19-20 ЖАСТАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚУЫНДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАРЫ
Аннотация: Шетел тілін оқымайтын факультеттердің студенттерінің ағылшын тілін меңгеруіндегі кедергілер талқыланды. Әсіресе, сенімсіздік пен мотивацияның жоқтығы қарастырылды.
Кілт сөздер: Шет тілі, кедергі, сенімсіздік, мотивация.
Шет тілін үйрену кезінде кез-келген студент әртүрлі кедергілерге тап болуы мүмкін. Бұл проблеманың өзектілігі көптеген жылдар бойы зерттеліп келеді. Осы мәселені зерттеу барысында біз басқа ғалымдардың жасаған ғылыми жұмыстарын қарастырдық. Өкінішке орай, бұл мәселеге байланысты қазақстандық ғалымдардың зерттеу жұмыстары аз болды. Осыған орай біз әлемдік деңгейдегі ғалымдардың зерттеулеріне анализ жасадық. Мақаланы жазу барысында біз бірнеше авторлардың жұмыстарымен танысып келесі әдістерді қолдандық: анализ, сауалнама, бақылау, эксперимент.
- James B. Wold «Difficulties in Learning English As a Second or Foreign Language»
- Слободянюк И.С. “Психологические трудности студентов в овладении иностранным языком и их преодоление средствами иноязычного диалога”
- О.П. Бурлакованың “Педагогические пути преодоления учебных трудностей в изучении английского языка у курсантов военных вузов”
- Ванг Хайбо. “Жаңа оқу стандарттары бойынша университеттегі ағылшын тілі мен мектеп ағылшын тілі арасындағы байланыс”
- Гальскова Н.Д/ Гез Н.И. “Теория обучения иностранным языкам.”
Студенттердің шет тілі үйренудегі сенімсіздік пен мотивация жоқтығы.
Осы тақырып бойынша әртүрлі жұмыстарды зерделеу кезінде, біз шет тілі үйренудегі прогрестің болмауының көптеген факторларын анықтадық. Мысалы, James B. Wold «Difficulties in Learning English As a Second or Foreign Language» атты жұмысында, автор әлеуметтік-мәдени факторларын көрсетті. Сонымен қатар, студенттің жұмыс, денсаулық немесе отбасындағы сыртқы мәселелер және оқуға тиімді әдеттерінің болмауы шет тілін үйренудегі маңызды кедергі мен проблемалардың бірі болуы мүмкін [1].
Ал Слободянюк И.С. “Психологические трудности студентов в овладении иностранным языком и их преодоление средствами иноязычного диалога” айтуынша, шет тілін меңгерудегі психологиялық қиындықтары жеке тұлғаның танымдық, мотивациялық, коммуникативті салаларына әсер етеді. Яғни студенттердің жеткіліксіз немесе нашар дамуы шет тілін оқытудың тиімділігін бұзады [2].
Егер алдыңғы екі жұмыс студенттердің психологиялық және әлеуметтік мәселелерін қамтыса, онда О.П. Бурлакованың “Педагогические пути преодоления учебных трудностей в изучении английского языка у курсантов военных вузов” жұмысында, студенттердің практикалық және шет тілідегі біліктер мен дағдылардың жоқтығына назар аударады. Автордың айтуынша, «Көбіне, шет тілін оқу кезінде студенттер фонетикалық, грамматикалық, лексикалық қиындықтар және де ағылшын сөздерін үнемі ұмыту немесе оқушылардың мотивациясының төмендігі сияқты проблемаларға тап болады» [3].
Сондай-ақ, бұл мәселені зерделеу кезінде мектепте және жоғары оқу орнында ағылшын тілін үйренудің айырмашылығын ескерген жөн. Осы мәселеге байланысты қытай авторы Ванг Хайбо өз жұмысын ұсынды. “Жаңа оқу стандарттары бойынша университеттегі ағылшын тілі мен мектеп ағылшын тілі арасындағы байланыс” атты диссертацияда, университетке жаңадан келген көптеген бірінші курс студенттеріне ағылшын тілін үйрену процесінде, әсіресе қабылдаудың алғашқы кезеңдерінде оқуға бейімделу қиын. Кейбір студенттер оқуға деген көзқарасын өзгерте алмай, біртіндеп шетел тілін үйренуге деген құлшынысын жоғалтады [4].
Дегенмен, тіл үйренудің проблемалары мен кедергілерін шексіз тізімдеуге болады. Бірақ біз көптеген ғылыми жұмыстарда нақты проблемалар мен кедергілер жүйесінің болмағанын байқадық, яғни авторлар тек бір салаға назар аударды. Біз қарастырған барлық жұмыстарды қорытындылай келе, шет тілін үйрену кезіңдегі басты кедергілердің түрлерін жіктедік. Олар:
- Әлеуметтік;
- Психологиялық;
- Оқу-практикалық;
- Әдістемелік;
- Технологиялық (материалдық) [5].
Әлеуметтік кедергіге адамның қоршаған ортасы, әлеуметтік сәйкестілігі, сынып немесе топ ішіндегі қарым-қатынасы, отбасылық және денсаулық жағдайы кіреді. Психологиялық жағынан студенттің психологиялық денсаулығы, өзіне деген сенімділігі, шет тілін үйрену дайындығы, сонымен қатар оның темпераменті мен жеке тұлға түрін ескеру қажет. Оқу-практикалық түрі ол студенттің шет тілі деңейі мен дағдылардың меңгеруі, ережелермен сөздердің үйренуі, және тілдік сөйлесімнің практикасы ескеріледі. Әдістемелік ол шет тілі оқытушысының үйрету әдістері мен студенттердің мұғалімге деген қарым-қатынасы жатады. Және де соңғысы ол технологиялық немесе материалдық. Бұл студенттердің сыртқы мәселелерін қамтиды: шет тілі үйренудегі сағат саны, технологиялық жабдықталуы және материалдық қор.
Әрине, біз бұл мәліметтерге сене аламыз, өйткені олар тексерілген және шынымен де ағылшын тілін үйренуде кедергі келтіреді. Бірақ оны растау үшін біз студенттердің пікірін де білуіміз керек. Осы ақпаратты тексеру үшін, біз тілдік емес 6 түрлі факультет топтарынан сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға экономика факультеті, сәулет факультеті, педагогика факультеті, заң факультеті, биология-география факультеті мен филология факультеттің студенттері қатысты. Жалпы алғанда 65 студенттерден сауалнама алынды. Сауалнамада біз жіктеген түрлерге тиісті сұрақтар қойылды. Олар:
- Шет тілін үйрену сізге оңай ма?
- Сіздің ойыңызша сіздің ағылшын тілі деңгейіңіз қандай?
- Шет тілін үйренген кезде, сізде сенімсіздік(комплекс; стресс) болды ма?
- Шет тілін үйренгенде сізге материалдық қор (Интернет желісі, кітаптар) қол жетімді немесе жеткілікті болды ма?
- Мектепте немесе университетте шет тілі мұғалімі қандай болды? Мұғалімнің қарым-қатынасы шет тілі үйренуде сізге қалай әсер етті?
- Мектеп пен университеттегі шет тілін оқутыдағы айырмашылыктар бар ма? Қандай?
- Шет тілі үйрену кезінде сізге әлеуметтік жағынан кедергілер болды ма? (сынып немесе топ ішіндегі қарым-қатынас; денсаулық жағдайы; отбасылық жағдай және т.б.)
- Сіздің айналыңыздағы қоршаған орта мен атмосфера шет тілін үйренуге әсер етті ма?
- Ағылшын тіліндегі 4 дағдылардың ішінде сізге қай дағдылар ең қиын болып саналады?
- Шет тілін үйрену кезіндегі сізде қандай проблемалар мен кедергілер болды?
Бірінші сұрақ бойынша 74% студенттерге шет тілі үйрену оңай, бірақ олардың деңгейлері көбінесе орташа деп санайды. Жалпы алғанда, факультеттердің арасында 3 курс студенттердің шет тілі деңгейлерінде айырмышылығы жоқ. 3 курс студенттердің жартысы (50%) айтылым жағынан сенімсіздік бар. Шет тілі үйрену кезінде студенттерде материалдық қор мен технологиялық жабдықтама жеткілікті болды. Бірақ, мектеп кезінде студенттердің 82% мұғалімдер шет тілі сабағында ешқандай әсер еткен жоқ. Осы көрсеткіш бойынша, студенттердің 68% шет тілі мұғалімдердің қарым-қатынасы жақсы болды, бірақ шет тілін үйренуде көп көңіл бөлген жоқ. 14% мұғалімдер оқуға деген құштарлықты оятқан жоқ деп жазды. Осыған орай, студенттерде университетте мектептен кейін, шет тілі оқытуда проблемаларға тап болды. 64% студенттердің пікірінше, университет пен мектептегі шет тілі оқытудағы айырмашылықтар бар. Университетте оқу бағдарламасы мен материалалдар өте күрделі. Тілдік қор мен дағдылар жағынан студенттерде мектепте қатты көңіл бөлген жоқ, осыған байланысты ЖОО-да проблемалар пайда болады. Әлеуметтік жағынан студенттердің 26% кедергілер болды. Бірақ оларға көбінесе (60%) қоршаған орта мен сынып атмосферасы әсер етеді.
Ағылшын тіліндегі 4 дағдылардың ішінде 43%-да сөйлесім (speaking) және 37% тыңдалым (listening) дағдылары ең қиын деп ойлайды. Факультеттердің арасында сәулет факультеті, заң факультеті, биология-география факультеті мен филология факультеттінде сөйлесім дағдысымен проблема бар, ал эконмикалық және педагогикалық факультеттері тыңдалым дағдысымен қиындықтармен кездесті.
3 курс студенттердің пікірінше, шет тілі үйрену кезіндегі көптеген факторлар әсер етеді. Және де әрбір факультеттің кедергілері әртүрлі. Оларды егжей-тегжейлі қарастырайық:
- Сәулет факультеті: Мотивацияның жоқтығы, жалқаулық, ұялшақтық;
- Биология факультеті: Қызығушылықтың болмауы, практиканың болмауы, еріну, тырыспау, сенімсіздік, жалқаулық, түсінбеушілік, мұғалімдердің әсері;
- Экономика факультеті: Практиканың болмауы, базаның дұрыс оқымауы, тырыспау, көп уақыт курсқа бармау, адамның өзінің талпынысының, дайындықтың болмауы, сенімсіздік, жалқаулық;
- Педагогикалық факультеті: Қызығушылықтың жоқтығы, сенімсіздік, есте сақтау, қорқыныш.
- Заң факультеті: Практика болмауы, тырыспау,талпыныс жоқтығы;
- Филология факультеті: Тырыспау.
Сенімсіздік пен мотивацияның жоқтығы ең көп кездесетін проблемалардың бірі болып табылады. Бірінші проблема ол сенімсіздік кедергісі. Көбінесе сөйлеу жағынан студенттерде барьер бар. Ағылшын тіліндегі тілдік сенімсіздігі- бұл шет тілде сөйлеу кезінде туындайтын қиындықтар. Шет тілін үйренетін кез-келген адам бұл жағымсыз құбылысты бастан өтеді. Кедергі тек жаңадан бастаушыларда ғана емес, сонымен бірге сенімді білімі бар адамдарда да пайда болуы мүмкін.
Ағылшын тіліндегі сенімсіздіктің психологиялық себептері:
- Қателіктерден қорқу;
- Айтылым жағынан ұялу;
- Баяу сөйлеуден қорқу;
- Әңгімелесушінінің сөзін түсінбеу қорқынышы;
- Махаббатың жоқтығы.
Лингвистика жағынан келесі себептерден проблема пайда болуы мүмкін:
- Сөздің қордың жетіспеушілігі;
- Грамматиканы нашар білу;
- Практиканың болмауы.
Шет тілі үйренуегі тағы бір проблемасы ол мотивацияның жоқтығы. Мотивацияның болмауы еркін және дұрыс сөйлеуді үйренуге үлкен кедергі келтіреді. Сонымен, студенттерді шет тілін үйренуге деген ынталандырудың жоқтығының себептері:
- Шет тілін үйреу өте қиын және қызықсыз. Біздің барлық әрекеттеріміз, тіл үйренуге деген белсенділігіміз мотивацияға үлкен әсер етеді.
- Нақты қойылған мақсаттың болмауы.
- Пікірлестердің болмауы.
