Инновациялық технологияларды ағылшын тілі сабағында тиімді пайдалану

Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – қоғамды ақпараттандырудың негізгі шарты. Өйткені, жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында өмір сүріп жұмыс жасай алатын болашақ ұрпақтың даярлығы жүзеге асады. Сонымен қатар білім беру саласындағы өзекті мәселе – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру болып отыр.

Шетел  тілін  жаңаща  оқыту  соңғы  жылдары  жоғары  қарқынға  ие болды. Ұстаздардардың сабақты  жобалаудағы   жауапкершілігі   оқушылардың   шетел  тілінде  нәтижелі  тілдік  қарым-қатынас  жасауына  мүмкіншіліктер  туғызады.  Олар  аз  уақытта  жаңа технология  жәрдемінде үлкен  жетістіктерге  жете  алады.  Оқудың  дәстүрлі   үрдісіне  инновациялық технологияны  ендіру, ұстаздарға  дәстүрлі  формаларды  және әдістерді жетілдіруге  мүмкіндік береді, сонымен  қатар  жаңаларды  да, атап  айтқанда: тренингтер, дөңгелек үстелдер, пресс-конференциялар  және  т.б.

Мұғалімдердің біліктілігі  олардың  педогогикалық  қарым- қатынаста  жағдаят  жасауда  көрінеді, онда   ұстаздар да, оқушыларда   да таңдау және  бақылау мүмкіншілігіне  ие  болады.   Инновация – дегеніміз тек қана жаңалық енгізу емес, сонымен  қатар жаңаны дәстүрлі  оқу- тәрбие  үрдісінде  қолдана  білу.

Білім  беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық  қарым-қатынас  біліктілігін қалыптастыру  десек, онда  сол шетел  тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.

Білім беру үрдісін ақпараттандыруда  төмендегідей әдістемелік, педагогикалық міндеттерді шешуге болады:

  • білім беруде көлемді ақпаратқа қол жеткізе алу; білім алуға мотивацияның жоғарылауы; өз бетінше жұмыс істеу; өзін-өзі бақылау және  т. б.
  • жеке тұлғаны жетілдіру ( түлғаның ой-өрісі, эстетикалық тәрбие, зерттеу жұмысымен  шұғылдану іскерлігін дамыту, ақпараттық  мәдениетін қалыптастыру және  т. б.
  • әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру (компьютерлік біліктілікті қалыптастыру, белгілі бір мамандыққа бейімдеу   т. б.)
  • оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру (білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру, танымдық әрекеттің мотивін қамтамасыз ету, пәнаралық байланыстарды тереңдету  және т. б.

Сөз арқауы компьютерлік технологияны  пайдалана отырып, шетел тілі сабағында интернет жүйесін қолдану мәселесі болмақ. Жаһанданған  интернет жүйесін қолдану негізінде, тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады, жүйе  материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады.  Интернет жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады.

Оқушылардың шетел тілін үйренуге  деген  ынтасын  арттыру олардың төмендегі шараларға қатысуы негізінде жасалынады: диспуттар, байқаулар, олимпиадалар және т. б.

«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген ұғымды береді.  Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды  түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады.

Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын шетел тілі сабағында пайдалану бірден-бір тиімді болмақ:

  • электрондық пошта( e-mail), телеконфереция, видеоконференция;
  • жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web

серверге  жеке шығару;

  • ақпараттық каталогтар ( Yahoo,  InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме( Chat).

Шетел тілі сабағында компьютермен жұмыс жасай отырып, оқушылардың психологиялық тұрғыдан да жеңілдіктерге ие болады.  Атап айтқанда, оқушылардың жасаған әрбір жұмысына берілетін бағаның, олардың жасаған қатесін қайталаулар негізінде көрсете отырып, яғни жұмыс нәтижесін мақұлдап немесе белгілі бір дәрежеде қоштамай, өз пікірін білдіріп отыратын мұғалімнің тікелей қатыспауы, оқушыларға өз бетінше жұмыс жасап, өзіне сенімділік болуын қамтамасыз етеді.  Бұдан мұғалімнің шетел тілі сабағындағы  орнын жоққа шығару деген түсінік туындамауы керек.

Керісінше, пән мұғалімі тіл үйренушілердің жеке тұлға  ретінде өз тапсырмаларын орындап, жұмыс қортындысын белгілейтін әлеуметтік-психологиялық жағдай туындата алатын, олардың жұмысына бағыт-бағдар беретін бірден-бір субъект.

Қазіргі уақытта шетел тілін оқытудың  коммуникативтігі, интерактивтілігі, аутенттігі тілді үйрену  үрдісінің мәдени контексте болуы үстемдікке ие болуда.  Аталған ұстанымдар  коммуникативтілік  қабілетінің  компоненті  ретінде  мәдениетаралық  біліктілікті дамытудың  алғышартын жасайды.  Шетел тілін дәстүрлі оқытуда тіл үйренушілер тілдік жаттығуларды  жасап, қажетті материалды жаттаумен ғана шектеледі.

Яғни, ол төмендегідей көрініске  ие болады:

«сөздік қор + қажетті құрылым =  тіл».

Алайда, тілдік құрылымды жаттаумен шектелу, тілді қарым- қатынас  құралы ретінде меңгеруге толық мүмкіндік бермейді.  Шетел тілінде тілдік қарым – қатынасқа үйрету үшін шынайы, өмірлік жағдаяттар туындату қажет.   Ол оқушылардың қажетті материалды меңгеруіне  және соған сәйкес  мінез – құлқын  қалыптастыруға  жағдай жасайды.  Аталған мәселені шешуде  Интернет жүйесі  айтарлықтай маңызға ие. Біз дәстүрлі шетел тілі сабағына сипаттама жасайық.  Көп жағдайда шетел тілін оқыту үрдісінде мұғалім оқушы ойын басқарады, яғни, бағыт беру немесе жетекшілік етуден гөрі, ол басшылық қызметіне  ауысады. Бұл әрекет, психологтар көрсеткендей, оқушылардың ойлау процесін тежейді. Мысалы, дөңгелек үстел, пікірталас мәселесін мұғалім өзі дайындап, жоспарды беріп, оқушыдан сөйлеу барысында тек соған сүйенуін талап етеді.  Яғни, өз ойын айтуда тұлғаға  еркіндік берілмейді.

Оқушы мәселені түсінбей, өзіне қажетті ақпаратты ала-алмай, мәселені шешуге шығармашылық тұрғыдан келу мүмкіншілігінен айрылып, өзінше ой қорытып, оны тұжырымдау және қызықты пікірлер айта алу қабілетіне ие бола алмайды. Ал  мәселені  шешуде жаңа ой, құнды пікір айту өте маңызды.  Және ол міндетті түрде қортындыланып, көрініске  ие болар болса, оның нәтижесі жоғары болмақ. Шетел  тілін оқыту технологиясының  тиімділігінің  көрсеткіштері мыналар:

  • оқушылардың   моральдық  психологиялық, интелектуалдық және  жас ерекшеліктерін  ескеру.
  • Оқуға жағымды көңіл күй  қалыптастыру.
  • Ұстаз бен оқушы  арасында сөз алмасу, ғылыми  қарым-қатынас және әріптестік принципін  орнықтыру.
  • Оқушылардың  еске  сақтау қабілеті мен творчестволық  деңгейін көтеру арқылы белсенділігін арттыру.
  • Оқуды  игеруге  мультимедиялық және басқа да техникалық  арсеналды кең іске қосу.
  • Сабақтардың  бітуімен  оқушылырдың келешекке  қанағаттануының  қорытынды нәтижесі.
  • Білім беру технологиясының  үш  түрлі типі  бар.   Олар дәстүрлік, инновациялық  және Ақпараттық.
  • Бастысы –  технологияның  жиынтығы  емес, оның  дәрежесі.

Оқушылардың   әртүрлі  ақпарат  көздерін, ресурстарын пайдалану  арқылы компьютерлік технологияның  көмегімен  өздерінің  дербес ізденуі арқылы тілді  игеруге  кәсіби шеберлігін  шыңдайды.  Жаңа ақпараттық технологияға әртүрлі  ақпараттарды электрондық әдіспен енгізу, сақтау және  беру болып табылады.  Оларды  оқу процесінде  пайдалану ерекшелігіне  сай  мына төмендегідей топтастыруға  болады:

Компьютерлік  оқу бағдарламалары  (электрондық  оқулықтар, тренажерлар, тьюторлар, лабораториялық  жаттығулар, тест  жүйесі). Мультимедиялық технологияға сай  оқу жүйесі  компьютер, видеотехника, оптикалық  дискінің  жиындысын пайдалану арқылы  жүргізіледі. Интеллектуалдық  және  эксперттік  жүйе. Ақпарат  жиынтығы  базасының  қалыптасуы. Электрондық  пошта, телеконференция , шоғырлы не  аймақтық  байланыс  жүйесін  біріктіретін телекоммуникациялық  қондырғылар.  Электронды  кітапханалар. Бұл  технологиялар  білім саласында оларды пайдаланудан  гөрі тезірек дамиды.  Жоғары оқу  орындарында  көбіне – көп  электрондық почталар жиі  пайдаланылады.  Қазіргі  кезде  аудиоақпарат  алмасу, видеоақпарат алмасу, виртуалды аудиторлық тақта,тақырыптық  ақпарат енгізілген  клавиатуралар,  файлды алмасу,  көпжақты конференциялар  өткізу кеңнен  таралған  көпке  белгілі компьютерлік видеоконференц байланыстың әдістемесіне жатқызылады. Бұл  технологиялар  ағылшын  тілін  біршама меңгерген  оқушылардың еншісі болып  табылады.  Өйткені  бұл  материалдар тек ағылшын  тілінде  ғана  беріледі.  Компьютер  жүйесі оқу  процесін жетілдіру құралы болып табылады

Жаңа  педагогикалық  технология  оқушыларды   шет  тілін меңгеруге  жеке  бағыттап, даярлық  кезінде  олардың  қарым – қабілетін ескеруге  мүмкіндік  береді. Технологияның  методикаға   қарағанда  айырмашылығы  мынада: оқуды жобалау тәжірибені  қортындылау  негізінде  емес, оқуды  ғылыми  тұрғыдан негіздеуге  бағытталған.

Технология – нәтиженің  тұрақтылығына  негізделген.  Оқудың  жағдайы  мен түрлі факторларына  қарамайды.  Жеке іскерлік тұрғысынан педагогикалық  технология  жоғары     нәтижеге  жету үшін оқу процесіне  эмперикалық  инновацияны  пайдалану  арқылы  ғылымды  игеруге  дидактикалық  білімнің қасиетін нақтылау.   Ол  үшін оқудың  мазмұнын, әдісін,  оқу процесін  ұйымдастыру  формасын,  оқу  құралын  жетілдіру қажет.

Интернет – технологияның  мәселелерін  зерттеушілер  кез  келген педагогикалық  технология  ақпараттық  екенін  баса  көрсетеді.  Ақпараттық  технология  оқу процесіне кеңінен  компьютерлік  технологияны  пайдаланумен  ерекшеленеді.

Оқуда жаңа ақпараттық  технологияны  пайдалану  негізгі  педагогикалық технологияның  негізгі  принциптерін  қанағаттандырады.   Шет тілін кәсіби бағдар  ретінде оқып  үйренуде жаңа педагогикалық  және  телекоммуникациялық технологияларды  пайдалану  бүгінгі  күнгі білім жетілдірудің  инновациялық  түрі  болып  табылады.

Педагогикалық  технология  деп оқудың  сапасын  жақсарту және   жобалық  қортындыға жету  мақсатында мұғаліммен мен оқушылар біріккен  технологиялық  іс- қимылын  айтады.

Қорыта  айтқанда,   инновациялық  технологияларды сабақта  қолдану –  бұл оның нәтижелігіне  қолайлы  жағдайды  жасаудың бірден- бір  жолы, ал ол өз кезегінде  бірлесе  жұмыс  жасауға, адами  қарым- қатынастарға  себепкер болады.  Оқытуға жаңашыл көзқарасты  қолдану, тәжірибеге  бағытталған  оқытудың  үлкен  жетістігі болып  табылады, сондай-ақ  оның  сапасы  алынған  білімнің нақты  жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің  сапасын  көтеруде  үлкен  сұранысты  қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *