Шайыр ауылынан шыққан зайырлы Есбол әуле

Туған жердей – жер болмас,
Туған елдей – ел болмас…
деп жырлағандай менің кіндік қаным тамған жер қасиетті де, киелі мекен Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы – Шайыр ауылы. Шайыр ауылының табиғаты сұлу, ауасы таза, суы мөлдір. Ауылымның көркіне көз тояды. Әсем үйлері көше бойлап, қаздай тізіліп тұр. Әр үйдің ауласынан асыр салып ойнаған баланы, бірін-бірі қуалаған қозы-лақты көресің. Көшесіне шықсаң – шексіз Қара тау ауылымды қоршап тұр. Соларға бір қарап тұрудың өзі бір ғанибет қой!!!
Шайыр ауылының аңыздары мен тарихи әңгімелерінің ғажайып суреткерлігі, тіл орамының кестелігі, көркемдігі, шендестіруге байлығы, қиялының кең құлаштығы назар аудартады.
Маңғыстауда 362 әулие орналасқан деп жатамыз, сол әулиелердің бірі Қаңғырғазы әулие, Есбол әулие, Бала әулие, Кәді әулие және де т.б. әулиелер Шайыр ауылының маңында орналасқан. Және осы әулиелердің өзіндік тарихи дастаны бар.

Шайырдың қасиетті торқалы топырағында киелі орындар да аз емес. Мұндай әулиелі атаулы жерлер ел сенімінен берік ие болған,зиярат етіп,алладан тілек тілеген,көне ғасырлар куәсі іспеттес.Ал мұндай қасиетті орындарды, қастерлеп,кейінгі ұрпақтарға бойтұмар есебінде сыйлау,тарихи орындар ретінде жете,рухани нәр есебінде таныстыру парыз.Әулиелік  орындарда  соңғы жылдары түнемелік жайлар салу үрдіс алып келеді.Әулиелердің тұнып тұрған құпия сырлары,өзіндік шежіресі ұшан-теңіз.Ата-бабалардың әруағы қолдай жүрсін деп біз төменде Шайыр маңындағы әулиелік орындар туралы қысқаша баяндаймыз:

Есбол әулие

Шайыр ауылынан шыққан зайырлы кісілердің бірі Есбол деген кісі екен.Оны жергілікті  халық күні бүгінге дейін әулие тұтады.Ол емсек,шипагер,сынықшы,Қаратау бойында өсетін дәрілік шөптердің тілін білетін,тани білетін және көріпкел,болжампаздығы ерекше болған.Есболға Маңғыстаудың аяқ жетер жеріндегі сырқат адамдар ойдан да, қырдан да ат ізін суытпай келіп жатады екен. «Ай,бір Есекеңе жетсем жазылып кетер едім-ау» деп зор сеніммен келушілер аз болмаған.Есбол әулиенің басына түнеушілер қазіргі кезде де кездеседі.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *