Кітап – ұстазға да ұстаз!
Кітап – ұстазға да ұстаз!
Еліміздің жаңа тарихының жаңғыру дәуіріндегі ұстанымдары күрделену
үстінде. Жаhандық кезеңдегі бүкілхалықтық қалың оқырман қауымның туған
тілін, ұлттық құндылығын, еңселі абыройын ұлықтайтын туынды. Бұқаралық
әлемнің өзекті даму формуласы да тікелей оқулықпен байланысты. Жалпыға
ортақ ғылыми еңбектердің ашылу үлесі де, Қазақстан Республикамыздың
жан-жақты толық зерттеу жұмыстарымен қанат жайды.
Әлемдік ұлы жемістің өрлеуі де мұның айғағы. Білім сусынымен өскен ата-
бабаларымыздың адамзат өркениетіндегі бақуатты тұрмыс-тіршілігі де
қазіргі күнде қарқындылығын жетілдіруде. Қоғамдағы алдына қойған басым
міндеттерге жауапкершілікпен қарауды үйрендік. Біздің жасампаздық
тұғырнамасынан да айшықты мәтініміздің қолданысы өрбіді. Бірқатар
идеялық тұжырымдамамызды бірегейлендіру кеңістігінде әрқилы
бастамалардың шыңдарын қаладық. Табанды көшбасшылықтың іргесін
таныта білдік.
Қазақстандықтардың ұжымдық тізгінін өрістете, түбегейлі құрылымын
сараладық. Бірегейлік мінберімен ауқымды ахуалды жағдаяттардың тыныс
тіршілігіне серпін бердік. Бір мезетте орындалуы тиіс серпілістерге ғылым
тілімен жауап қаттық. Орасан зор рухани сабақтастығымыздың сан қырлы
қағидаттарынан кеңістігімізді одан ары қарай кеңейте түстік.
Мұның бастауы да – кітап. Кітап – ұстазға да ұстаз. Түсінікті сөзбен айтып
жеткізер болсам, даналығымыздың, парасаттылығымыздың,
намысқойлығымыздың барлық ұғымдары да терең білімде. Бар ынта-
ықыласымызды танытып, әріптестік көзқарасымыздың дүниетанымына негіз
болғанда аталмыш – ғылым нұры.
Ел тұрақтылығының маңыздылығы да қатаң заңнамамызға қолданыс
береді. Десек те, біртұтас мемлекетіміздің тыныштығын сақтау біз үшін ішкі
жанымыздың, болмысымыздың мұнтаздай болуы – сабырлылық танытуында.
Бұрыннан бүкіл әлемге басымдылық бермеген – ержүрек те, білімдар
бабаларымыздың ізін жалғайтын ұрпақтарымыз!
Қазіргі таңда, ғылыми технологиялық игерілімдерді кемеңгерлікпен
құрастыру төлтумасы, жаңа ілімнің шешімін табуға септігін тигізуде.
Ақпараттық құралдардың бастамашылары – бізге ғылыми жол салып беруде.
Қазақстан Мемлекетінің мейлінше, оңтайлы даму бағдарлары да – бірлескен
жұмыстың түйіні. Осыдан санамызда қорытындыласақ – мәдениет ошағы,
бүкіл қоғамымыздың жаңаруының шешімі – оқу үдерістері деп санаймыз.
Әлем жұртшылығы біздің теңдесіз елімізге сүйсініспен қарауы да осы.
Биік ғимараттардың сәулетті туындылардың еселене түсуі де, ақыл-
ойымыздың артықшылығында жатыр. Әрбір қала өзінше – астана. Сол
астананы көркейтуші де – білімдар тұлғалар.
Осынау бабалардан ұрпағына мирас болып жеткен – рухани жан-
дүниеміздің ұлағатты білімі де бізді марқайтады. Ұстаз тұлғасына ұстаз
болғанда – оқулық! Ал, білімді күнделікті өмірде оқуға ерінбесек,
патриоттық сезімімізде мәңгілікке бойымызда тұрақтайды.
Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ
2-курс студенті: Ұзақбай Бекзат Қасымханұлы.