Баяндама «ТРИЗ» технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері
Баяндама
БАКЕЖАНОВА АЙГЕРІМ ҚАЙРАТҚЫЗЫ
Ортаңғы “БАЛАПАН”тобы
«ТРИЗ» технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері
1946 жылы Г.С Альтшуллер шығармашылық әдісі бойынша жұмысын бастады. ТРИЗ атауы кейінірек 70жылы пайда болады. Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа әдістемесі үшін негіз болып табылады. Шығармашылық мүмкіндіктердің көріне бастауының себебі – балалық кездегі елестету деңгейінің жоғарлығымен, балалардың ойлауын танымдық бағытының дамуымен түсіндіріледі.
Шығармашылық- бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
ТРИЗ құрылу ережесі
Аталған жұмысты кезеңмен жүргізуге болады:
1- кезеңнің міндеттері . Құбылыстар мен заттар арасындағы қайшылықтарды табуға және шешуге, жүйелі ойлауды дамыту, яғни айналасындағы барлық компоненттердің өзара байланысын көре білуге үйрету.
2- кезеңнің міндеттері. Балаларға заттардың жаңа қасиеттері мен сапасын зерттеуге үйрету: жаңа ойыншық, ерекше көйлек, сыйлық және т.б.
3- кезеңнің міндеттері. Ертегі тапсырмаларды шешіп және жаңа ертегілер ойлап шығару.
4- кезеңнің міндеттері. Балаларды әртүрлі қиын жағдайдан шығуға үйрету. Берілген тапсырмалар сіз үшін дайындалған жадынамалардан табылатын ойын барысында, ойын жаттығуларда шешіледі.ТРИЗ технологиясының әдіс-тәсілдері
“ Миға шабуыл” әдісі
“ Қателік және сынау” әдісі
“ Эмпатия ” әдісі
“Тірі және өлі нысандарды салыстыру әдісі
“ Қарама-қайшылық” әдісі
“Фантастикалық ұқсастық” әдісі
Тікелей ұқсастық” әдісі
Мақсаты:
- Қызығушылықты белсендендіру,
- Білімді жүйелеу,
- Салыстырмалалық түсінігін қалыптастыру.
( Жаңбыр: неге жақсы , неге жаман?)
- Ертегі мазмұнын өзгерту
Жануарларды орналастыр» дидактикалық ойыны
Мақсаты:Балаларды тақтада және қағаз бетінде бағытты таба білуге үйрету. 5 бала кезекпен тақтадағы тапсырманы, ал қалғандары үстелдің үстіндегі парақ қағазда фишкамен орындайды. – Оң жақтағы жоғарғы үйшікке ақтиінді орналастыр. – Сол жақтағы төменгі үйшікке мысықты орналастыр. – Төменгі оң жақтағы үйшікке аюды орналастыр. – Жоғарғы сол жақтағы үйшікке қасқырды орналастыр.
«Киімді сипаттау» ойыны
Мақсаты: қиялын, ойлауын дамыту, өзі салған бейне желісін тауып сипаттауға үйрету.
А) Көйлектің түсі жасыл
Ә) Көйлек матадан тігілген
Б) Көйлек киім
В) Көйлекті әже, ана, қыз киеді
Г) Көйлекті қолмен ұстауға болады.
(Киімді сипаттау) (Матрешканы безендіру)
1 сурет 2 сурет
Нәтижесінде :
ТРИЗ балалардың елестету және ойлау қабілеттерін жетілдіреді.
ТРИЗ балаларға білімді қызықты және тартымды түрде жеткізуге, мықты меңгеруге және жүйелендіруге көмектеседі.
ТРИЗ балалар мен педагогты ойлануға, шығармашылықты көрсетуге ынталандырады.
Қорыта айтқанда заманымыздың болашағы – жас ұрпақтың ой – өрісін жоғарлату, тілдік, шығармашылық, әлеуметтік, таным және денсаулық құзіреттіліктерін арттыру, рухани байлығын, тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының негізгі түсініктерімен таныстыру, проблемалық жағдайдан шығу жолын іздеуде алған білімдерін қолдануға үйрету, әрбір тәрбиешінің міндеті деп ойлаймын.