басқалардың оң өзгерістерін бойына сіңіріп, өзге елдермен терезесін тең ұстауға тырысқан. Дана Абай айтқандай, дүниеден өз тетігін тауып, қаланған.  Демек, бабалардан мирас болып, қанымызға сінген ұлттық – рухани тамырымыздан нәр алып, заман талабына сай қоғамдық санамыздың өзгеруі заңды құбылыс. Жаһандану үдерісі барысында өткен тарихымызды ұмыту, өткенімізден қол үзіп қалу адасудың басы болмақ. Дегенмен, дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тозығы бар екенін ескеріп, кері тартпа көзқарастардан арылудың маңызы зор.

Елдің жарқын болашағы білімді жастардың қолында. Осы тұрғыда ұстаздарға қойылатын талап та жоғарылады. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, алған білімін шынайы өмірмен ұштастырып, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, эконoмика кеңістігіне шығуға, яғни қaтаң бәсекe жағдайында өміp сүруге тәpбиелеуі керек. Ол нaғыз ұстaздың ғана қoлынан келеді.

Ел дамуы білім мен бірлікте. Елбасы Н. Ә. Назарбаев айтқандай: «Қазақстанның бүгіні мeн бoлaшағы – хaлқымыздың ынтымақ – бірлігінде, ырыс – құтты   тірлігіндe». Бізге керегі бірлік пен ұлтаралық татулық. Бірлік бар жерде тірлік бар, даму бар. Қонақжай халқымыз қай кезде де тілің басқа, дінің басқа деп алалап, өзектен теппеген. Керісінше, өзгені өзіндей көріп, төрінен орын берген.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы мәселелердің барлығы дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асуына әр біріміздің өз міндетіміз бар екенін түсінеміз. Әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат еткен еліміздің болашағы жарқын боларына сеніміміз мол.

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.  Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.

 

Рухани жаңғырудың негізі – халықтың, жеке адамның тұлғаға айналуы. Әр заманның өз міндеті, ұрпаққа қояр талабы бар демекші, мемлекеттің дамуы – ұрпақтың уақыт талабына сай бейімделіп, мәдени ортаға қалыптасуға деген ұмтылысына байланысты.

Рухани жаңғырудың бірнеше бағыттарын атап өтсек:

  1. Ұлттық бірегейілікті сақтау.

Ұлттық жаңғыру – ұлттық сананың кемелденуі. Бірінші, Елбасымыз айтқандай “жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты ұлттық кодты сақтай білу.”  Ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – ұлттық болмыстың өзегін сақтау, өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту.

  1. Бәсекелік қабілет

Ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықтағы бағасы, өзгелерден сапасымен ұтымды дүние ұсынуға қабілеті. Заман талабына сай тұтас халық қана емес,жеке адамның өзі бәсекелік қабілетін арттырып, табысқа жетуге мүмкіндік алады.

  1. Прагматизм

Өзінің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, сол байлықты үнемдей отыра қолдана білу. Болашақты жоспарлай отыра, ысырапшылдық пен даңғойлық қасиеттерге жол бермеу. Білім алуға, мақсатқа жетуге, кәсіби тұрғыдан жетілуге деген ынта ықылас, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану мінездің прагматизмі. Заманауи әлемдегі бірден-бір үлгі.

  1. Білімнің салтанат құруы

Біздің қанымызда бар қасиет – білімді болуға ұмтылу. Табысты болудың басты факторы – білім. Жыл өткен сайын, біз жүрісі жылдам дамыған дәуірге аяқ басып келеміз. Сондықтан, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт биік табыстарға жетеді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауында  Тәуелсіз Қазақстанның дамуының жарқын үлгісін және  нақты қадамдарын  анықтап көрсетіп берді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

Тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз.  Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік.   Осы өнегені, ұлт сүйгіштік, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып саналады.  Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр.

Кезінде әлемді билеген Шыңғыс ханның баласы  Жошы:

— Ұлы мәртебелі әлем әміршісі хан қандай болу керек ?-деп сұрапты. Сонда Шыңғыс хан: «Хан халқының көңілін табу үшін ақылды, ал халқы ханның көңілін табу үшін тақымды болу керек» — деп жауап беріпті. Шыңғыс ханның дәріптеп айтып отырған ханы,  бүгінде өз тәуелсіздігін алып, жетекші елдердің қатарына ілігіп, өз ойын ашық айта білетін демократиялы елдің азаматтары мен азаматшаларын тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп отырған — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты көрсеткендей. Еліміздің қай салада болмасын қарыштап дамуы үшін Елбасының халыққа арнаған жолдауларының көмегі көп.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпы ұлттық идеясы- болашақ табыстардың негізі екені баса айтылады. Сондай-ақ, ең бастысы- еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін  білімділік пен ұлттық идеясы жарияланған болатын.

Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп,осы жолда бар әлеуетімізді салсақ,  елдің руханияты мен жасалған басты қадамдардары нақтылытын болады.Даму үстінде шарықтаған жеріміздің мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенуге болады.     Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Болашағы мен бағыты анық, рухы өр» ел боламыз. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.

Тарих өткен шақпен, адами жадымен және әлеуметтік еспен байланысты болғандықтан, бұған төл тарихты тану арқылы қол жеткізуге болады. Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді.  Келешек қамына алаңдайтын болсақ, әуелі білім мен ғылымды дамытудан бастау керек екені сөзсіз. Бұл ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген  ұғымды білдіреді. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс деп түсу керек.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру керектігіне қайта тоқталып, «Қоғамдық сана жаңғырудың» негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман талабына сай төтеп беруімізге керекті нақты жобаларды жүзеге асыруымыз керектігін міндеттеп отыр.Бұл тақырып қоғам талқысында оң өзгеріс тауып,көпшілік назарын аудартып отыр. Өйткені мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктететін, қолданыс аясын барынша арттыратын латын әліпбиіне көшуді белгіленген мерзім аралығында жүйелі түрде жүзеге асыру – ортақ міндетіміз дер ұғынуымыз керек.

Бүгін жаңғыруды тек дамушы елдер ғана қажет етпейді, дамыған елдер де үздіксіз өзгеру үстінде, әсіресе ұлттық дамудың тиімді үлгілерін іздеу жолында жүр.

Адам табиғаты тек тиімділік пен ұтымдылықты негізге ала бермейді. Адамға ең алдымен рухани негіз керек. Біздің ұлттық болмысымыз, мәдениетіміз бен санамыз ұзақ уақыт тұмшыланған күйде болды. Өткен жылдар туралы мәлеметіміздің көпшілігі қате болып шықты.

Елбасы айтып отырған әлеуметтік сананың жаңғыру ескі сананың қалдықтарын жойып, ескіліктен арылуды меңзейді.

Бүгін тек идеологиялық бағдарлама ғана емес, қоғамдық-гуманитарлық саладағы зерттеушілер мен оқымыстылар үшін олардың тәжірибелік жобаларын іске асыратын жаңғырған платформа ауадай қажет.

Елбасының мақаласында латын әрпіне сатылап көшу, қазақ тілінде 100 жаңа оқулық шығару, «Туған жер» бағдарламасы, Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары, әлемдік кеңістіктегі қазақ мәдениеті туралы мәселелер кең қамтылған.

Елбасының бұл мақаласы үдемелі қоғамда өмір сүргісі келетін әлеуметтің сауалына берілген жауап. Тарих бізге жаңару және жаңа идеяларды жүзеге асыру арқылы өзіміз өмір сүргіміз келетін үдемелі қоғамды өзіміз құруға мүмкіндік беріп тұр.

Біріншіден жазу, әліпби ауыстырудың үлкен саяси мәні бар мәселе. Оны дұрыс түсіну қажет. Екінші жағынан бұл тек қана саясат емес, бұл — тілдің таза лингвистикалық мәселелерді шешу үшін керек. Әлемдегі ең дамыған ғылыми және әдеби туындылар осы әріптермен жазылатындықтан, жаһандық өркениетке жақындауға зор мүмкіндік туатыны да, ана тіліміздің мәртебесін асқататыны да анық.

Қазақ елінің Тәуелсіздігінің бір тұғыры — ана тілі. Ел тәуелсіздігінің арқасында Қазақстан мемлекетінің Ата заңында қазақ тілі мемлекеттік тіл атанды. Бүгінгі күнгі басты мақсат пен мүдде де мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, оның қолданылу аясының кеңеюіне бағытталған.Қазақстанда жазу реформасының мәселелері тәуелсіздік алған сәттен бастап көтерілді. Қоғамда бұл мәселенің мемлекеттік деңгейде бірнеше рет Елбасының, зиялы қауым өкілдерінің, ғалымдардың түрлі жиындарда өзекті мәселе ретінде сөз қозғауы оның маңыздылығын арттыра түсті. Елбасы 2006 жылғы қазан айында Қазақстан халкы Ассамблеясының отырысында сөз сөйлей отырып, алғашқы рет коммуникациялық кеңістікте латын әліпбиінің айрықша үстем рөлін ерекшелеп өтті.

2012 жылғы желтоқсан айында Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауында қазақ әліпбиін латындандыру тақырыбын жаңдандырып, 2025 жылдан бастап оны латын графикасына көшіруге тапсырма берген болатын. «Біздің балаларымыздың болашағы үшін біз осы шешімді қабылдауға тиіспіз, — деді ол, — және бұл біздің әлеммен бірлесуімізге, балаларымыздың ағылшын және интернет тілдерін терең меңгерулеріне жағдай жасайды және ең бастысы — бұл қазақ тілін жаңғыртуға серпін береді.

Бүгінгі таңдағы Қазақстан жайында оқушылардың рухани азаматтық сезімін қалыптастырудың, адамгершілікке негізделген ұлтаралық береке, бірлікті, ынтымақтастықты, бейбітшілікті нығайтудың маңызы зор. Осыған байланысты оқу- тәрбие үрдісінде оқушыларды отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа, елін, жерін қорғауға, шыншылдыққа тәрбиелеу керек. Қазіргі жағдайда рухани — азаматтық тәрбиенің өлшемдік көрсеткіштері:

  • Өзін-өзі мемлекеттің азаматы ретінде сезінуі;
  • Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің болуы;
  • Мемлекеттік рәміздер мен халықтың дәстүрлерін білу;
  • Халықтың өткен тарихын білудің қажеттілігі;
  • Қазақ халқының әдет-ғұрыптарын сақтау, мәдениеті мен дәстүрлерін зерделеу қажеттілігі болып табылады.

Тәрбиенің жалпы негізі рухани — азаматтық құндылықтары болуы керек. Рухани — азаматтық құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым — қатынас кезінде бала бойына даритыны белгілі.Сондықтан   мұғалімнің басты мақсаты — өзіндік рухани — азаматтық құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту. Мектептегі, сабақтан тыс уақыттағы біздің ісімізді жалғастыратын жеке тұлға болып табылатын оқушыларды рухани — адамгершілікке, азаматтық жүйеге тоғыстыру. Мектеп қабырғасында жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған шәкірт өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге, рухани адамгершілік әдетке, азаматтық мәдениетке баулу керек. Сол кезде жас ұрпақ елі үшін қызмет ететін, имандылық қасиеттерді жақсы білетін азамат болып  өседі. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. «Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа…» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің қоғам алдындағы борышымыз.

Осы орайда, ең әуелі атап өтерлік оқиға – Елбасының бағдарламалық мақаласында атап өтілген басым бағыттарды айқындап, оның іске асырылу тетіктерін қамтамасыз етумен бірге, жоспарланған жұмыстарды жүйелендіру, бағдарламаны іске асыруды әдіснамалық және талдамалық сүйемелдеу, өңірлік жобалық офистердің қызметін үйлестіру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі №225 қаулысымен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты құрылған болатын.

«Бұл институттың басты міндеті – заманауи бәсекеге қабілетті қазақстандық қоғам құру барысында, осыған қатысты барлық құрылымдарды ғылыми және әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеп, ғылыми негізделген тұжырымдамамен қамтамасыз ете отырып, бағдарламада көрсетілген 6 бағыт пен 17 түрлі жобаны жаңғыртудың стратегиялық тәсілін әзірлеу және қатысушыларды әдістемелік жұмыспен қамтамасыз ету, олардың құзыреттілігін арттыру», дейді институттың басқарма төрағасының орынбасары, саяси ғылымдар докторы Әсем Қайдарова.

Осы орайда, жоғарыда атап өтілген алты бағытқа жеке-жеке тоқталар болсақ:

Прагматизм – ұлттық және жеке ресурстарды нақты білу, оларды үнемді жұмсау, өз болашағын жоспарлай білу, ысырапшылдықтан, менмендіктен бас тарту;

Бәсекелік қабілет – ұлттың аймақтық және әлемдік нарықтарда материалдық қана емес, сонымен қатар жоғары сапалы зияткерлік өнімді ұсына білу қабілетін арттыру;

Білімнің салтанат құруы – «білім – болашақта табысқа жетудің ең іргелі факторы» атты идеяны дәріптеу;

Эволюциялық даму – қоғамның бейбіт, зорлық-зомбылықсыз қайта құрылуы;

Сананың ашықтығы – бұл сананың үш ерекшелігін білдіреді. Атап айтқанда: күллі әлемде не болып жатқанын түсіну; жаңа технологиялық ағым әкелетін өзгерістерге дайын болу; өзгелерден үйрене отырып, олардың тәжірибиесін қабылдау;

Ұлттық бірегейлікті сақтау – ұлттық сана шеңберіндегі өзгеріс және оның кейбір белгілері өзгерген кезде ұлттық «мендік» ішкі өзекті сақтай білу.

Жоғарыда атап өтілген алты бағыт әрбір қазақстандықтың бойында болуға тиіс қасиеттерді дамытуға бағытталған. Осы орайда бұл алты бағытты жүзеге асыру мақсатында 17 жоба қарастырылған. Олар: «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «100 жаңа есім», «Қазақ тілін латын әліпбиі графикасына көшіру», «Ауыл – ел бесігі», «Архив-2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» және прагматизм, сананың ашықтығы бағыттарының жұмысын жандандыру мақсатындағы арнайы төрт жоба: «Үнем – қоғам қуаты», «Дәстүр мен ғұрып», «Еңбек – елдің мұраты», «Құқықтық мәдениет» тақырыптары қосылып отыр.

 

Енді басты сұрақ, рухани-ағарту тұрғысынан қандай жетістіктерге
жол ашылды?

Бағдарламаның тағы бір маңызды тетігі – қазіргі заманғы қазақ мәдениетін әлемдік алты тілге аудару арқылы жаһанға таныстыру жобасы. Осы орайда бүгінгі қазақстандық қайраткерлердің әдебиет, гуманитарлық ғылым саласындағы үздік туындыларын, суретшілердің, музыканттардың, мүсіншілердің шығармашылық жұмыстарын әлемге таныстыру жұмысы Бағдарламаның негізгі нысанасына айналып отыр.

«Бұл еліміздің шығармашылық интеллигенциясы алдында ашылған зор мүмкіндік һәм үкімет тарапынан көрсетілген үлкен қолдау», дейді «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшылары.

Нақты айтар болсақ, «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру» жобасы бойынша төрт жыл ішінде өңірлерде 5 млн-нан астам адамды қамтыған 25 858 іс-шара өткізілсе, биылғы жылдың 28 қаңтарында Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның кезекті отырысына латын әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды. Жетілдірілген әліпби қазақ тілінің 28 дыбысын толық қамтитын латын әліпбиінің базалық жүйесінің 31 символына негізделіп жасалды.

Сондай-ақ «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында төрт жыл ішінде өңірлерде 1,7 млн-нан астам адамды қамтыған 3 465 іс-шара өткізілсе, осы аралықта «Философия», «Мәдениеттану», «Маркетинг», «Экономика», «Педагогика және психология», «Әлеуметтану», «Тарих», «Дінтану», «Кәсіпкерлік негіздері және дінтану»,  «Стартаптар» және тағы басқа ғылым салалары бойынша: 2017 жылы – 17, 2018 жылы – 30, 2019 жылы – 30, 2020 жылы 23, барлығы 100 оқулық аударылып отандық білім беру процесіне енгізілді.

Сонымен қатар аударылған оқулықтар 100kitap.kz сайтына орналастырылып, қазақ және орыс тілдеріндегі бейнекурстары 77 оқулық негізінде www.OpenU порталы құрылды. Әр оқулыққа еліміздің үздік жоғары оқу орындары профессор-оқытушылық құрамынан бейнекурстар әзірленді. Бейнекурстар 25-40 минут көлемінде 25 дәрістен тұрды. Курстың соңында дәрістердің мәтіндік транскрипті, тест тапсырмалары, рефлексияға арналған тапсырмалар және қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылады.

Бүгінгі таңда жоғарыдағы OpenU сайтына 88 мыңнан астам адам пайдаланушы ретінде тіркелсе, онлайн оқыту платформасының серіктестері ретінде 132 университет пен 158 колледж танылып отыр.

Ал «Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасы бойынша төрт жыл ішінде өңірлерде 1,8 млн-нан астам адамды қамтыған 3 398 іс-шара өткізілді. Жобаға 6 мыңнан астам адамнан өтінім қабылданды. Бұл тізімді әр жылға бөліп көрсетер болсақ: 2017 жылы – 2112, 2018 жылы – 2388, 2019 жылы 1673 адам қамтылып, жалпыхалықтық онлайн-дауыс беру арқылы 163 жеңімпаз анықталды (2017 жылы – 102, 2018 жылы – 29, 2019 жылы – 32). Жоба жеңімпаздары рухани-ағарту саласында да өзіндік үлестерін қосып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *