«ЕРТЕГІ ТЕРАПИЯСЫ ЖАС БАЛАЛАРДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ СФЕРАСЫН ДАМЫТУ»

«ЕРТЕГІ ТЕРАПИЯСЫ ЖАС БАЛАЛАРДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ СФЕРАСЫН ДАМЫТУ»

Бухар-жырау ауданы Баймырза ауылы “Балдырған”бөбекжайы” КМҚК тәрбиешісі Шарайманова Алия Аманжоловна

«Ертегі терапиясы» өте ертеден келе жатқан психологиялық және педагогикалық әдіс болып табылады.

Ертегі терапиясы – бұл кез – келген басқа да психотерапия сияқты, жан – дүниені тану және емдеудің түрі. Ол ертегілерді психикалық процестердің өту және көріну формасы ретінде зерттейді, психикаға жағымды әсер ететін ертегілерді тудырады. Онда психикалық процестердің желілігіне, басқаша айтқанда, адамның жан дүниесінде болып жатқан құбылыстарға көңіл аударады. Әдетте, олар мәдениет пен уақытқа тәуелсіз, адамдар үшін әмбебап болып келеді. Ертегі терапиясы адамда санасыздықтың дамуы мен нақты кескін бойынша өзін көрсете алады. Ертегі кейіпкерлері бір мезгілде екі психологиялық деңгейге – сана және сана астылық деңгейлерге айналады. Мұның өзі коммуникациядағы күрделі эмоциялық қарым – қатынастың тиімді әрі әсерлә жағдайын құру қажет болғанда, түзету жұмысы үшін аса маңызды, ерекше мүмкіндіктер тудырады.

 Ертегі – терапиясы екі бағытта жүргізіледі.

Біріншісі – айту мен баяндауға құрылған нұсқа.

Екіншісі – қойылымдық бағыт. Педагог – тәрбиешілер «Мұның пайдасы орасан зор», –  дейді.

Ертегі терапиясында терапия имиджі деп аталатын арнайы бағыт бар. Терапияның ғажайып имиджін құрушы Петербургтік ертегіші және сиқыршы А.В.Гниздилов. Осы жаңа имидж арқылы символикалық түрде жаңадан өткен шағын, қазіргі уақытын және болашағын алып отырады. Өйткені біздің әрбіріміз өмірде көптеген рольдерді ойнаймыз. Бірақта біз әбден бір рольге үйреніп алатынымыз соншалық, сол рольдің құлына айналып кететін кездер де болады.  Психологтар мұндай көріністі “Бейнеге сәйкестену” деп атайды.  

Адамның бейнелерге  нақтылай сәйкестене алмауы, оны спонтандылықтан айырады. Осы жерде көмекке ертегілер келеді. Дәл осы жерде тіптен өзгеруге мүмкіндік болады. Өзін  күтпеген рольдерде сынап көруге жағдай жасалынады. Ертегі терапиясының негізгі мәні – лезде адам кейпін өзгерту.

Адам ғажайып өмірді басынан өткере отырып қосымша күштерді меңгереді. Ғажайып ертегі бейнесінде ол өмірде өзіне жетіспейтін күштерді сезінеді және өз бойындағы күштерді анықтайды.

Ертегі терапиясының мақсатында психологиялық  тәжірибеде ұлттық және атақты авторлардың (Х.К.Андрсен, К.С.Льюс, Е.Шварц) ертегілерін және психотерапияға арналып арнайы жазылған авторлық ертегілерді қолдануға болады. Ертегінің әрбір түрінің өзіндік жетістігі мен өзіндік кем жақтары бар. Ұлттық ертегілерді қолданудың негізгі жетістіктеріне тоқталып кетер болсақ, оларға мыналарды жатқызуға болады:

–     ертегінің метафоралығы және бейнелігі жекелік проекцияның мүмкіндіктерін  қамтамасыз етеді;

–     топтың және клиенттің белгілі бір қойылыммен  немесе ертегі мәтінімен сөзбе-сөз таныс болуы;

–     жете түсіндіруді қажет етпейтін, ғасырлар бойы айтылып келе жатқан қойылымдар;

–     динамикалылығы;

–     алуан түрлілік, қажетті тақырыпты таңдап алуға мүмкіндіктің болуы;

–     ұлттық ерекшелік пен ұлттық мінез-құлыққа сәйкестік.

Ертегіні оқудан басқа ертегі терапиясын ұйымдастыруда қолдануға болатын кең таралған мүмкіндіктер бар. Ертегі мотиві бойынша сурет салу – естігенді бекітуге, кейіпкерлерді сызба түрінде елестетуге мүмкіндік береді. Сурет салу барысында бала өзін бос сезініп, еркін ассоциацияларға ерік береді. Өйткені, көбіне сөзбен жеткізе алмағанын қағаз бетіне еркін сала алады.

Кейіпкердің тәртібі мен мотивінің іс-әрекетін талқылау-балаға ертегі кейіпкерлеріне қатысты бағалау позициясын алуға, соған байланысты «жақсы», «жаман» категориясында өзінің бағалау жүйесін құруға мүмкіндік береді.Ертегі эпизодтарын ойнау-балаға басқа кісіге айналуға, кейіпкердің көңіл-күйін сезінуге, өз эмоцияларын  білдіруді жетілдіруге мүмкіндік беру.Қойылымды ойнауға тек балалар қатыспай , қуыршақтарды қолданып ойнауға болады.Ертегіде өзінің кейіпкері туралы, оның өміріндегі қиыншылықтар туралы сөз болып, кейіпкер тұлғасының қалыптасуы мен дамуы туралы әңгімеленеді.Онда кейіпкер дің ерекшеліктері, өмірі, тағдыр тәлкегі, қандайда да бір нәтижеге келтірген таңдаулары туралды айтылып, не болса да ертегінің соңы міндетті түрде оптимистік болуы тиіс.Ертегі терапиясы-полифункционалды психотехника.Оқытудың мазмұнына байланысты, ертегі келесі даму түрлеріне жағымды әсер етеді.Ертегі терапиясы сабағын ұйымдастыруда жұмыстың мақсатын анықтаған өте маңызды: Не жоспарланып отыр? Қандай нәтижеге жетеді? Бала қандай қасиетке ие болды? Балалардың өмірінде болатын нақты қиындықтар көрсетілген «ерекше» ертегіні таңдау керек. Біреуге тәуелді болу, тіл табыса алмау, үрейлік, қорқақтық, қоршаған ортаға жағымсыздық, өзіне деген бағасы төмен,қайшылықтық.Ертегі терапиясы сабағын белгілі бір  ритуалдан бастап, сонымен аяқтау маңызды. Балалар «сиқырлы» нәрселерді бар ынтасын салып орындайды.Бұл ритуалдарды орындау балаларға қуаныш әкеледі.

Ертегілер құдіретті нәрсе: ұйқыға  батқызады, қызықтырады, тыныштандырады, көңілдендіреді, қолдайды, үйретеді, сендіреді. Ертегі терапиясы – педагогикалық және психологиялық тапсырмаларды саны мен сапасы жағынан тіпті ең инновациялық технологиялардан кем қалмайтын ғажап психотехника.

Қорыта келе, жүргізуші ертегіні қаншалықты жақсы көргенімен оны орынды қолдана білуі қажет. Ертегіге негізделген ғажайып ойындар адамның әлсіз және күшті жақтарын ашып, көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар,  мінез – құлқындағы кейбір жағымсыз жақтарының себептерін анықтауға мүмкіндік береді.

Ертегі жақсылыққа үміт береді де баланың өмірінде болып көрмеген бірқатар өмірлерде өзін көз алдына елестетіп, Ертегіні оқып жатқан уақыттағы елестетіп ойлау арқылы пайда болатын суреттер әр баланың өзіндік жеке екендігіне қарамастан, ертегінің феномені балалардың түсіндіруге мүмкін емес таңғаларлық ғажайып шытырман оқиғаға қызығушылық болып  табылады.

Балалар ертегі арқылы эстетикалық тәрбие алып, шығармашылық қабілеттері арттырады, ой – қиялдарын, елестету арқылы артикуляциялық гимнастиканы  орындай отырып, қол маторикасы  дамытады.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *