Дефектологиялық тапсырмалар
Дефектологиялық тапсырмалар
Дефектология (лат. defectus – жетімсіздік және гр. λόγος – ілім) – педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл – ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін арнаулы саласы. Дефектология төрт салаға бөлінеді: сурдопедагогика – мылқау балаларға, тифлопедагогика – зағип балаларға, олигофренопедагогика – ақыл – ойы кеміс балаларға, логопедия – тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді. Дефектология, сондай – ақ дене кемістігі күрделі (соқыр және саңырау, саңырау және ақыл – ой кемістігі бар, т. б.) балаларды оқытып тәрбиелеуді де қамтиды. Дефектология невропатология, генетика, психология, педагогика, тіл білімі секілді бірқатар ғылым салаларымен де тығыз байланысты. Шет елдердің көпшілігінде «Дефектология» терминінің орнына «арнайы оқыту» термині қолданылады. Ал Германияда, Австрияда, Швецияда бұл сала «емдік педагогика» деп аталады. Бұрынғы КСРО – да Дефектология жөніндегі ғылым – зерттеу жұмыстарын Мәскеудегі Педагогика ғылымдар академиясының Дефектология институтында, Киев педагогика және психология институтында, басқа да педагогикалық институттардың дефектология факультеттерінің кафедраларында, мектептерде жүргізілді. 1931 жылы Алматыда құлағы мүкіс, 1932 жылы көз кемістігі бар балалар үшін алғашқы арнаулы мектептер ашылды. XX ғасырдың 60 – жылдарынан бастап көмекші мектептер жұмыс істеп келеді. Мұндай мектептерде жұмыс істейтін арнаулы кадрлар 1976 жылдан Алматы мемлекеттік университетінде, 1984 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде даярланады. Қазақстанда табиғи кемістігі бар балалар мемлекет есебінен арнаулы мектептерде тегін оқытылады. 2 – Дефектологияның негізгі міндеттері. 1) Түрлі кемістіктері бар балалардың дене және психикалық дамуының обьективті заңдылықтары мен ерекшеліктерін терең жан – жақты клиникалық – физиологиялық және – психологиялық – педагогикалық зерттеу. 2) Кемістігі бар балаларды жан – жақты клиникалық, физиологиялық, психологиялық зерттеу. Оның құрамына: кемістіктің негізі мен құрылымын және түрлі ауытқуы бар баланың коррекциялық компенсаторлық мүмкіндіктерін анықтау; нақтылы оқыту және тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін, кемістігі бар балаларды педагогикалық іріктеу мәселелерін шешу; кемістігі бар балаларды тауып, есепке енеді. 3) Кемістігі бар балаларға арналған арнайы мекемелерді ұйымдастырып, дамытудың принциптерін жасау және негіздеу. 4) Кемістігі бар балаларға арналған мекемелердегі оқу – тәрбиелеу процесінің мақсаттарын, ережелерінің мағынасы мен әдістерін анықтау. 5) Балаларда кемістікті болдырмаудың алдын – ала профилактикалық шаралар жүйесін жасау. 6) Кемістігі бар тұлғаларды дамытудың алуан кезеңдерінде қоғамға араластыру процесінің пәрменділігін арттыру. Дефектология бірқатар ұқсас психологиялық – педагогикалық және медициналық ғылымдармен байланысты. Мұғалім – дефектологтың алдына қазіргі уақытта міндет жүктеліп отыр: 1. Оқушыға білім беру. 2. Жалпы білім беретін пәндер арқылы оқу дағдысын еңбек пәнімен байланыстырып қолдану. 3. Жағымды мінез – құлық қалыптастыру: өтірік айналадағы адамдарға қайырымды болуға, махаббат, еңбек, сүюге, әлеуметтік бейімделуге үйрету. Бұл міндеттерді негізге ала отырып, психологиялық, педагогикалық түзеу жұмыстары мынадай принциптер сүйенеді: баланы жан – жақты, жеке тұлға ретінде зерттеу; шаршағандығын ескеру; оқу дағдыларын ойын түрінде ұйымдастыру және ойын арқылы тапсырмаларды орындау, кеңістікті бағдарлама және т. б.; мектеп өміріне, тәрбие сағаттарына қатыстыруды; оқытуды арнайы әдістемелер арқылы ұйымдастыру; оқушының жылдық психодиагностикасының деңгейін бақылау. Тиімді жұмыс атқару үшін маман өзінің беретін пәні әртүрлі әдіс – тәсілдерді білуі, оқушылармен қарым – қатынаста болуы қажет. Осы мәселелерді әрдайым сабақта, сабақтан тыс уақытта, белгілі бір мақсатта емес әр түрлі жағдайларда қолданып отыру, атқарылған жұмыстардың нәтижесін көрсетеді. Қорыта айтқанда, қазіргі кезде қоғам дарында қабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке тұлғаның өсуіне психологиялық – педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне – өзі сенімді, жауапкершілік қасиет сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру. Жас нәрестенің сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімін өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азамат мен азаматшалар