Тәуелсіздік-қолға қонған құсымыз!
Зинелова Нұрай Нұрлыбекқызы
Тәуелсіздік-қолға қонған құсымыз!
Қазақстан өз алдында тәуелсіз әрі бостандығы бар мемлекет.Осынау еркін елде өмір сүрудің өзі бір ғанибет!
Тәуелсіз елдің әрбір таңы,әрбір күні,әрбір жұтқан ауамыздың өзі ерекше.Себебі,тәуелсіз мемлекет болғанға дейін көптеген қиындықтарды бастан кешірдік.Тәуелсіз мемлекет атану үшін ата-бабаларымыз барын салып,қасық қандарын төкті.Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс».
Тәуелсіздік-маңдайға берген бақыт,қолға қонған құс.Тәуелсіздігімігез оңай қол жеткізбегенімізді білеміз.Осы жолда талай тарихи тұлғаларымыз құрбан болды.Тәуелсіздікке,бостандыққа мақсаттанған көптеген маңызды тарихи оқиғалар орын алған болатын.Солардың ең ауқымдысы әрі тарихи маңызы зор оқиға-Желтоқсан көтерілісі.
Желтоқсан көтерілісі-1986 жылы 17-18 желтоқсан аралығында болған әміршіл-әкімшіл жүйеге қарсы іс-қимылдар.Бұл көтерілісте қаны қазағым деп қайнаған,жүрегі жұртым деп соққан қазақ жастары Алматы алаңына жиналып, «Тәуелсіздік» , «Бостандық» , «Елге азаттық беріңдер» деген жазуы бар плакаттарды ұстап күресті.Соңына дейін беріспей,тек алға ұмтылды.Талайы мерт болды,талайы мүгедектер қатарына қосылды.Барлығын қамап ұрды,соқты.Келер ұрпақтың тәуелсіз болып таңын атыру үшін небір қиындықтарға төзді.Осындай тұлғаларымызды ұмытпау шартымыз! Бұл оқиға тарих беттерінде қанмен жазылған.
Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толайын деп отыр.Дана да, сара ата-бабаларымыздың арқасында келген тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын дегім келеді.Тәуелсіздігіміздің ғұмыры ұзақ болсын!
Керемет жазылған👍🏻👏🏻