«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  арқасында  Маңғыстау энергетикалық  автономды  өңірге  жатады.  МАЭК  –   бұл  маңғыстаулықтарға энергия,  су  және  жылу  беретін  аса  ірі  кәсіпорын.  Маңғыстау  Атом Энергетикалық  Комбинаты  (МАЭК)  –  облыстағы  электрэнергияның,  сондай-ақ,  Ақтау  қаласының  жылуы  және  суы,  ауызсуының  жалғыз  көзі. «Самұрық-Қазына»  ҰЭҚ  тобына  кіреді.  Бұл  стратегиялық  кәсіпорынның ырғақты  жұмысы  бүкіл  өңірдің  тұрақты  дамуына,  өндірістік  әлеуетін кеңейтуіне  және  энергетикалық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге  ықпал  етеді.

Маңғыстау  атом  энергетикалық  комбинаты  1968  жылы  1  шілдеде  өз алдына  жеке  кәсіпорын  болып  құрылды.  МАЭК  басында  әскери стратегиялық  нысан  ретінде  құрылған  болатын.  Қазақстанның  тәуелсіздік алуымен  кәсіпорындағы  жағдай  төтен  қиыншылықтарға  душар  келді.  1990-жылдардың  аяғында  негізгі  қорларды  жаңарту  толық  тоқтады,  жөндеу-құрылыс  жұмыстары  жүргізілмей,  кәсіпорын  артта  қалған  құрылғылармен жұмыс  істеуге  мәжбүр  болды.  2002  жылдың  23  желтоқсанында  Комбинат банкрот  деп  танылды.

2003  жылдың  1  мамырында  «Қазатомөндіріс»  Ұлттық  Атом Компаниясы  Маңғыстау  атом  электр  комбинатының  иесі  әрі  операторы болды.  «Қазатомөнеркәсіп»  ҰАК»  АҚ  –  уран,  сирек  металдар,  атом  электр станциялары  үшін  ядролық  отын,  арнайы  қондырғылар,  технологиялар экспорты  –  импорты  бойынша  Қазақстанның  операторы.  ҰАК  әлемдегі жетекші  уран  өндіруші  компаниялар  қатарына  кіреді.  Сөйтіп,  «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп»  ЖШС  екінші  рет  дүниеге  келді.  Кәсіпорынның  құрал-жабдықтарын  жаңғырту  мен  жөндеу  жұмыстары  басталды.  Қазақстандық-ресейлік  кәсіпорын  –  «Қазақстандық-ресейлік  Атом  Станциялары»  АҚ-мен «Қазатомөнеркәсіп»  ҰАК»  АҚ  мен  «РосАтом»  АҚ  бірлестікте  атом  –  электр  станциясын  салу  жоспарлары  болды.

МАЭК  өндірістік  қызметті  жүргізуге  мүмкіндік  беретін  барлық  тиісті лицензиялармен  қамтамасыз  етілген.  2008  жылы  кәсіпорын  ішіне  сапа менеджменті  жүйесін  кіргізген  Менеджменттің  интеграциялық  (ИСО 9001:2000),  Экологиялық  менеджмент  жүйесін  (ИСО  14001:2004)  және кәсіби  қауіпсіздік  пен  еңбекті  қорғау  менеджменті  жүйесін  (OHSAS 18001:2007,  SAI  GLOBAL,  АО  «НаЦЭкС»)  енгізіп,  сертификациялады. Кәсіби  маман  қызметкерлер  Комбинат  құрал  –  жабдықтарын  пайдалануға берудің  сенімділігі  мен  апатсыздығын  іске  асырады.  Зауыттың  табысы – 4000  адамды  құрайтын  жұмысшы  ұжымның  еңбегі.  Комбинатта объектілердің  энергетикалық  және  өзге  де  жабдықтарын  сенімді  және апатсыз  пайдалануға  және  қажетті  жөндеу  жұмыстарын  жүргізуге мүмкіндіктері  мол,  біліктіліктері  мен  білім  деңгейі  жоғары  тәжірибелі мамандар  еңбек  етуде.

Өңір  экономикасының  даму  қарқыны,  Каспий  теңізінің  шельфін  игеру  және  теңіз  порттарын  дамыту,  көлік  –  логистикалық  әлеуетті  дамыту жолымен  Каспий  өңірінің  жаһандық  экономикамен  интеграциялануы, «Ақтау  теңіз  порты»  ЕЭА-ның  дамуы  МАЭК-тің  алдына  осы  жақын болашақтың  өзінде  жаңа  жетекші  көздерді  жасау  міндетін  қойып,  оны актуалды  етіп  отыр.

Комбинат  құрамында  үш  электр  станциясы  (ЖЭО-1,  ЖЭО-2,  ЖЭС), Дистиллят  өндіру  және  өнеркәсіптік  жылумен  жабдықтау  зауыты,  Жөндеу зауыты,  Желілер  мен  қосалқы  станциялар  цехы,  БН-350  реактор қондырғысы  (1999  жылдан  бастап  қолданыстан  шығару  жұмыстары жүргізілуде)  бар.  Бұлардан  басқа  «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп»  ЖШС құрылымына  кәсіпорынның  негізгі  технологиялық  жұмыстарын  қамтамасыз ететін  11  өндірістік  учаске  мен  қосалқы  цех  кіреді.

Маңғыстаудың  аса  зор  өнеркәсіптік  болашағы  Кеңестер  одағы үкіметінің  алдына  энергиямен  жабдықтау  мәселесін  қойған  болатын.  Орта машина  жасау  министрі  Е.  Славский  1958  жылы  26  тамызда  12000  кВт қуаттылықтағы  ЖЭО  құрылысын  салу  жобасын  бекітті.  Бұл  тұрғындардың жылуға,  тәжірибелік  кен  орны,  тәжірибелік  зауыт,  құрылыстың  өндірістік базасы,  бірінші  кезекте  тұрғын  қалашықты,  сумен  қамту  нысандары,  мұнай базасының  электр  энергиясына  сұранысын  өтеуге  арналған  уақытша  ЖЭО болатын.  Отын  үшін  мазут  пайдаланылды.

1959  жылы  тұтынудың  ертегідей  өсе  түсуінен  электр  энергиясы  мен жылуды  арттыру  қажеттілігі  туындап,  Мемарнайыжобалау  институты энергиямен  жабдықтаудың  уақытша  көзін  кеңейту  –  сұйық  отынмен істейтін  ЖЭО-М  құрылысын  салу  жобасын  әзірледі.  1960  ж.  құрылыс алаңдары  Маңғыстауға  жеткізілген  екі  энергопоездан  электр  энергиясын алып  тұрды.

1962  жылы  1  маусымда  ЖЭО-М  дербес  бөлімше  ретінде  жұмыс  істей  бастап,  Ақтауды  электр  энергиясымен  және  жылумен  жабдықтады. Сонымен  бір  мезетте  2000  кВттық  дизель  электр  станциясы  да  салынды. Станцияның  монтажы  тәулік  бойы  жүрді.  Монтажшылар  мен  пайдалануға берушілер  тізе  қоса  еңбек  етті.  Оқыту  тікелей  құрылыс  –  монтаждау  үдерісі  үстінде  жүргізілді.

1962  ж.  29  желтоқсанда  алғаш  рет  6  МВт  турбогенератор  іске қосылды.  Ақырына  дейін  жасалмаған  олқылықтарын  түзету  үшін  ол  қысқа мерзімге  тоқтатылды.  1963  ж.  қаңтарда  №1  турбогенератор  алғашқы киловат  электр  энергиясын  құрылыс  алаңдары  мен  өндірістік  зонаға  бере бастады.

1963  ж.  маусымда  екінші  турбогенератор  –  АП-6,  ал,  қазанда  – үшінші  қазандық  агрегат  –  БМ-35  іске  қосылды.  Конденсатор  ТГ-1-ге  теңіз  суын  беру  үшін  уақытша  жағалаулық  сорап  құрылғысы  іске  қосылды.

 

Кесте  1.1

ЖЭО-1-дің  қазандықтарының  тізімі

 

Ст. № Түрі Зауыт Пайдалануға берілген жылы Өнімділігі, т/сағ Газдың параметрлері Атқарым сағаттары

01.01.14ж.

Қысымы,

МПа

Температурасы, оС
1. БКЗ-160 ГМ БКЗ 1965 160 10 520 226469
2. БКЗ-160 ГМ БКЗ 1963 160 10 520 203797
3. БКЗ-160 ГМ БКЗ 1966 160 10 520 214918
4. БКЗ-160 ГМ БКЗ 1967 160 10 540 256078

 

Кесте  1.2

ЖЭО-1-дің  турбиналарының  тізімі

 

Ст. № Түрі Зауыт Пайдалануға берілген жылы Қуаттылығы, МВт Газдың параметрлері Атқарым сағаттары

01.01.14ж.

Қысымы,

МПа

Температурасы, оС
1. ВПТ-25-4 УТМЗ 1965 25 9 515 277300
2. ВПТ-25-4 УТМЗ 1965 25 9 515 269614
3. ПТ-25-90/10 КТЗ 1967 25 9 515 160183

 

Кесте  1.3

ЖЭО-1-дің  генераторларының  тізімі

 

Ст. № Түрі Зауыт Пайдалануға берілген жылы Қуаттылығы, МВА
1. ТВС-30 ХТГЗ 1965 30
2. ТВС-30 ХТГЗ 1965 30
3. ТВС-30 ХТГЗ 1967 30

Кесте  1.4

ЖЭО-1-дің трансформаторларының тізімі

 

Ст. № Түрі Зауыт Пайдалануға берілген жылы Қуаттылығы, МВА
1. ТДТГ-31500/110 Уралэлетротяжмаш 1966 31,5
2. ТДТГ-31500/110 Уралэлетротяжмаш 1966 31,5
3. ТДТГ-31500/110 Запорожский трансф. завод 1969 31,5

 

1965  жылы  ақпанда  ең  жоғарғы  электрлік  жүктеме  –  12 МВт-қа  қол  жеткізілді. Осылармен  бір  мезгілде  90  МВт  қуаттылықтағы  ЖЭО-М  құрылысы  жүріп  жатты,  бу  жылутасығышы  бар  үлкен  көлемдегі  қуатты  станцияны жобалау  басталды.  Сәуірде  іске  қосылды:  турбогенератор  ВПТ-25-90  ст. №3  қуаттылығы  –  30  МВт.  1966  жылы  желтоқсанда  ЖЭО-М  №6  ст. қазандық  агрегаты  және  станция  конденсатының  ысырабын  толтырып  тұру үшін  үшінші  буландырғыш  қондырғы  (150 т/с)  іске  қосылды.

1967  ж.  №5 ст.  турбогенераторы  жұмысын  бастады.  Пайдалануға берілген  №7  ст.  қазандық  агрегаты  станция  қуатын  102  МВт  дейін көтеруге  мүмкіндік  берді.  Өсіп  келе  жатқан,  қала  мәртебесін  алған  кенттің тұтынысын  өтеу  үшін  ЖЭО-М-де  БУ-2  (144  Гкал/с)  екінші  бойлерлік қондырғысы  іске  қосылды.  №7  ст.  қазандық  агрегаттың  және  №5  ст. турбогенератордың  іске  қосылуымен  ЖЭО-М-нің  құрылысы  да  аяқталды. ЖЭО-12  мен  ЖЭО-М-ді  басқарудың  бірлескен  басты  қалқаны  өз қажеттіліктеріне  және  тұтынушылық  мақсатқа  35  және  110  кВ  электр энергиясын  жеткізіп  беруші  генераторларды  және  электр  құрал-жабдықтарын  басқару  бойынша  ЖЭО-1-дің  басты  қалқаны  деп  атала бастады.

1968  жылы  қазандық,  турбиналық,  электр цехтары,  су  тазарту  цехы КИПиА  зертханасы  құрылды.  ЖЭО-М  жөндеу  тобы  базасында  жөндеу-құрылыс  учаскесі  ұйымдастырылды.

Қазіргі  таңда  да  ЖЭО-1  Ақтау  қаласын  электр  энергиясымен  және жылумен  қамтамасыз  етіп  тұр.  1-жылуэлектрорталықтың  құрамында  төрт қазандық  пен  үш  турбина  бар.  Тұтынушыларды  энергия  ресурстарымен жабдықтаудың  сенімділігін  арттыру,  ЖЭО-1-дегі  технико  –  экономикалық және  экологиялық  көрсеткіштерді  жақсарту  мақсатында  2005  жылы  1962 жылдан  бері  жұмыс  істеп  келе  жатқан  ЖЭО-1  –  негізгі  құрылғыларын жаңғырту  басталды.

ЖЭО-1  газ  тығыздықпен   жанатын тәсілге  көшіріліп,  ПӘК  өсіп, қазандық  агрегаттардағы  оттың  меншікті  шығыны  азайтылды.  Ескірген сораптық  және  жылуалмастырғыш  құрылғылар,  өз  ресурстарын  сарқыған  бу  сымдары  мен  қоректендіретін  трубосымдар  ауыстырылды.  №4,  5  ст. қазандық  агрегаттарына  қайта  құрастыру  жүргізіліп,  өнімділік  25%  артты және  ауаға  зиянды  заттар  тастау  азайды.  №5  ст.  Турбоагрегаты  да  қайта құрастырылып,  қысымға  қарсы  жұмысқа  өткізілді.  АСУ  технологиялық процесстерін  енгізу  арқылы  химиялық  су  тазалау  жүзеге  асырылып,  Каспий  теңізіне  сырғу  12  мың  м3-ке  азайды.  №6  ст.  Қазандық  агрегаты күрделі  жөнделіп,  жоғары  беттік  қыздыру,  ауаға  зиянды  заттар  тастауды азайту  толық  алмастырылды.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп»  ЖШС  2019  жылдың  14  қарашасынан бастап  мемлекет  меншігінде.

 

Автор: Дәріғұлов Алшынбай, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 1-курс магистранты

Жетекші: Жанатаев Данат, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті, философия ғылымдарының кандидаты

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *