АДАМ ОРГАНИЗМІНЕ ГАЗДАЛҒАН СУСЫНДАРДЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, философия ғылымының кандидаты

Жанатаев Д.Ж.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты Аблай А.П.

Қазіргі заманда газдалған сусындардың түрлері өте көп. Оларды екі мынадай үлкен топқа біріктіруге болады: минералды сусындар және лимонадтар. «Лимонад» сөзі итальяның, «limonata», лимонды су сөзінен шыққан.Газдалған сусындар 0,3-0,6% көмірқышқылмен концентрацияланған. Көмірқышқылы сусынның рН төмендетуге және кейбір микроорганизмдердің бактериялық күшін жоюға әсер етеді. Газдалған сусындардың биологиялық бағасы оны витаминдегенде артады. Жасанды дәмдеуіш қоспалардың барлығы сусындарға әртүрлі дәм береді.Бірақ олардың құрамында табиғи жемістердің қоспасы жоқ. Ендеше, оларда біздің ағзамызға пайдалы да ештеме жоқ деген сөз. Газдалған сусындар да ароматты дәм болуы үшін оған арнайы дәмдеуіштер, бояғыш заттар және сақталу мерзімін ұзарту үшін консерванттар қосады.Газдалған сусындардың негізгі құрамы – қант. Ол барлық сусындарда болады, 3,5- тен 6 қасық қантқа дейін әрбір стаканда кездеседі. Газдалған сусындарды үнемі және жиі қолданудың ең ауыр салдары-ас қорыту аурулары; семіздік, қант диабеті және кариес; зәр қышқылы диатезі және аллергияға әкеліп соғады.

 Кез-келген гастрит, гастродуоденитпен ауыратын, қант диабеті немесе зәр шығару жүйесіндегі ауруларға бейім мектеп жасына дейінгі балалар үшін газдалған сусындарды қолдануға мүлдем болмайды. Жұмыстың мақсаты газдалған сусындардың құрамын және олардың адам денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу. Зерттеу объектісі – әр түрлі өндірушілердің “Лимонад” сериясының газдалған сулары. Зерттеу міндеті – интернеттегі және танымал ғылыми әдебиеттердегі газдалған сусындардың құрамы мен қасиеттері туралы ақпаратты зерттеу,газдалған сусындардың құрамын этикеткаға сәйкесігін зерттеу, олардағы зиянды заттардың болуын эмпирикалық жолмен анықтау. Зерттеу әдістері – газдалған сусындардың химиялық құрамын және олардың әсерін анықтау. Зерттеу барысында газдалған сусындардың құрамы мен кейбір қасиеттерін зерттеп, социологиялық сауалнаманың нәтижелерін талданды.Зерттеу жұмысының нәтижесінде жүргізілген химиялық талдаулар сусындардың құрамында көмірқышқыл газы көп екендігі байқалды.Барлық зерттелген сусындардың ерітінділердің қышқылдығы жоғары,барлық зерттелген сусындарда жасанды бояғыштар (әсіресе «Dizzy» лимонады) және хош иістер бар екендігі анықталды. Зерттелген сусындардың құрамында қышқылдар тіс эмальына және дененің сүйек жүйесіне деструктивті әсер етуі мүмкін. Зиянды қоспалардың құрамына байланысты өндірушілер ұсынатын сусындар ауыр аурулардың себебі болуы мүмкін.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *