Жаңартылған бағдарлама бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Меруерт Нурлановна Альбосынова

 

Білім беру саласы:  Таным

ҰОҚ: Математика негіздері

Оқу  мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды. Заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атайды

Тақырыбы: 1-ден 10-ға дейін  санаймын.

ҰОҚ Мақсаты: 10-ке дейін тура және кері  санайды. Заттарды саны бойынша салыстырады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Шаттық шеңбері.

Кәне достар, тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Жақсы жақсы тілектер,

Бір-бірімізге силайық

Қуанышпен, шаттықпен

Сабақты біз бастайық.

Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын.                                                                     Тақырыбы:«Пішіндерді суреттеймін»

Ойынның шарты: саусақ арқылы сол жағымыздағы тұрған оқушының арқасына геометриялық пішіндерді саламыз, ал сол бала қандай пішін екенін айтады. Балалар, шеңберде тұрып «Арқаға салынған пішіндерді суреттеймін» атты қызықты ойын арқылы пішіндердін атауларын қайталайықшы.

Кері байланыс: Ашық сұрақтар

Арқамызға пішіндерден не бейнеледік?

Геометриялық пішіндер есімізге түсті ме?

4К модель:сыни ойлау, «Бала үні»

Топтастыру  арқылы  топқа бөліп саралау.

Құрылымдалған ойын:

Тақырыбы: «Мен білемін»

Шарты: Таңбаланған цифрлы әріптік пішінді кесте қиындылары беріледі және цифрлы әріптік пішін таңба қиындылар арқылы сөз шығарады.

4К модель:сыни ойлау. «Бала үні»

Тиімді әдіс-тәсілдер: Ашық сұрақтар.

Педагог жетекшілігмен жүргізілетін ойын:

«Ретілігін тап»

Ойын шарты: шашыраған сандарды реттілік бойынша орналастырады, санайды , «Көршісін тап» әдісі арқылы 1-ден 10ға дейінгі сандардың алдынғы және кейінгі көршісін анықтайды, сәйкестендіреді

Топтық жұмыс Сырттай бақылау.

І-топ 1-5 сандарын ермексаздан мүсіндеп, реттілігі бойынша орналастырады.

ІІ-топ 5-10 сандарын таяқшалардан жасайды, ретімен орналастырады.

ІІІ-топ Қағазда салынған 1-10 сандарын саусақпен бояу.

Бақылау: жанама

Саралау:қаблетіне қарай.

Кері байланыс:«Баға беру» әдісі

«Біздің көрме»

Арнайы столдарға  әр топ өздерінің жұмысынын қояды. Топтар топ  ішінде қозғалысқа түседі, қарайды,талдайды және баға береді,топтар өз жұмыстарына шолу жасап, талқылайды және қорытынды жасайды.

4К моделі (командалық жұмыс, креативтілік,сыни ойлау).

Бақылау: өнім арқылы,тікелей бақылау.

Еркін ойын «Мен дұрыс санай аламын»                                                                                                    Балалар дастархан үстіндегі тағам мен жемістерді жұптасып тура және кері санайды.                        Саралау нәтиже арқылы,жұптық жұмыс:

 

Сергіту сәті.

 

Ойын: «Ыстық доп»

Ашық сұрақтар.Мазмұны арқылы саралау.

Кері байланыс

-Бүгінгі оқу қызметімізде қандай заттармен жұмыс жасадық және не істедік?Бүгінгі оқу қызметі саған  ұнады ма? Неліктен?

4К модель:сыни ойлау,«Бала үні».

Рефлексия «Светофор»

 

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *