Тәрбие тал бесіктен

   Әлемдегі ең жақсы жүк – құрсақтағы сәби! Ешбір ата – ана өз баласының қыңыр міңезді, өзімшіл, тәуелді болғанын қаламайды.Тәрбие тал бесіктен басталады деп бекер айтылмаған.Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Баланы жастайынан жақсылық жасауға, мейірімді, еңбекқор болуға баулу керек.Себебі, бес жарым жаста тұлғаның негізі қалыптаса бастайды.Әр сәбидің өзінің бір ерекшеліктері, сүйкімді қырлары болады.Сол ерекшелікті отбасылық, қоғамдық қарым-қатынастармен бұзбау, басып кеспеу өте маңызды.Сонымен, бастаудың басы – жаңа туған нәрестенің жасы.Бала дүниеге келгеннен бастап – жаңа өмір, жаңа тұлға, жаңа тәрбие қалыптаса бастайды.Отбасы – адам баласының өсіп – өнер алтын ұясы.Барлық адам баласының өміріндегі қызықты сәттері, қуанышты сәттері осы ұяда өтіп жатады.Бала дүниеге келген күннен бастап ата – ана өздерінің негізгі борыштарын яғни тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. «Ана – балаға жастық, әке – көрпе». Бұл – ұрпақтың тәрбиесіндегі бар ауыртпалық ата – ананың ғұмыр бойы мойнында деген сөз. Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уата тын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып, емірене айтатын бесік жыры. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде.Оның ынтымақтылығында, біртұтас мемлекет бола алуында.Босағасы берік отбасында әрбір адам өзара қамқорлық пен татулыққа, жақсы мен жаман туралы пікірлерін ортаға салып ұштастыруға, қаражатты дұрыс бөліп тұтынуға, еңбекпен келген ақша құнын бағалап, қадірлеуге үйренеді.Отбасындағы тіршіліктің дұрыс ұйымдастырылуы балалардың еңбекқор болуы, әр нәрсеге жоғары жауапкершілік сезіммен қарау, адамды құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *