БЕРЕКЕЛІ, МЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.

 Жүргізуші: 

-Армысыздар тәрбиешілер мен ата-аналар, қадірлі қонақтар!

Хормен: Берекелі, мерекелі Алтын күз құтты болсын!

 «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Хор: Ән «Алтын күз!»

 

Мади

Алақай! Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты.

Медина

Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап – қап қауын алдық біз.

Димаш

Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
Жантөре

Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.

 

Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Ануар
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.

 

Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып – теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.

 

Эмирхан

Көрініп еліме
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.

Альдияр

Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді

Әмір

Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды.

Қарақат

Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.
Мадиева Мади
Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр – сыбдыр етеді.

 

 

 

Жүргізуші:

Музыканың әуен ойнап тұрады. Ортаға алтын күз келеді. Күзде табиғат көрінісі жиі өзгереді, аспанды бұлт торлап, ағаш жапырақтары жерге түседі,жаңбыра жауады. Құстар жылы жаққа қайтады, астық жинаймыз, жемістер мен көкөністер піседі. Ал маған кім күз мезгіліне арнап  тақпақтар айтып береді.

 

Би «Жемістер» қыздар биі

 

Алтын күз: :

– Қазір біз сендермен «Күз белгісі неде?» деген ойын ойнаймыз.Мен күз мезгіліне байланысты сөздер айтамын, сендер аяқтайсыңдар

-Күзде жапырақтар ………….(сарғаяды).

-Күзде күн …………………(суып, жаңбыр жауады).

-Күзде құстар …………….(жылы жаққа ұшып кетеді).

-Күзде жемістер мен көкөністер………….(піседі).

-Жарайсындар !

Жүргізуші: Алтын күздің себетіңізде жапырақтарыңыз бар секілді,  жапырақтар мен бірге жұмбақтар ала келген сияқты.

Алтын күз: – Әрине ,(Жапырақтарын көрсетеді) жұмбақтарын оқып , балалар жұмбақтың жауабын тез ойлап , шешеді.

 

                           Жұмбақтар шешу

Бойын жерге жасырған

Бұрымы бар жасылдан (сәбіз)

Ұзын мұртты сарылар

Қойнында дәні бар (бидай)

Қалың киім ұнатады

Шешіндірсең жылатады (пияз)

 

                                                           Тақпақтар

 

Қаныбек

 

Жеміс мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген

Нұрғасыр

Берекесі сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Исмайыл
Ақтарады мырза күз
Уылжыған жемісті
Күзге бізде ризамыз
Аянбаған ел үшін
Эсмира
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан – алуан жапырақ
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жамырап
Юсуп
Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

Айдархан

Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық – ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау

Раяна

Сап – сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.

 

Жайдары күз,жомарт күз,
Аяулы күз,алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.

 

 

 

 

Би «  Бақалар  » ер балалар биі


 

Ойын :  Көкіністер мен жемістердін орнын тап

 

 Ән « Осень»

 

Ойын: Ағашта өсетін жемістерді естіген кезде қол шапалақтайды. Жерде өсетін көкеністерді естігенде аяқтарын тыпырлатады.

 

Жүргізуші: «Балбұлақ» ересек тобының алтын күз мерекелік ертеңгілігі  аяқталды, аман сау болыңыздар!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *