Реформалар дәуірі

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ
ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАЛЫҚ №5 ЖББ ОМ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Реформалар дәуірі»

 

(11 – сыныпқа арналған факультатив курстың бағдарламасы)

 

 

 

 

Тарих пәнінің мұғалімі: Е.Т. Дузкеева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қандыағаш 2021 жыл

«Реформалар дәуірі» факультатив  курс бағдарламасы

Түсінік хат

Қоғамның өзінің өткен шағына көзқарасы  – іс – әрекетінің маңызды  шартының бірі. Өткен шақ – халықтың терең тамыры, сондықтан  оны ескермей адамзат қазіргі таңда ешқандай саяси – әлеуметтік шешімдерді қабылдай алмайды.  Өткен шақ – тарихи сана сезімнің  негізі, уақытты байланыстыра отырып, адамның қоғамға деген көзқарасын қалыптастырады.

Факультатив курс бағдарламасы Отанымыздың қиын кезеңі туралы толық ақпарат бере отырып, жас азаматтардың   тарихи сана – сезімін қалыптастыруға ықпал етеді, нақты зерттеу жұмысына баулиды. Жинақталған материалды жүйелеуге үйретеді,  Отансүйгіштікке тәрбиелейді.

Бағдарлама  11 – сыныптың  Қазақстан тарихы  материалдарын (тереңдетіп)  кең көлемде меңгертуге арналған. Барлығы – 34 сағат, аптасына 1 сағаттан жүргізіледі.

«Реформалар дәуірі» факультатив курс бағдарламасында ХІХ ғасырда Ресей империясының Қазақстанға енгізген әкімшілік реформалардың мәні мен мазмұны ашылып, аталған реформалардың Қазақ даласына тиігізген прогрессивті және регрессивті әсерін көрсетеді. Оқушылар зерттеу жұмысы арқылы, реформалардың тиімді және тиімсіз жақтарын анықтап, талдайды.  Сонымен қатар,  әкімшілік реформалардың қазақ халқының саяси – әлеуметтік және экономикалық дамуына енгізген өзгерістердің ақиқатын ашады.

Бағдарламада Ресей империясының 1822, 1824, 1861,1867,1868,1886,1891 жылғы және т.б. реформалар қамтылды.Сонымен қатар, осы реформаларды енгізген патшалар туралы жалпы мағлұмат беріледі. Бағдарлама мазмұнында аталған реформалардың алғышарттары, себебі, барысы, тарихи маңызы көрсетілді.

Бағдарламаның мақсаты:

         –  қалыптасқан  тарихи жағдайлар арқылы оқушылардың дүниетанымдық, ұлтаралық, мәдени, әлеуметтік, идеологиялық  көзқарастарын кеңейту, азаматтық, ұлттық  ерекшелікті тәрбиелеу;

әртүрлі тарихи оқиғалар мен тұлғалардың іс – әрекетін салыстыру, талдау арқылы өскелең ұрпақтың өткен шақ пен болашаққа деген тарихи көзқарасын қалыптастыру, өзіндік пікірін анықтау;

тарихи құжаттарды зерттеуге үйрету, білімдерін толықтыру;

Міндеттері:

– Тарихи іс – әрекеттердің замануи әлемдік үдерісіне ықпал ету процессін түсінуге үйрету, оқушының жеке көзқарасының қалыптастыруға ықпал ету, тарихи оқиғаларды түсіну қабілетін дамыту;

– практикалық іс – әрекетте өздігінен шешім қабылдауға, логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру;

– Тарихи құжаттар негізінде тарихи ойлау қабілеттерін дамыту;- өткенді талдау арқылы, тарихи тұлғалардың іс – әрекетін бағалауды үйрету;

– коммуникативті қабілеттерін қалыпастыру, топтық жұмыста өзіндік көзқарасын растау қабілеттер дамыту;

– тарихи кезеңде басты роль атқарған  тұлғалардың өнегесін зерттеу арқылы азаматтық сана – сезімін қалыптастыру;

        

          Күтілетін нәтиже:

  • оқушылардың пән бойынша теориялық білімдері толығады, кеңейеді, жүйеленеді;
  • пәнге деген қызығушылығы артады;
  • аталған кезеңнің қиындығын, ерекшелігін түсінеді;
  • талдау, сараптау, салыстыру жұмыстарының нәтижесінде тарихи реформалардың мәні мен мазмұнын ашады;
  • тарихи құжаттарды зерттеу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамиды;
  • кезеңге байланысты тарихи оқиғалардың маңыздылығын түсінеді, Қазақстанға тигізген ықпалын анықтайды;
  • Ақпаратқа сындарлы көзқарастары қалыптасып, жеке пікір – ойлары тұрақтанады;

Негізгі білім және  дағды:

  •   Қазақстан тарихына тікелей әсер еткен нақты тарихи мағлұматтарды сараптау;
  •  тарихи тұлғаларға байланысты тарихи – өмірбаяндық ақпаратты білу;
  •  тақырыпқа байланысты құжаттармен, анықтамалық материалдармен, ғылыми – танымал дерекнамалармен, тарихи әдебиеттермен жұмыс істеу (сараптау, кесте құру, реферат жазу т.б.);
  •  өздігінен зерттеу, тарихи материалдарды жинақтау, талдау, шығармашылықпен айналысу;
  •  жиналған ақпаратты салыстыру,сараптау;

Іске асыру жағдайы: тарих кабинеті, карталар жинағы (тақырыпқа сай), атластар, ғылыми – әдістемелік әдебиет, тарихи тұлғалардың портреттері, дидактикалық және үлестіру материалдары.

Әдістемелік жұмыстың әдіс – тәсілдері:

  • кері байланыс арқылы өтетін дәріс;
  • құжаттарды талдау арқылы өтетін дәріс;
  • әңгімелесу;
  • топтық жұмыс, флипчарт жасау, постер қорғау;
  • семинарлар, практикалық жұмыстар;

Оқушылардың алған білімдерін бекіту үшін және білімділік іс – әрекетін нақтылау үшін келесі жұмыс түрлері өткізіледі:

  •   проблемалық тапсырмалар;
  •   тарихи диктанттар;
  •   қорытындылау сұрақтары мен тапсырмалары;
  •   тест тапсырмалары, эссе;

Аталған әдіс – тәсілдер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, білімділік және біліктілік іс – әрекетін ынталандыруға бағытталған.

Курсты оқытуды аяқтау формасы: зерттеу жұмысы, пікірталас, диалогтық оқыту, сын тұрғысынан ойлау.

 

 

Курстың мазмұны мен құрылымы:

Апталық жүктемесі – 1 сағат, барлығы – 34 сағат

Мазмұны:

Кіріспе – 1 сағат

І ТАРАУ.    ХІХ ғасырдың бірінші ширегіндегі патша үкіметінің әкімшілік

реформалары (5 сағат) .

Тарауда І Александр патшаның   басқару дәуіріне 1 сағат беріледі. Осы тақырыпта аталған патшаның басқару кезіңдегі ішкі және сыртқы саясатының ерекшелігіне, соның ішінде Франция императоры Наполеон мен саяси қарым – қатынасына назар аударылады. 1812 жылғы болған Отан соғысының тарихи маңыздылығы көрсетіледі. Тараудың 2-ші сағаты ХІХ ғасырдың бірінші ширегіндегі патша үкіметінің әкімшілік реформаларының алғышарттарын анықтауға арналған. 2 сағат  1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғы» және 1824 жылғы «Орынбор қазақтары туралы Жарғы» деп аталатын негізгі құжаттардың мәні мен мазмұның ашуға арналған. Бұл тақырыптарда мұғалім оқушыларды өздігінен құжаттарды зерттеуге және реформаларың тиімді, тиімсіз жақтарын анықтауға бағыттайды. Сонымен қатар, реформалардың авторлары М.М.Сперанский, Г.С.Батеньков,  П.К.Эссен туралы қосымша мәлімет беріп, аталған тұлғалардың реформаны іске асыруда атқарған ролімен таныстырады. Соңғы сабағы реформалардың қазақ даласына тигізген тиімді және тиімсіз жақтарын көрсетіп, сараптама жұмысының нәтижесінде Ресей империясының отарлау саясатының мәнін ашады.

ІІ ТАРАУ. Ресейдегі басыбайлық жүйесі және оның қазақ даласына тигізген әсері (5 сағат).

Басыбайлық туралы жалпы түсінік беру арқылы оқушыларға сол кезеңнің саяси жағдайы туралы мағлұмат беріледі. Басыбайлық жүйесінің Қазақстанның әлеуметтік дамуына тигізген әсері көрсетіледі. Басыбайлықты жою себебін анықтау жұмысы оқушылардың азаматтық көзқарасының қалыптасуына өз септігін тигізеді. Сондай – ақ 1861 жылғы реформаның мәні мен мазмұнын ашу арқылы, басыбайлықтаң кейінгі қазақ даласының даму тарихына әсері көрсетіледі. Орыс шаруаларының Қазақстанға жаппай қоныстануы осы басыбайлық жүйесінің жойылуына байланысты екені дәлелденеді. Осы тарауда

Қазақ тарихы ғылымының негізін қалаушы С.Асфендияровтың «История Казахстана»  (Алма – ата, «Қазақ университеті» 1993 ж.) атты монографиясы кеңінен пайдаланылады. Дерекнамада берілген құнды мәліметтер зерттеліп,  Ресей империясының жүргізген отарлау саясатының мәні терең ашылады.

