Тәуелсіздік тынысы

Ұлт тарихында қазақ жұрты елеулі оқиғаларды талай бастан кешірді. Бұл тамыры терең оқиғалар еліміздің берік болуына өз үлесін тигізді десе болады. Көзімізден әрбір тоғысқан тағдырдың, әрбір көрген зардаптың, аштығымен қоса әділетсіздіктің ащы дәмі кетер емес. Ерегесі берік, рухы мықты ел болғаннан кейін асыл тарихымыздың ұмыт қалмауы әр азаматымыздың міндеті болып қала бермек.

Күнтізбеде әр жыл сайын желтоқсан айының 1 күні демалыс күні деп есепке алынады. Алайда бұл демалыс ненің құрметіне екенін бәрі біле бермейді. Желі ызғарлы, қыстың қытымыр айының алғашқы күні – тұңғыш Президент күні. Сонау тоқсан бірде ел алдына шығып, халқының қалаулысы, ұлтын сүйген азамат болуына ант еткен – Нұрсұлтан Әбішұлы еді. Қазақ елінің біртуар ері ретінде елбасымыздың еңбегі толықтай ақталды деуге негіз бар. Өзінің еңбек жолындағы қажымас қайраты пен ұшқыны жанған үміт-оты, оны осы жеңіске әкелді. Тарих толқынындағы бабалар аңсап, аманат боп қалдырған жерімізге тәуелсіздіктің биік туын тікті деп нық сеніммен айта аламыз. Үзігі сан ғасырға тараған бұл жіп сол күні өз жалғасын тапты. “Назарбаев – қалыпқа сыймайтын тұлға” деп қоғамдағы ірі саясат- қайраткерлердің сөздері елбасымыздың кемеңгерлігін айқындай түседі.

1991-дің 16 желтоқсаны қазақтың әр азаматы үшін айтулы күн. Себебі әлемге қазақ деген жаңа мемлекеттің туын тіктік. Көк найза ұшымен, ақ білек күшімен, білімнің қайнар көзімен арпалысқан бабалардың аңсаған үміт отын жаға алдық. Тәуелсіздігімізді алғаннан бері еліміз көкте қалықтаған қыран іспетті, кең далада жүйіткіген құлагердей еркіндіктің тәтті дәмін сезгендейміз. Әр алған деміміз денемізді ерекше бір күйге кештіріп, бойымызға нәр дарытатыны туған даланың қасиеті ғой шіркін! Міне егемендік алғанымызға 30 жыл толып отыр. Қазақстан әлем аренасында біршама алпауытты елдердің қатарына кіруге аяқ басқандай. Жылдан-жылға еліміз көркейіп, экономикалық тенденсияның даму сатыларына өтіп жатырмыз. Ел ішіндегі әр түрлі салалардағы кәсіби мамандардың жұмыс істеу машығы жоғары деңгейлерді көрсетіп, дүниежүзінің көзіне ілігіп жатыр. Жаңа заман талабына сай ақпараттық жүйелер мен технологиялық даму үрдістері қазақ елінің қарқындылығын көрсетіп тұрғандай. Жас мемлекет бола тұра, қайнаған 30 жылда Қазақстан біршама елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Айта кетсек, әр қандасымыздың құқығы қорғалатын ата-заңымыздың тууы, әлемдегі экономикалық нарықта тағы бір жаңалық ашып, ұлттық валюта теңгеміздің еңгізілуі және жерімізді айшықтайтын шекарамыздың белгіленуі тағы бар. Еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі. Назарбаев салған сара жол егемендігіміздің асқақтауына алып келді. Біздің басқа елдерден артықшылығымыз – халқымыздың алуан түрлілігі. Көп ұлтты мемлекет болып, ашық аспан астында тату да бейбіт өмір сүріп жатқанымыз еліміздің құтты қоныс екенін байқатады. Шежірелі тарихы бар, қасиеті тасыған іргелі, берекелі елдің азаматы болу мен үшін әрдайым мақтаныш. Отанымыздың атын асқақтатып, жаһанға жар салып, ұлтшылдықтың лебін сездіріп жүрейік!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *