“Үй және жабайы жануарлармен таныстыру”

 

Білім беру саласы :«Әлеумет»                                                                                                                              Ұйымдастырған оқу қызметі:Қоршаған ортамен таныстыру                                                                              Сабақтың тақырыбы: «Үй және жабайы жануарлармен таныстыру                                                  Сабақтың мақсаты:Балаларды үй жануарларымен және жабайы жануарлармен                                              таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап,төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету. Сөздік қорын молайту,тілдің белсенділік қызметін арттыру.Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.          Әдіс-тәсілдер:әңгімелеу,көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап.                                                  Көрнекіліктер:Жануарлардың суреттері,слайд,бейнероликтер.

Түлкінің суретін көрсетемін.

-Түлкіге құйрығы аңшылардан, иттерден іздерін сыпырып жасыру үшін керек. Ол өте қу.

-Балалар, сендер қу түлкі туралы қандай ертегілерді білесіңдер?

(Бауырсақ, қасқыр мен түлкі, Түлкі мен тырна).

Түлкінің терісіне назар аударыңдаршы. Адамдар түлкіден не алады?

Қыста ақ, жазда сұр

Ол не? (Қоян)

Сұр қоянның суретін көрсетемін. –Қандай қоян? (үлпілдек, сұр, кішкентай, қорқақ).

Ақ қоянның суретін көрсетемін.

-Қандай қоян? (кішкентай, қорқақ, үлпілдек, ақ)

-Қоянның ақ терісі оған қыста…. (жасырынуына көмектеседі)

-Қоян құсап секіріп көріңдерші?

-Қоян өзінің жауынан қалай тығылады?

-Қоян нені жақсы көреді? (сәбізді, қырыққабатты, ағаштың қабығын)

-Аю мен қоян нелерімен ұқсайды? (бас, аяқ, құйрығы, аузы, мұрны, құлағы)

-Айырмашылықтары не?

(Аю үлкен-ал, қоян кішкентай, аю балды, жидектерді, балықты жақсы көреді, ал қоян ағаштың қабығын, сәбізді, қырыққабатты жақсы көреді. Аю қыста ұйықтайды, ал қоян жоқ. Аю ағаштарға шыға алады, ал қоян шыға алмайды).

Өзі ойнағанды жақсы көреді,

Үйге келіп мяулап,

Сүт сұрайды. (Мысық)

-Балалар, айтыңдаршы мысық жабайы ма, жоқ үй жануары ма?

-Тағы қандай үй жануарларын білесіңдер?

-Алдарындағы өздеріңе ұнайтын үй жануарларын және олардың төлдерін алып шығайық.

Балалар тақтаға бір-бір жануарларды алып шығып, айтып береді.

-Бізге бүгін қонаққа жабайы және үй жануарлары келіпті. Сендер оларды таныдыңдар ма?

Ойын: «Жануарлардың төлдерін ата»

Шарты: Балалар жануарлардың төлдерін енелерінің қасына қоюлары керек. Оларды атап, үй немесе жабайы жануар екенін табулары керек.

Сергіту сәті:

Көлбең-көлбең, көлеңкем,

Аю қалай жүреді,

Кім көрсете біледі?

Аю былай жүреді, аю былай жүреді.

Көлбең-көлбең, көлеңкем,

Қоян қалай жүреді

Кім көрсете біледі?

Қоян былай жүреді, қоян былай жүреді.

Көлбең-көлбең, көлеңкем,

Қасқыр қалай жүреді,

Кім көрсете біледі?

Қасқыр былай жүреді, қасқыр былай жүреді.

Көлбең-көлбең, көлеңкем,

Түлкі қалай жүреді,

Кім көрсете біледі?

Түлкі былай жүреді, түлкі былай жүреді.

-Жабайы жануарлар қайда тұрады?

-Тағы да жануарлар қайда тұрады?

Балалардың шығармашылық жұмыстары.

1-орталық: «Ақ қоянның үстін мақтамен жауып шық»

2-орталық: «Қойдың үстіне қағазбен бұйра жүндер жапсыру »

3-орталық: «Қой мен қозы бояу»

-Жануарлар қайда тұрады? (орманда және адамдардың үйінің ауласында)

-Орманда тұратын жануарларды қалай атаймыз?

-Оларды атаңдар?

-Үй жануарларына қандай жануарлар жатады екен?

Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сендерге көп-көп рахмет! Барлықтарыңда өте тамаша қатыстыңдар.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *