Жаз Ханшайымы-2022

«Жаз Ханшайымы-2022»

Мақсаты:

Баланың шығармашылық қабілетттерін арттыру, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал жасау, өскелең ұрпақты көркемдік және эстетикалық талғамға тәрбиелеу

 

Армысыздар, топтан озар таланттарым,

Талмай биік самғасын қанаттарың.

Мәртебесін биік ұстап балабақшаның,

Жеістікке толы болсын парақтарың !

 

Жандары қаламайды аласаны,

Бүлдіршіндер әлі талай бел асады.

Әлемге туған елін танытатын

Кішкентайлар –еліміздің болашағы,- дей келе «Жаз ханшайым-2022!» атты байқауымызға қош келдіңіздер! Осы байқауға тәрбиеленуші қыздарын  қатыстырып отырған тәрбиешілерге, балаларына қолдау көрсетіп жүрген жанашыр ата-аналарға шексіз алғыс айтамын.

Олай болса бүгінгі сайысымызға қатысушы сайыскерлерімізге құрмет көрсетіп ортаға шақырайық:

 

Өнер қуған жасынан

Таланты судай тасыған

Қарақат атты бүлдіршін

Көрінгей көштін басынан- деп ортаға МАД тобы тәрбиеленушісі  Болат Қарақат қызымызды шақырамыз.

 

Көрсете алатын талантын,

Үлкеннің тілін алатын.

Айару атты бүлдіршін

Өнерін ортаға салатын,- деп ортаға МАД тобы тәрбиеленушісі Жаңаберген Айару қызымызды шақырамыз.

 

Бір үйдің кішкентай қызығы,

Раушан гүлдің үзігі

Айдай болған Айым ,- деп ортаға ортаңғы топ тәрбиеленушісі Асқар Айым қызымызды шақырамыз.

 

Сымбатына сән киімі жарасатын

Аспандағы айменен таласатын

Өнеріне көркі сай келіп тұрған

Адинаға  қызығып, қарасасың,- деп ортаға МАД тобы тәрбиеленушісі Орынбасар Адина қызымызды шақырамыз.

 

Білекті жықса біреуді,

Білімді мыңды жығады.

Сүйкімді ару – Жасмин

Өнерімен ортаға шығады, – деп ортаға   қызымызды шақырамыз.

 

Кім жүйрігін бүгін біз білейікші,

Бүлдіршіннің өнерін көрейікші,

Әділқазы алқасына тек әділдік,

Балғындарға сәттілік тілейікші!- дей отыра бүгінгі байқауымыздың әділқазы мүшелерімен таныс болайық

 

 

 

Қайсысы әнші, кім биші
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім жылдам
Таланттарын табайық – өнер сүйер қауым бүгінгі байқау шарты 4 турдан тұрады.
1. «Сәлем – сөздің анасы» (таныстыру)
2. «Мен- өнерлі баламын» (өз өнерін көрсету)
3. «Асадамнын арқауы » (ас мәзірі)

  1. «Әсем біздің арулар» (сән үлгісі)

 

I тур

Сайыскерлер келіп жетті танысуға
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Тайсалмастан сахнаға келіп жетті
Әдеппенен, ізетпенен, танысуға

«Сәлем – сөздің анасы» (таныстыру)

 

II тур

Өнер қуып әрбірі өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген ханшайымдар,
Өз өнерін ортаға көрсетсін дейміз.

«Өнерлі-өрге жүзер» өз өнерін көрсету.

 

 

Таныс болдық балғындар тегіменен,

Туып өскен мекенімен, еліменен.

Маған тартқан бәрі ақын көрінеді,

Таныстырып кетті ғой төгіп өлең- дей келе байқауымыздың ІІІ турына кезек береміз.

ІІІ тур

«Ас үй – ханшайымы»

 

 

ІҮ тур

 

Бұл турда қыздарымыз өз фантазиясы бойынша сән үлгісін көрсетеді.

«Әсем біздің арулар» (сән үлгісі)

 

Сөз кезегі әділқазы мүшелеріне беріледі. Марапаттау.

Өз-өзіңмен балашым,

Жаның тапсын жарасым

Теңдесі жоқ ешкімге,

Бұл өмірде дарасың.

Желден жүйрік көңіл күй,

Есті сөзді ойға түй.

Жылуына бөлеген,

Жаным, жарық күнді сүй.

Тарихты біл, тілді сүй,

Төрт түлігің төлді сүй.

Орманды сүй, белді сүй,

Айдын шалқар көлді сүй.

Халқыңды сүй, елді сүй,

Ел басқарған ерді сүй

Қасиетті мекенің,

Туып өскен жерді сүй – дей келе, Елбасымыздың Нұрлы жолымен «Мәңгілік елге» аяқ басқан Егемен еліміздің ұрпақтарына қошемет білдіріп отырайық. Тәрбиелеп отырған ұлдарымыз-ұлықты, қыздарымыз-қылықты болсын! Осымен «Жаз ханшайымы-2021! » атты байқауымызды аяқтаймыз.

 

 

«Жаз Ханшайымы-2022»

«Өнерлі ару-2022»

«Сүйкімді ару-2022»

«Сәнді ару-2022»

«Тәтті ару-2022»

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *