Қыс

Білім берусаласы:Қатынас.Әлуметтік орта.Шығармашылық.(Коммуникативтік)
Бөлімі:Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Қыс».
Мақсаты:
1.
Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту.Н.Аманжолованың «Қыс»өлеңімен танысу.
2.Тіл байлықтарын ,сөздік қорларын молайту,қиялдап ойлау және дәстүрден тыс  әдіс-тәсілдерді қолдана отырып балалардың шығармашылыққа деген қызығушылықтарын дамыту.
 3.Табиғатты аялауға,әсемділікті сезіне білуге,көре білуге, досттыққа деген қарымқатынастарын нығайтуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:Әңгімелесу,мәнерлеп оқу,сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойындар, жұмбақ,моно таблица, топтық жұмыс, рефлексия.
Көрнекіліктер:Қыс мезгіліне байланысты суреттер,теледидар,үнтаспа.
Билингвалды компонент:қыс-зима-winter
Ақ-белый-white
Сабақтын барысы;-Балалар,бүгін бізде ерекше күн,бізге қонақтар келіпті,қәне олай болса қонақтармен амандасайықшы.
Балалар:үш тілде амандасады.
Тәрбиеші:-Жарайсындар,балалар,қәне енді бүгінгі күнімізді шаттық шеңберімізден бастайықшы.
Шаттық шеңбер:-
Арайлап таң  атты
Алттын сәуле таратты
Жарқырайды қаламыз
Жайнай  түссін даламыз
Қайырлы таң қонақтар.
Қайылы таң достарым.

Тосын сәт:(Есік қағылып мұнайып  Аққала қонаққа  келеді)
Тәрбиеші:-Балалар ,қарандаршы бізге кім келді?
Балалар:-Бізге Аққала келді.
Тәрбиеші:Байқаймын өзі көңілсіз сияқты.
Аққала:-Иә,балалар,сендерге жақсы көп достарын бар,ал мен болсам жалғызбын сол себепті мен көңілсізбін.
Тәрбиеші:-Мұңайма,аққала,кел сенде бізбен бірге дос бол.(Аққала қуанна келіседі)
-Олай болса,балалар,орындарыңа жайғасыңдар,кел,аққала сенде отыр.
Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жұмбақ: Шана зырғып  желетін.
Шаңғы коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын.

Бұл қай кез деп ойлайсың.
Балалар:Қыс.

Тәрбиеші;Дұрыс қыс яғни,қазір қай жыл мезгілі?(Үстел үстіндегі суретті жапсырып отырып жауап береді.Үш топқа бөлу.)
1-2 -топ сурет бойынша жұмыс.
3-топ суретті құрастыру.
Балалар:-Қазір қыс мезгілі.
Тәрбиеші:Ал қыс мезгілінде қандай  өзгерістер  болады.
1-бала:-қыс  мезгілінде қар жауады.
2-бала:-Қыс мезгілінде мұз қатады.
3-бала:-Балалар жыл киінеді.
4-бала;-Балалар,шаңғы,шана, коньки тебеді.
5-бала:-Балалар –қардан Аққала жасайды,
Тәрбиеші:Жақсы,жарайсыңдар.Енді осы сурет бойынша шағын әңгіме құрастырайық.Осы әңгімемізге тақырып қояйық.
Балалар: «Көңілді қыс».

Д/о. «Жасырылған суретті тап»
Мақсаты: ойын арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; кезекпен топтық жұмыс жасай алуға дағдыландыру, реттілікті сақтай  отырып  тапсырманы дүрыс орындауға тәрбиелеу.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар,өте керемет құрастырдыңдар.

Енді мен сендерге Н.Аманжолованың өлең жолдарын оқып берем,ал сендер мұқият тыңдаңдар!

Аппақ күміс бар әлем,
Зымыраймыз шанамен.
Тоғайлар тоң  киеді,
Аяз беттен сүйеді.
Жиналып ап бар бала
Тұрғызымыз аққала.
Тәрбиеші;-Балалар,өлеңде қай жыл мезгілі туралы айтылған,қалай ойлайсындар?
Балалар:-Өлеңде қыс мезгілі туралы айтылған.
Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар,бұл Н.Аманжолованың  «Қыс»деген өлеңі.
-Өлең жолдарында бар әлем қандай екен?
Балалар:-Аппақ күміс бар әлем.
Тәрбиеші: -Зымырап немен сырғанаймыз?
Балалар:-Зымыраймыз шанамен.
Тәрбиеші:-Тоғайлар не  киеді деп айтылған?
Балалар:Тоғайлар  тон киеді.
Тәрбиеші:-Жиналып алып бар бала қардан не тұрғызамыз?
Балалар:-Жиналып алып бар бала тұрғызымыз аққала.
Тәрбиеші:-Жақсы,ал енді, балалар өлең жолдарн айтып ,бір бойымызды сергітіп алсақ қайтеді?
Сергіту сәті:Қар жауады,оң жақтан,
Қар жауады,сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ
Су болады қолғаптар.
Тәрбиеші:Жарайсындар балалар, енді мен сендерге мына суреттерді пайдалана отырып тағы оқып беремін,ал енді сендер мұқият тындап жаттап алуға тырысыңдар.(тәрбиеші мәнерлеп оқу)
Ал енді кім бізге айтып беремін дейді.(Балалар өз еріктерімен айтады).
Балаларды мақтап, мадақтау.
-Балалар, енді біздің аққалаға да көмектесетін  уақытта келген сияқты.Ол жалғаз ғой ,оған көп достар салып берейік пе?
Балалар:-Иә.
Тәрбиеші: Олай болса өз шеберханамызға аттанайық.
-Балалар,аладарыңдағы қағазға  назар аударайық. Бұл сиқырлы ақ қағазды тасбояумен боясақ бір ғажайып бейне шығады.
Балалар өз жұмыстарын орындайды.
Тәрбиеші:-Балалар ненің бейнесі шықты?
Балалар:-Аққаланың бейнесі.
Тәрбиеші:-Аққала  міне саған біздің балалар көп достар тауып берді,енді сенде әрқашан көңілді болып жур.
Аққала:-Ой,балалар, рахмет сендерге, барлықтарының салған суреттерің өте әдемі екен.
Тәрбиеші:Балалар ,біз аққалаға көп  достар тауып бердік пе?
Балалар:Иә.
Аққала:Алақай, рахмет балалар.
Тәрбиеші: Ендеше бізде аққаламен бірге қуанайықшы.
Балалар:Алақай!
Аққала:Сау болыңдар,балалар!
Рефлексия:
-Балалар,  бүгін біз қай жыл мезгілі туралы әңгімелестік?
-Біз Н.Аманжолованың қай мезгіл туралы өлеңін жаттадық?
-Сендерге бүгінгі оқу іс-қызметі ұнадыма?
Әркім өз қалауы бойынша смайликтарды тақтаға ілу.Қонақтармен қоштасу.
-Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы.
Сау саламат болайық.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *