Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғау – көпшіліктің ісі.
Адамзат баласы өзінің керек жарақтарына табиғатты пайдалана отырып, оған тигізіп жатқан зардаптарына да мән бере бермейді. Сонда біз тек қана өзімізді ойлап, келешек ұрпақтың өміріп ойламай жатқандығымыз деп түсінсе болады. Біз барлығымыз да табиғаттың бір бөлігі болып табылатынымызды ұмытпауымыз керек. Сондықтан қателіктер жіберуге болмайды. Адамзат өркениеті біздің планетамыздың қоршаған ортасына көп уақыттан бері зардабын тигізіп келеді. Ежелде адамдар ауылдық жағдайда тұрғандықтан одан шыққан қалдық зат табиғи болған. Ал, қазіргі таңда кәсіпорындар көбейгендіктен табиғатпен бір болып кете алмайтын улы қалдықтар шығарылып жатыр. Мысалы, шыны, пластик және т.б. Олардарға күнделікті тұрмыста өте қажет зат болғанымен табиғатқа кемшілігін тигізеді. Осындай пластиктерден тұратын қалдықтарды көруге болады. Олар суқоймаларға, аңдар мен жануарларға зардабын тигізуі мүмкін.
Сонымен бірге суаттарға ағызып жіберетін химиялық тыңайтқыштар мен препараттар құстар мен балықтарға зардабын тигізеді. Көптеген зауыттар өздерінің жұмыс жасау салаларында зиянды қалдықтарын ағызып жіберуді жөн көреді. Зауытқұбырларынан, транспорттардан шыққан түтін басым болып кетті. Осының барлығы қышқылды жаңбыр пайда болуына ықпал тигізіп, ауа мен топырақтың ластануына алып келді. Ол өз кезегінде адамдардың түрлі ауруларға шалдығуына себеп болып отыр.
Жиһаздар мен қағаз әзірлеуге орманның көптеген ағаштары кесіледі. Ал ол өсімдіктің оттегі бөлуіне кері әсерін тигізеді. Осы кемшіліктердің алдын-алу үшін барлығымыз бірдей ат салысуымыз қажет деп ойлаймын. Мысалы қоқысты тек қоқыс салатын жәшікке тастап, айналада шыны, пластиктер жатса оларды елемей кетпей, жинап алып қайта даярлау пункттеріне апарып өткізу керек. Балалармен бірге отбасы болып демалып серуендейтін саябақтарды қоқыс орнына айналдырсақ, өзімізге жаман көрінеді деп ойлаймын. Мүмкін болса, көліктердің орнына велосипедтерді пайдаланса өте жақсы болар еді. Себебі велосипед пайдалану денсаулыққа да пайдасы тиеді. “Бір тал кессең – он тал ек” деп ата-бабаларымыз айтып кеткендей айналамызды жасылдандыру жұмысына кірісіп, жас ағаштарды отырғызып, гүлдендіре бергенге ештеңе жетпейді деп ойлаймын. Осындай шараларды жүзеге асыратын ұйымдар көп құрылса нұр үстіне нұр болар еді. Біз қоршаған ортаны қорғайтын болсақ, алдымен өзіміз өмір сүретін ортаны тазалаудан бастайық дегім келеді.
Мақпал Тулбаева
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718