Біз студенттердің басты мәселесі- сенімсіздік пен мотивацияның жоқтығы екенін таптық. Әрине, біз бұл мәселені шешіп, осы кедергілермен күресудің жолдарын ұсынуымыз керек. Оны шешу үшін біз педагогика факультетінің 3 курс студентімен бірігіп эксперимент жүргіздік. Эксперименттің алғашқы кезеніңде біз студенттің шет тілі үйрену кезіңдегі жақсы жақтарын мен оның сенімсіздіктерің анықтап алдық. Студенттің бойында жауапкершілік қасиетін, оқуға деген талпынысын, жаңа білімге қызығушылығын байқадық. Сонымен қатар, студент өз сенімсіздіктерімен бөлісті. Студенттің айтуынша, сабақта қол көтеріп, бірінші болып айтуға қорқынышы бар, қате айтудан ұялады, үлкен аудитория алдында сөйлеу фобиясы бар, сөйлеу кезіңде ойды немесе сөздерді ұмытатып қаламын деп қорқады. Сенімсіздіктер себептеріне ол мектепте мұғалімдердің негативті реакцияларын, шет тілі мұғалімі сабақ бойынша жеткілікті білім бермегенің, сөздік қордың жеткіліксіздігі, және сыныптастармен немесе достармен практиканың жоқтығы.
Осы кедергілерді шешу үшін біз «Speaking challenge» атты әдісін ұсындық. Бұл challenge күнделікті тілде сөйлесуге мүмкіндік береді және грамматика, лексиканы дамытады, сенімділік және еркін сөйлеу бойынша тиімді жұмыс істеуге көмектесетін тұрақты әдетті қалыптастыра алады.
«Speaking challenge» қатысудың артықшылықтары:
- Күнделікті әдеттер қалыптасады;
- Күшті және әлсіз жақтарды бақыла алу;
- Сөйлесу тәжіребесін алу мүмкіндігі;
- Сөйлеу қорқынышын жеңу;
- Сенімділікті арттырады;
- Грамматиканы дамытады;
- Сөздік қорын кеңейтеді;
- Айтылымды жақсартады.
Эксперименттің жоспары:
- 1 күні: Студент кез-келген тақырыпқа мәтінді айнаның алдында немесе диктофонға жазып, дайындалу керек. Таңдаған тақырыпқа байланысты керекті сөздерді, сөз тіркестерді тауып оны мәтінде қолдануға болады.
- 2 күні: Мәтінді жаттап, студент өз жақын досына немесе туысына айту қажет. Өз тапқан жаңа ақпаратты түсіндіруге де болады.
- 3 күні: Студент эксперименттің бір қатысушысына осы 2 күнде тапқан ақпаратты мен мәтінді диалог ретінде талқылай алады.
- 4 күні: Егер студентте кішкене сенімдік пайда болса, келесі күнінде эксперименттің барлық қатысушылармен полилог өткізілді. Полилог кезінде қатысушылар бір-бірімен өз ашық түрде сөйлесе алады. Олар өз эмоцияларды, ойларды, тәжірибені бөлісе алады. Сенімсіз студенттерге мотивация сөздері айтылу керек. Полилог ағылшын тілінде болу керек. Қателіктерге көңіл аударуға болмайды.
- 5 күні: Студент алған тәжірибені мен эмоциялармен бөліседі. Оған өткізілген «Speaking challenge» көмегі қандай болды? Ол оның сенімсіздігін жеңе алды ма? Шет тіліндегі сөйлесім дағдысында прогресс болды ма?
