Орыс мектебіндегі қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары
Қазіргі кезде мектептегі білім беруде маңызды мәселелердің бірі – оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту. «Құзіреттілік»– оқушының алған білімі мен біліктерін күнделікті өмірде тәжірибе және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ал, «коммуникация» – қарым-қатынас, өзара байланыс дегенді білдіреді.
Оқу орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқытудың
өзіндік ерекшеліктері бар. Пәннің негізгі мақсаты-мектеп оқушыларын қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпы,
тарихын танып білуге талпындырып, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Осы мақсатта біз, ең бастысы, әрбір сабағымызды шығармашылық негізде құрып, тіл дамыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білуіміз керек.Сонда ғана оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, үйренуіне білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасай аламыз.
Оқушылардың әдеби сөйлеу дағдыларын қалыптастыру барысында дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға үйрету,дұрыс сөйлеу дағдыларын,сөйлеу тілінде жаттықтыру, өлеңдер мен әндерді жаттату, көркем шығармалардың өз түсінігі бойынша мазмұнын айтқызу секілді жұмыстардың маңызы зор.
Әдіс-тәсілдер мұғалімнің сабақ үстіндегі іс-әрекетінің құралы болып, оқушының оқу әрекетін белгілейді. Әдіс-тәсілдің таңдалуы оқылатын материалға байланысты болуы керек.
1.Сөздік әдістер( әңгімелеу, әңгіме, баяндау, кітаппен жұмыс)
2.Көрнекілік әдістер(демонстрация,бейне әдістер, бақылау әдістер)
3.Практикалық немесе машықтық әдістер(лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар,өзіндік оқу жұмыстары, жаттығулар,іскерлік,танымдық ойындар, ситуациялық, дискуссиялық әдіс)
Оқушыны сөйлеуге жаттықтыру жұмысы тілдік
материалдан тұратын жаттығулар арқылы жүргізіледі.Жаттығулардың түрі де, мақсаттары да әр түрлі. Оларды грамматикалық, лексикалық және фонетикалық жаттығуларға бөлуге болады. Жаттығу жұмыстары белсенді, жүйелі түрде және белгілі мақсатпен орындалуы керек.Тіл дамытуға арналған жаттығуларды құрастырған кезде, келесі жүйені пайдаланған жөн:тыңдау-қайталау-сөйлеу.
Жалпы білімдік пәндер бойынша В.Ф.Шаталовтың ұсынған әдісі негізінде тірек-конспект, диаграмма, график, логикалық тірек-сызба арқылы теориялық материалдарды блокпен оқытып, дамыта оқыту технология әдістерін қолданамын.
Біріншіден,үздіксіз білім алуға жағдай жасап оқыта отырып дамытуға, екіншіден, өз бетінше білім жинақтауға шығармашылықпен жұмыс істеп өмірге бейімделуіне ықпал жасаудамын.
Соңғы кезде оқу үрдісінде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр. Олар мыналар:
Лысенкованың алдын ала оқыту, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктап оқыту, мәселелік оқыту, оқытудың белсенді әдісі.
Мәселен, Л.В. Занков, Д. Б. Элконин, В.В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады:
1. Жоғары деңгейдегі қиындықты оқыту.
2. Теориялық білімнің жетекші ролі.
3. Оқу материалын жеделдете оқыту.
4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі.
5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.
Л.В. Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін- еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
Өз тәжірибемізде оқыту барысында алдымызға қойған мақсатымыз – баланы субьект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу үрдісінде бірлесе әрекет ету.
Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім – ұйымдастырушы, бағыт беруші.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияның элементтерін қолдану. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. 2015, №5, 14-22-б
2. Инновациялық технологиялар арқылы функционалдық сауаттылықты көтерейік. Қазақстан мектебі.2014,№9, 17-19-б
3. Оқушыларды сын тұрғысынан оқыту тәсілдері. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. 2015, №3. 11-14-б
4. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев.Педагогика.2004
Аймуханова Айгуль Орынбаевна Е.А.Букетов атындағы ОМ a_aymukhanova_75@mail.ru