Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері.

Талғар агробизнес және менеджмент колледжі

Сабақ  жоспары

 

Жоспардың  бөлімі:  1 бөлім. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – мемлекеттік қауіпсіздіктің кепілі

 

 

Оқытушыныңатыжөні:  Дауытбаев Н

 

Күні:«____»  ____  20___жыл Курс: ­­­­­1       Топ: ­­­­­1 электр А
Күні:«____»  ____  20___жыл Курс: 1       Топ: 1 зем А
Күні:«____»  ____  20___жыл Курс: ­­­­­1       Топ: 1 вет А
Күні:«____»  ____  20___жыл Курс: ­­­­­1       Топ: 1 вет А (еңбек)
Пән  атауы: Алғашқы әскери және технологиялық дайындық
Сабақтың   тақырыбы: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1. Оқушыларды «әскери қызмет» ұғымымен, ҚР ҚК рәміздерімен және әскери ант талаптарымен таныстыру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: ҚР ҚК рәміздерімен және әскери ант талаптары біледі
Оқушылардың басым бөлігі: ҚР рәміздерімен; әскери ант талаптарын орындаудың маңыздылығын түсінуді; әскери қызметке саналы қарым-қатынасын біледі.
Кейбір оқушылар: ҚР ҚК нышандарын; әскери бөлім (белімше) үшін Жауынгерлік Тудың маңызынбіледі.
Критерийлер: 1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздерін ажыратады.

2) Әскери ант талаптарының  мазмұны мен  маңызын түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар: Оқушылар:  Бейнелеу, талқылау және көрсету арқылы өзінің АӘТД бойынша түсінігін   көрсетеді.
Негізгі сөздер мен тіркестер:Әскери ант , ҚК нышаны ,Жауынгерлік ту
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: айтылымын жақсарту ауызша сөйлеу дағдылары дамиды,  сұрақтар қоя алады.
Талқылауға  арналған  тармақтар: топтарға бөлініп берілген тапсырмаларды талқылайды.
Құндылықтарды

дарыту:

1)   жастарға қазақстандық патриотизм мен Отанына деген адалдық сезімін дарытуға тәрбиелеу.
Пәнаралық

байланыстар:

География,  дүние жүзі тарихы, құқық негіздері, дене шынықтыру
Бастапқы білім: «Дене шынықтыру»: саптық жаттығуларды қолдану, граната лақтыру, кедергілер жолағынан өту;
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер: А.Б. Тасбулатов, Д.К. Майхиев, Е.Ж. Акимбаев, О.Ж. Мамырбаев Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»- 1 бөлім, 10 сыныптарға арналған оқулық  –  Алматы  «Мектеп» 2019 ж
Техникалық құралдар, материалдар: 1.Мультимедиалық жабдық.

2.Электронды оқулық.

Сабақтың барысы
Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жаттығулар мен (төменде жоспарланған жаттығулармен  қатар,  ескертпелерді  жазыңыз)

 

Сабақтың басы (5 минут) Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
Сабақтың  ортасы 1. Презентация көрсету.    15 минут

Бірінші тақырыпты қарастыру үшін Қарулы Күштердің жауынгерлік нышандары, бөлімнің Жауынгерлік Туының суреттерінен таныстырылым дайындаған дұрыс.

Аталған нышандарды үйрету келесі ретпен құрылғаны жөн:

– таныстырылым көрсету;

-нышанның геометриялық пішіні мен өлшемі туралы әңгімелеу;

–   түстік безендірілуіне назар аударту;

–   әр элементтің мағыналық мәнін түсіндіру. Оқушыларды Қарулы Күштердің әскери нышандарыментаныстырумен қатар, оларға азаматтар мен әскери қызметшілер бұл нышандарға құрметпен қарауы керектігін ұғындыру, сонымен бірге нышандарды мазақ қылған жағдайда жауапқа тартылатыны туралы айтқан дұрыс.

Екінші тақырыпты қарастырған кезде оқушыларға әскери ант қабылдау отансүйгіштік рухындағы батыл қадам екен-дігін жеткізу қажет. Қолына қаруын ұстап, жас жауынгер Отанға жэне халыққа адал болатындығы туралы салтанат-ты түрде ант береді. Сонымен қатар Әскери ант Қазақстан

№ 870 Жарлығымен бекітілгендігін және Заңдық күшінде екендігін айту керек.

Бұл тақырыпты оқытқан кезде сыныптың алдыңғы қа-бырғасында орнатылған ант мәтіні жазылған стендіге қа-ратып, бірнеше оқушыға белек абзацтарды оқытып, эскери қызметшілерге қойылатын талаптар бойынша өз ойын ай-туды тапсыруға болады.

Оқытушы оқушылар пікіріне қосымша ретінде әскери ант талаптарын адал атқарғандығы туралы өз тәжірибесінен мы-салдар келтіргені жөн. Өз қолын қойып, қабылданған әскери ант әскери қызметшінің өмірі мен қызметі үшін заң болып қабылданатынын жеткізген жөн.

Үшінші оқу мәселесін қарастырған кезде оқушылардың назарын Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-ба-бына аудару керек, онда: «Қазақстан Республикасын қорғау -оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті», -деп нақты жазылған.

2.   Анттың  мәтінімен  таныстыру .

3. Постер қорғау                         .

Сабақтың  соңы

( 5 минут)

– үлгерімі төмен оқушыларға ЖАДА ұйымдастыру арқылы деңгейлік тапсырмалар беремін.

– Қабілеті жоғары оқушыларға жоғары дәрежелі сұрақтар қоямын.

Сабақ  бойынша рефлексия «Кілт сөздер» жаттығуы: оқушыларға даярлануға 2-3 минут беріледі, осыдан кейін әрқайсысы тізбек бойынша етілген параграф, тұтастай алғанда сабақтың мазмұнынан, мұғалім және өзге оқушылармен өзара қарым-қатынасы нәти-жесінен түсінік беретін сөздерді дауыстап айтады.

 

Әдіскер:                      Дүйсеқожа А.К.      

Оқытушы:                 Дауытбаев Н.Н.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *