Тәрбиенің адам өміріндегі маңызы

Тәрбие адам бойындағы жақсы мінез қалыптастырушы.Адам дүниеге келгеннен бастап ата-анасының қамқорлығында болады яғни ата-ананың тәрбиесінде өседі.Адам өз бойына ата-анасы берген тәрбиені сіңіріп өсуі керек. Тәрбие ол адамның болашақ өміріне тікелей байланысты.Қазақ халқы жастарды тәрбиелеуде тәрбиеге аса мән берген.Қазақ халқы жастарды тек екі сөзбен тәрбиелеп отырған.Олар ұят болады,обал болады.Негізінен қарап отырсақ екі-ақ ауыз сөз бірақ бұл сөзде қаншама мағына жатыр.Адам жақсы мінез қалыптастыру арқылы,Абай айтпақшы бұл өмірдің бір кірпіші болып қаланады.Бұрынғы ата-бабаларымыз тәрбие-тал бесіктен деген ұғымды айтып кеткен.Яғни тәрбиеге біз адамның туылған кезінен бастау керек.Ал туылған кезінен бастап жақсы мінез қалыптастыра алған адам болашақта кез-келген жетістікке жете алады.Кішкентай бала мектеп қабырғасын аттағанша ата-анасының қарқорлығында,қарауында болады.Мектеп қабырғасын аттаған соң баланың тәрбиесіне оның ұстаздарының да ықпалы болады.Көптеген ұстаздар балаларға білімнен бұрын тәртіп керектігін түсіндіреді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас – жауы» Әл – Фараби.Қазіргі жастар-елдің болашағы.Жастарды тәрбиелеу-үлкен міндет.Тәрбие қоғамдағы қалыптасқан құбылыс,ол құбылыссыз ешқандай қоғам алға қарай дамымайды.Егер біз елдің болашағына алаңдайтын болсақ,тәрбиеге аса назар аударуымыз керек.Жастарды тәрбиелеу арқылы біз болашақ елін,жерін ойлайтын болашақ ұрпақ қалыптастырамыз.Бұрынғы ата-бабаларымыз жастарды өте керемет асыл сөздермен тәрбиелеген.Ал қазіргі кезге келер болсақ бәріне топырақ шашудан аулақпын бірақ қазіргі жастарға беріліп жатқан тәрбие бұрынғыдай емес екенін мойындауымыз керек.Мысалы,елімізде пайда болған ұл болып туылып бірақ қызға айналып жатқан ер азаматтарымыз аз емес.Тіпті ренжімеңіздер бірақ оларды ер азамат деп айтуға аузым бармайды.Осыдан ақ байқауға болады жастарды тәрбиелеу бұрынғыдай емес.Бұндай жастар әлі де қалыптасатын болса,елдің ертеңі не болмақ?! Ойландыратын сұрақ ал болашақта бұндай сұрақ болмас үшін,басынан бастап тәрбиеге көңіл бөлу керек.Басынан бастап баланың тәрбиесіне тұлға болып қалыптасуына көңіл бөлсек,қоғамда болашақта бұндай адамдардың жоюлуына ықпал ете аламыз.Сол себепті де болашақ ұрпақ тәрбиелеуге жауапкершілікпен қарап,елім,жерім деп көкірегін соғатын ер азаматтар қалыптастырумыз керек.Ал бұның барлығы тек жақсы тәрбиемен ғана қалыптасады.

                             Динара Тәңірберген

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *