Тәуелсіздікпен қатар туған озық жоғары білім тұғыры – Тұран!

PHD доктор, аға оқытушы Джумабаева Карлыгаш

Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Отыз жыл ішінде
Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы
ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16
желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы,
салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы қалыптасты.
Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы
мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып
бой көтердік. Біз отыз жыл тәуелсіздік жылдарында қаншама салада
өзімізді әлемге таныта білдік. Спорттағы саңлақтарымыз олимпиадаларда
топ жарып, қазақ елінің көк туын желбіретіп, әнұранын әлем көгінде
шырқалтып жатыр. Конфуций “.. Егер 100 жылдығыңды ойласаң ұрпақ
тәрбиеле!” деген екен. Сол секілді білім саласында да біздің шыққан
биігіміз аз емес. Тәуелсіздік жылдары еліміз білім мен ғылымда ауыз
толтырып айтарлықтай дәрежеде жетістіктерге жетті. Білім деңгейіміз
әжептеуір дәрежеде өсіп білім шыңдарын бағындырып жатырмыз.
Жастардың барлығы қазіргі таңда көптілді білуге және жан-жақты дамуға
ұмтылып әрекет жасап жатыр. Біздегі “Болашақ” бағдарламасының өзі
білімді жастарды көбейту, жастардың жан-жақты білім алып, еліміздің
дамуына үлес қосулары үшін жасалып жатқан мүмкіндіктердің бірі..
Мысалы, жақында ғана әлемнің ең ақылды адамдарының қатарына кірген
Димаш Әділет бауырымызды да тәуелсіздік жылддарындағы жасалған
білім алуға деген мүмкіндіктердің нәтижесінде осындай биік мәртебеге ие
болып отыр деп әбден айта аламыз. Тәуелсіздік пен білім ұғымы бірбірімен астасып жатқан екі қайнар бұлаққа ұқсайды. Білім еркіндікке жол
ашатын қақпа болса оған әрі қарай енуіміз үшін тәуелсіздіктің маңызы зор.
Қаншама, ұлт зиялыларымыз еркіндіктің жетпеуінен қаншама халықтың
білім атты бұлақтан нәр ала алмағандығына, сауатсыздықтың шырмауында
қалып қойып жатқандығына іштей қынжылып, келешек ұрпаққа білім
алуды өсиет етіп қалдырған. Қазақ елі тәуелсіздігімізді алғанымыздан
бермен қарай Елбасымыздың бастауымен білімге аса зор назар салынып
келе жатыр. Білім мен ғылым кез келген мемлекеттің даму, өркендеу
көрсеткіші. Сондықтан да Тәуелсіз Ел атанған алғашқы күннен бастап
білім, ғылым саласын әлемдік өркениет талаптарына сай сапалық жағынан
жақсарту мақсатын қойды. Бүгінде осы талап биігінен көрініп, елімізде
білім, ғылым салалары айрықша даму жолына түсті.Тәуелсіздік бұлкөптеген мүмкіндіктерді сыйлаған шексіз нығмет. Әрқашан біз сол ең
үлкен нығметтің қадірі мен қасиетіне жете алуымыз керек. “Мен отыз жыл
бойы халқымды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай,
қайраңға қалдырмай, әлемдік өркениеттің алдыңғы шебіне, дүниедегі ең
дамыған елдер қатарына қосуға еңбек еттім”-дейді елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаев. Әрине, тәуелсіздіктің ең үлкен тартуы білім алуға шексіз
мүмкіншілік десек, оның ішіндегі әсіресе білім ордалары. Қазіргі таңда
елімізде атап айтарлық білім ордалары өте көп. Кез-келген білім алушы
өзінің арманындағы жерге барып білім алуына әбден болады Бірақ та
тәуелсіздікпен қатар ашылып, алғашқы егемендік жылдарында өз бетінше
жастардың білім алуына жағдай жасай бастаған білім ордалары көп емес.
Сол білім ордаларының бірі бірегейі ол-Тұран университеті! Білім тұғыры
болған Тұран университеті тәуелсіздікпен тұспа-тұс ашылып жастарға
еркіндіктің лебін сезініп, білімге ұмтылуға шақырушы университеттердің
бірі болды.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *