Менің тәжірибем
Мен Шөптікөл мектебінде адам жаның зерттеушісі яғни психолог болып жұмыс жасаймын.
Ең бірінші неге психолог мамандығы ? деген сұраққа жауап берейін.
Қазіргі таңда адамдар өзінің менталды денсаулығына көңіл бөле бастағандықтан психолог мамандығына сұраныс көбейіп таңымал болғанымен қатар оның артар жауапкершілігі ақ жаулықты дәрігерлерден кем түспейді.Себебі адам жаны бір бөлек галактика десем де болады. Бұл кезде әлемде шамамен 7470818671 адам бар. Кейбіреулер қорқыныш үрейінде, кейбіреулері бақыттың құшағында, кейбіреулері үміт атты тылсымды күтуде,кейбіреулер өтірік атты тәттіге тәуелді өмір сүруге мәжбүр , ал басқалары өмір мәңгілік деп әр күнгі айналада болып жатқан кішкентай ғажайыптарды көрмейді. Осы секілді әр түрлі эмоцияларды, адам жаның жаралаған қара дақтардың шығу тегін психология ғылымы зерттейді.
Мен үшін адам жаны әрқашан тылсым дүние.Оны түсіну үшін сіз әрдайым ізденіс үстінде болу керексіз. “Адамның жүрегіне ең сенімді жол-ол бәрінен бұрын бағалайтын нәрсе туралы онымен сөйлесу.”деп Дейл Карнеги айтқандай мектеп қабырғасында психолог-педагог ретінде балалармен дұрыс нақты әңгіме дүкен құруға тырысамын. Мен таңдаған мамандық-әр баланың болашағына жол сілтеп, өмірден өз орының табуға түрткі болып, тұлға болып қалыптасуында адами қасиеттерге толы болуына бағыт бағдар беруші деп санаймын.
Келешек ұрпақ мемлекет болашағы ретінде олардың психологиялық денсаулығы өте маңызды .Қазіргі таңда суицид ,әр түрлі ойындардан тәуелді болу ,жаман әдеттерге әуес болу (оның ішінде темекі,алкогольдік ішімдер секілді),ата -анамен дөрекі қарым-қатынастар секілді проблемалардың бастапқы шығу себебін анықтап олармен қалай жұмыс жасау керектігі- менің міндетім.
Сонымен қатар мектеп ұжымындағы әріптестер арасындағы жақсы атмосфера орнатып,әрдайым ұжымдық тұтастық пен бірлікті сақтау психолог қызметінің тағы бір бөлігі.
Мамандығым асқан қырағылық пен мұқияттылықты ,құпиялық принципын сақтауды талап етеді.Әр жеке тұлға әр түрлі бағыт бағдарды ,мәселені шешудің жаңа әдіс тәсілдерін қажет етеді.Осы қиыншылықтарға қарамастан мен мамандығымды жақсы көремін.Себебі адамдардың өзін-өзі түсінуіне,бақытқа қол жеткізуіне, түсініспеушіліктерді шешіп уайымнан арылуына көмектесу мен үшін үлкен бақыт.