ІІІ ТАРАУ. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әкімшілік реформалар                       (17 сағат).

Бұл тарауда бағдарламаның негізгі мазмұны ашылып, құнды тарихи дерекнамалармен жұмыс жүргізіледі. Соның ішінде: 1867 жылғы «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ереже», 1868 жылғы «Орынбор және Батыс Сібір губернаторлығы Дала облыстарын басқару туралы Ереже», Сот реформалары, Салық және төлемдер жүйесі, Денсаулық сақтау және білім жүйесі туралы Ережелер,  1868 жылғы «Жетісуға шаруаларды қоныстандыру туралы Ереже», 1886 жылғы маусымдағы «Түркістан өлкесін басқару және онда салық өзгерістерін енгізу туралы», 1889 жылдың 13 шілдедегі «Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аудару жағдайын қарастыру», 1891 жылғы «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы Ереже»  атты  реформалардың мазмұны ашылып, реформалардың прогрессивті жақтары көрсетіледі. Сонымен қатар, аталған реформалардың қазақ халқына көрсеткен ауырпалықтары анықталады, Ресей империясының отарлау саясатының тереңдей түскені көрсетіледі.

Реформаларды зерттеу барысында алғышарттары, олардың Қазақстанға ену себебі анықталып, қорытындылау сабағында тарихи маңызы мен қазақ халқына көрсетілген қиындықтары белгіленеді. ХІХ ғасырдағы Ресей империясының ішкі және сыртқы саясатының мәні мен мазмұны толық ашылады. Тарауда берілген мәліметтер оқушылардың тарих пәні бойынша білімдерін толтыруға, дүниетанымдық көзқарастарын кеңейтуге негізделген.

ІV ТАРАУ. Сауда келісімшарттары және олардың Қазақстан экономикасына тигізген әсері (5 сағат).

Аталған тараудың мазмұнын  «1851 жылғы Құлжа келісімі», «1881 жылғы Петербург келісімі», «Қазақстан аумағында сауда – экономикалық қатынастардың дамуы», «Қала мәдениетінің қалыптасуы» атты тақырыптар құрайды. Тарауда ұсынылған сауда – экономикалық келісім шарттардың маңыздылығы – ХІХ ғасырда қазақ даласында қалыптасқан сауда – экономикалық жағдайдың дамуының жалпы Қазақстанда экономикалық дамудың прогрессивті жағынан көрінуі. Осы іс – шаралардың нәтижесінде қазақ даласында қалалар салынып, қала мәдениетінің қалыптасуын көрсету, жалпы қазақ қоғамындағы болған саяси – әлеуметтік өзгерістердің тарихи маңызын анықтау.

Қорытындылау (1 сағат).

Курс бойынша қорытындылау (1сағат)

 

 

 

 

 

 

 

Аптасына 1 сағат, барлығы- 34 сағат

Курстың тақырыптық – күнтізбелік жоспары

Тақырыбы Сағат саны Күні Әдебиет. Көрнекілік, қолданатын әдіс -тәсілдер
  1 Кіріспе 1    
І ТАРАУ. ХІХ ғасырдың бірінші ширегіндегі патша үкіметінің әкімшілік реформалары (5 сағат)
2 Патша

І Александрдың  басқару дәуірі.

1   Интерактивті тақта, слайд. История СССР с древнейших времен до 1861 года» П.П. Епифанов, П.И.Кабанов, Москва, «Посвещение», 1983 ж.
3 ХІХ ғасырдың бірінші ширегіндегі патша үкіметінің әкімшілік реформаларының алғышарттары. 1   8-ші сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» хрестоматиясы.
4 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғы».

М.М. Сперанский.

Г.С.Батеньков

1   Интерактивті тақта, презентация, 8-ші сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» хрестоматиясы.
5 1824 жылғы «Орынбор  қазақтары туралы Жарғы». П.К.Эссен 1   8-ші сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» хрестоматиясы.
6 Реформалардың салдары және қазақ хандық билігінің күйреуі. 1   Интернет материалдары
ІІ. ТАРАУ. Ресейдегі басыбайлық жүйесі және оның қазақ даласына

тигізген әсері  (5 сағат).

7 Басыбайлық туралы жалпы түсінік.

Пайда болуы, тарихы.

1   «История СССР с древнейших времен до 1861 года» П.П. Епифанов, П.И.Кабанов, Москва, «Посвещение», 1983 ж.
8 Басыбайлықтың дағдарысы және  патша үкіметінің ішкі саясаты. Ресей халқының қоғамдық – саяси ойы. 1   «История СССР с древнейших времен до 1861 года» П.П. Епифанов, П.И.Кабанов, Москва, «Посвещение», 1983 ж.
9 Басыбайлықты жоюдың себебі, барысы.1861 жылғы реформа. 1   «Истрия СССР» оқулығы, авторы Б.А.Рыбаков,  8 сынып Москва, «Посвещение», 1991 ж.
10 Басыбайлықтаң кейінгі қазақ даласы. Орыс шаруаларының Қазақстанға жаппай қоныстануы. 1   «История Казахстана» С.Асфендияров, Алма – ата, «Қазақ университеті» 1993 ж.
11 Қорытындылау 1   тест
ІІІ ТАРАУ. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әкімшілік реформалар

(17 сағат)

12 Патша

ІІ Александрдың  басқару дәуірі.

1   «Истрия СССР» оқулығы, авторы Б.А.Рыбаков,  8 сынып Москва, «Посвещение», 1991 ж.
13 1867-1868 жылдардағы қабылданған реформалардың алғышарттары. 1   «История Казахстана» С.Асфендияров, Алма – ата, «Қазақ университеті» 1993 ж.
14 Реформаны дайындау. И.И. Бутков. Ф.К.Гирс 1   Интернет материалдары
15 1867 жылғы «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ереже» 1   8-ші сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» хрестоматиясы.
16 1868 жылғы «Орынбор және Батыс Сібір губернаторлығы Дала облыстарын басқару туралы Ереже» 1   8-ші сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» хрестоматиясы.
17 Сот реформалары 1   Интернет материалдары
18 Салық және төлемдер жүйесі. 1   Интернет материалдары
19 Реформалардың пргрессивті жақтары:

Денсаулық сақтау және білім жүйесі.

1   Интернет материалдары
20 Жер пайдалану мәселесі. 1   Интернет материалдары
21 Реформаның отаршылдық сипаты. 1   «История Казахстана» С.Асфендияров, Алма – ата, «Қазақ университеті» 1993 ж.
22 Реформаның салдары. Қазақ даласындағы күрделі өзгерістер. 1   8-ші сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» хрестоматиясы.
23 Қорытындылау. 1   тест
24 1868 жылығы «Жетісуға шаруаларды қоныстандыру туралы Ереже» 1   8-ші сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» хрестоматиясы
25 1886 жылғы маусымдағы «Түркістан өлкесін басқару және онда салық өзгерістерін енгізу туралы» 1   8-ші сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» хрестоматиясы
26 1889 жылдың 13 шілдедегі «Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аудару жағдайын қарастыру» 1   8-ші сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» хрестоматиясы
27 1891 жылғы «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы Ереже» 1   8-ші сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» хрестоматиясы
28 Қорытындылау 1   тест
ІV ТАРАУ. Сауда келісімшарттары және олардың Қазақстан экономикасына тигізген әсері. (5 сағат)
29 1851 жылғы Құлжа келісімі. 1   8-ші сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» хрестоматиясы
30 1881 жылғы Петербург келісімі. 1   8-ші сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» хрестоматиясы
31 Қазақстан аумағында сауда – экономикалық қатынастардың дамуы. 1   Интернет материалдары
32 Қала мәдениетінің даму кезеңі. 1   Интернет материалдары
33 Қорытындылау. 1   Конференция
34 Курс бойынша қорытындылау. 1   тест

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. «История Казахстана» С.Асфендияров, Алма – ата, «Қазақ университеті» 1993 ж.;
  2. «История СССР» оқулығы, авторы Б.А.Рыбаков, 8 сынып Москва, «Посвещение», 1991 ж.;
  3. История СССР с древнейших времен до 1861 года» П.П. Епифанов, П.И.Кабанов, Москва, «Посвещение», 1983 ж.;
  4. 8-ші сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» хрестоматиясы;
  5. Интернет сайттар: WWW.Elim.KZ., /znanija.com, studopedia.ru/4, studfiles.ru/preview

ifreestore.net nikulins.ucoz.ru/publ/istorija_kazakhstana/istorija;

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *