«Тілім менің тұғырлы елдігімнің белгісі» (сынып сағаты) Қазқкенова Әсемгүл Нұрланқызы
Мақсаты: өз елін,туған жерін сүюге және ана сүтімен енген ана тілінің қадір қасиетін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеуде,
қазақ тілі туралы ғұлама ойшылдардың пікірлерін меңгерте отырып, өмірде ана тілінің атқаратын рөлі маңызды екенін талдау;
Барысы: Ұйымдастыру
Тәрбие сағатына шақырылған қонақтармен оқушылардың орналасуын ұйымдастыру.
1.Кіріспе сөз.
2. «Ана тілім-байлығым».Мәнерлеп оқу.
3. «Зерделі болсаң биік шыңға жетерсің» – тіл туралы өсиет сөздер мен мақал-мәтелдерді талдау.
4.Қорытынды сөз.
Жүргізуші: Иә, тіл қай ұлтты болса да,қай елде болса да қастерлі,құдіретті.Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Тіл байлығы әр елдің мақтанышы,атадан балаға мирас боп қалған баға жетпес мұра.Белгілі бір тарихи себептермен кейбір халықтардың әдеби тілі өз тілі емес, өзге халықтың тілі болуы да мүмкін.Мәселен,Үндістанда әдеби тіп көп жылдар бойы ағылшын тілі болып келді,Бразилияның тілі-португал тілі,Аргентина мен Кубаның тілі – испан тілі.
Ал біздің елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілі.Өйткені қазақ халқы сан қилы оқиғаларды басынан өткерсе де тарихи жерін,дәстүрін,тілін сақтап қалған.
1-жүргізуші: Ақын Қадыр Мырза-Әлі жырлағандай:
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
2-жүргізуші: Иә,тіл – халықтың басты қасиетті байлығы болса,байлығымыздың келешек ұрпаққа қалдыру,оның қасиетін білу мақсатында ҚР-ның «Тіл туралы Заңы» 1989 жылы 22 қыркүйекте , Жоғарғы Кеңестің сессиясында қабылданған болатын.
1-жүргізуші: 1990 жылы 20 қыркүйекте «Қазақ тілі» қоғамы құрылды.Оның мақсаты қасиетті тілімізді,қастерлеу,дамыту,басқа ұлт өкілдеріне үйрету еді.
1-жүргізуші:
Ана тілім-ұраным,
Ана тілім-ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
2-жүргізуші:
Бір өзіңде сан ғасырдың жемісі,
Ана тілім тірлігімнің айғағы.
Бұл тілімнің кеңейеді өрісі
Тіл тұрғанда Қазақстан байрағы.
2. «Зерделі болсаң биік шыңға жетерсің» – тіл туралы өсиет сөздер мен мақал-мәтелдерді талдау.
Оқушылар:
1. «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» (А.Байтұрсынов)
2. «Ақыл көркі-көңіл,тілдің көркі- сөз» (Мақал)
3. «Анамыздың ақ сүтінен дарыған тілімізді ұмытпау-бүкіл ата-бабамызды,тарихымызды ұмытпау»- (Б.Момышұлы)
4. «Тіл тас жарады,тас жармаса бас жарады» – (Мақал)
5. «Басқа бәле тілден»
6. «Тіл қылыштан өткір»
7. «Тәтті де – тіл, ащы да – тіл»
8. « Өнер алды-қызыл тіл»
Рефлексия. «Ашық микрофон»
Қорытынды сөз: Тіл – басты байлығымыз,ата-бабамыздың ұлы мұрасы,Ана тіліміздің мәртебесі биіктей берсін!