Эксперименттің нәтижелері: Студент осы 5 күннің ішінде өзінде кішкене болса да прогрессті көрді. Бірінші күні студент өз мамандығына байланысты тақырыпты таңдады. Студент таңдаған тақырыпты айнаның алдында бірнеше рет айтты. Бірақ ұялғаннан, диктофонға өз жауабын жазған жоқ. Екінші күні ол тапқан материалды өз топтас жақын досына түсіндіріп айтты. Үшінші күні студент эксперимент қатысушысымен диалог өткізді. Диалог кезінде студент өз-өзінді жақсы ұстады, дауыс пен айтылымда сенімдік болды. Бірақ кейбір сөздерді ұмытқанда кішкене сенімсіздік байқалды. Төртінші күні топ ішінде полилог өткізілді. Полилогқа 5 адам қатысты: студент, 4 эксперимент қатысушылары. Студент бірінші кездерде топ алдында сөйлегенді қорқты, бірақ сәлден кейін өзіңді бос ұстады. Студент сөйлегенде өз-өзіңді сенімді ұстады, айтылым жағынан кедергілер болған жок, бірақ дауысы кішкене дірілдеді. Студент сұраққа жақсы жауап бере алды. Бесінші күні студент осы әдіске өз әсерін айтты. «Speaking challenge маған сөйлеу дағдыcын дамытуға кішкене болса да көмектесті. Менің ойымша, осы әдісте ең маңызды нәрсесі ол ашық және көңілді орта болды, өйткені ол шынымен де ұялшақтықты мен сенімсіздікті жеңу үшін өте маңызды. Сондай-ақ, маған айтылған мотивациялық сөздер мен кеңестер өте қызықты және керекті болды, сонымен қатар лексиканың біршама кеңеюіне ықпал етті, себебі барлық сөздер ағылшын тілінде айтылды. Бірақ сенімсіздікті жеңу үшін бір апта жеткіліксіз деп ойлаймын. Өйткені мен осы 5 күннің ішінде тек қана бір топтың ішінде сөйлесуді үйрендім. Егер мен басқа танымал емес ортаға барсам, менің сенімсіздігім қайтадан пайда болады. Бірақ егер осы әдісті 1 немесе 2 айға ұзартқанда, мүмкін көбірек прогресс болушы еді».
Студенттің әсерінен, біз бұл әдіс шынымен көмектесетінін түсінеміз, бірақ бізде бір апта ғана болғандықтан, біз осы әдісті толығымен пайдалана алмадық. Осы уақыт ішінде біз студенттің көпшілік алдында ағылшын тілінде сөйлесу тұрғысынан ілгерілеуін көрдік. Бірақ біз студент үшін күнделікті тәжірибе ғана емес, ең бастысы қолдау мен назар қажет екенін түсіндік. Эксперимент барысында біз күн сайын студентпен байланыста болдық, оның көңіл-күйін, әсерлерін мен жетістіктерін сұрадық. Қорытындылай келе, сенімсіздік бар студенттерге басқалардың қолдауы мен сүйіспеншілігі қажет. Оның отбасы, достары және оқытушылар жағынан қолдау болу керек.
Бірақ қолдаудан басқа, бірнеше шешу жолдарын ұсына аламыз:
- Қателіктер жасаудан қорықпаңыз. Оларға ешкім мән бермейді. Тек қателіктер жасау арқылы біз тілді үйрене аламыз. Қателіктеріңізден ұялмауға тырысыңыз, оларды қабылдап, түзетуге тырысыңыз.
- Барлық адамдар бірдей екенін түсініңіз. Ешкім мінсіз емес. Сіздің топтастарыңыз ағылшын тілін сізден жақсы біледі деп ойламаңыз. Олардың да кемшіліктері бар, бірақ олар мұны көрсетпейді және де оларды жеңуге тырысады.
- Сіз өзіңіздің сенімсіздік себебін анықтаңыз. Егер сіз өз қорқынышыңызды анықтасаңыз, оны жеңу әлдеқайда оңайға түседі. Сонымен қатар, олар туралы айтуды қорықпаңыз. Жақын адаммен өз сенімсіздіктермен бөлісу, сізге үлкен көмек бере алады.
- Кез-келген нәрседе жақсы жақтарды іздеңіз. Сенімсіздік кезіңде позитивті табу өте қиын, бірақ тиімді. Адамдар алдында сөйлеуге, басқа елдің тілің үйренуге, күн сайын жаңа нәрселерді білуге мүмкіндігіңіз бар екеніне риза болыңыз.
- Көмекке жүгіңіз. Егер де студент өз қорқынышты жеңуге күші жетпейтінін сезсе, онда көмекке жүгіну керек. Кәсіби психолог немесе терапевт міндетті түрде қиындықтарыңды жеңуге көмектеседі.
Біз тіл үйренудегі екінші кедергі мотивацияның жоқтығы деп айтқан болатынбыз. Бақытымызға орай, эксперимент кезінде біз студенттің мотивацияланғанын байқадық. Ол оқуға және жақсы жаққа өзгеруге дайын болды. Бірақ біз бұл ерекше жағдай екенін білеміз, өйткені көптеген студенттер жаңа тіл үйренуге ынталы емес. Бұл әдетте тіл үйренудің теріс тәжірибесіне байланысты. Осы мәселені шешу үшін, бірнеше ұсыныстарды бере аламыз:
- Шет тілін сіз не үшін үйреніп жатқаңызды анықтаңыз. Ол сізге керек пе? Егер керек жоқ болса, неге сіз оны әлі үйреніп жатырсыз? Ал егер қажет болса, себептерін әрқашанда есіңізде сақтаңыз. Келешекте олар сізге жұмысты жалғастыруға көмектеседі.
- Өзіңізге нақты мақсат қойыңыз. Және осы мақсатқа жету үшін жоспар құрып алыңыз. Жоспар арқылы сіз өз-өзіңізді бақылап, ынталандыра аласыз.
- Сіз жақсы көретін нәрселерді немесе хоббиіңізді шет тілі үйренумен байланыстырыңыз. Сізге ұнайтын нәрселерді жасау арқылы тіл үйрену оңайырақ болады.
- Сіздің прогрессіңізді тексере алатын адамдарды табыңыз. Олар сіздің жақын достарыңыз, отбасыңыз немесе шет тілі үйреніп жатқан серіктесіңіз бола алады. Олар сіздерді тек қана бақылап қана қоймай, сонымен қатар ынталандыра алады.
- Өз-өзіңізді мақтауға ұмытпаңыз. Өмірде біз негативті жақтарға көп көңіл бөлеміз. Біз қандай да бір биіктерге жеткенде біз одан да жақсы нәрсені жасай аламыз деп ойлаймыз. Дегенмен, сіз мақсаттарыңызға жетіп, аяқтаған кезде өзіңізді мараппаттауыңыз керек. Осылайша сіз өзіңіздің жетілдірулеріңізді, күшті жақтарыңызды және жетістіктеріңізді одан әрі мойындайсыз. Және де сіздің мотивацияңыз одан әрі жоғарылайды.
Қорытындылай келе, жаңа тіл үйренуге үлкен күш қажет екені сөзсіз. Әсіресе студенттер сенімсіздік пен мотивацияның жоқтығы сияқты кедергілерге тап болған жағдайда, онымен күресу қиынға соғады . Психология тұрғысынан қарастырғанда біз шет тілін үйренуде осы проблемалар маңызды рөл атқарады деген қорытындыға келеміз. Егер біз ұсынған барлық әдістерді жүйелей келсек, онда біз студенттерге әрқашан позитивті көзқарасты сақтап, негативті ойларға берілмеуіңізге кеңес береміз. Сіз өзіңізге әрдайым көмектесуге және қолдауға дайын адамдармен байланыс орнатуды ұсынамыз. Осы кедергілерді жеңу үшін көп жылдарды арнау қажет, бірақ оған шағын әрекеттерді күн сайын жасағанда, болашақта оның маңызы зор болуы мүмкін. Шет тілі үйрену сіздің күнделікті өміріңізге енеді және қызықты процеске айналады.
Қолданылған әдебиеттер:
- Wold, James B., “Difficulties in Learning English As a Second Or Foreign Language” (2006). All Regis University Theses. 333. – 86 p. https://epublications.regis.edu/theses/333
- Слободянюк И. С. Психологические трудности студентов в овладении иностранным языком и их преодоление средствами иноязычного диалога: автореф. дис. на соиск. учен. степ. канд. псих. наук ( 00.07)/ Рыжов В.В., Большакова В.В., Емельянова Н. А.; ГОУ ВПО Чувашский гос. пед. университет им. И.Я. Яковлева. – Нижний Новгород, 2009. – 24 с.
- Бурлакова О. П. Педагогические пути преодоления учебных трудностей в изучении английского языка у курсантов военных вузов: автореф. дис. на соиск. учен. степ. канд. пед. наук (13.00.08)/ Герасимов В.Н., Чухлебова И.А., Романов В.В.; Федеральное гос. казённое военное образовательное учреждение высшего образования «Военный университет» Мин. обороны Р.Ф. – Москва, 2019. – 24 с.
- 王海波.新课程标准下大学英语和高中英语的衔接[J].浙江万里学院学报,
- Теория обучения иностранным языкам. Лингводидактика и методика учеб.пособие для студ.лингв. ун-тов и фак. ин. яз. высш. пед. учеб. Заведений / Н.Д. Гальскова, Н.И. Гез. – 3-е изд., стер. – М. : Издательский центр «Академия», 2006. – 336 с.
Керемет! Мақала өте қызықты және пайдалы деп ойлаймын