Салыстырмалы фразеология – тіл білімінің қомақты саласының бірі.
Жаналиева Кенжегул Махшатовна
Ақтөбе қаласы, Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимнаназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі
Салыстырмалы фразеология – тіл білімінің қомақты саласының бірі.
Бүгінгі таңда адамзат тарихының шексіз өрлеп, кемелдеген заманында, мәдениет пен өнер, саясат пен тіл салаларында халықаралық щатынастың дамып, жанданған уақытында салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімі ең өзекті де көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. Олай дейтініміз, тілдурді салыстыра, салғастыра зерттеу әр тілдің өрнек бояуын, ұлттық ерекшеліктерін, қайталанбас қасиетін танып білуге жол ашады. Салғастырмалы тіл білімі мәдениетаралық қатынастың төрінен орын алып, халықтардың бір-бірімен түсінісу барысын жүзеге асыруға кеңінен ат салысады.
Еліміздің өркениетті, экономикасы жоғары дамыған елдер қатарына қосылуының бір кепілі – ана тіл тағдырына қамқорлық.
Қазақ тілін басқа да шетел тілдерімен салғастыра қарастыруды дамыту – ана тіліміздің қолдану аясының кеңейіп, мемлекеттік тіл ретіндегі статусы мерейінің үстем болуына үлкн әсер ететіні сөзсіз.
Өркениет заманы қаншалықты шарықтау шыңына шықса да, ұлт мәдениетін ұлт тілінен бөліп алып, дамыту мүмкін емес. Ұлт мәдениетінің қай түрін алсаңыз да, онда сол ұлттың бүкіл таным болмысы мен тұрмыс-тіршілік суреті сақталған. Осы жоғарыда айтып өткендей, мәдениет тілге қатыссыз болмайды. Бір қырынан алғанда, мәдениет пен тілдің байланысы мазмұн мен форманың байланысы сықылды. Тіл – мәдениеттің өмір сүру формасы болса, мәдениеті – оның ішкі мәні. Осы тұрғыдан қарағанда тіл мен мәдениетті бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын тұтас құбылыс деуге болатындай. Ендеше, ұлттық тарихынан, мәдениетінен, таным болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен хабардар ететін фразеологизмдер болып табылады.
Фразеологизмдер – тіл атаулының бәріне тән құбылыс. Тілдердің, әсіресе, құрылымы әр түрлі туыстас емес тілдердің фразеологизмдерін кешенді түрде салғастыра зерттеу – салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімінің қызықты, әрі келешегі мол саласы.
Фразеоогия саласын тіл білімінің жеке пәні ретінде қалыптастыруда оның нысандарын, тілдегі орны мен табиғатын зерттеу әдістерін анықтауда, маңызды теориялық тұжырымдар жасауда көптеген отандық және шетелдік ғалым лингвистердің еңбектері ерекше орын алады. Олардың ішінде Копыленко М.М., Кеңесбаев І., Қайдаров А.Т., Сәбитова М.Т., Чернышева И.И., Исабеков С.Е., Сәтенова С.К. т.б. атақты ғалымдардың жалпы және салыстырмалы-салғастырмалы фразеология саласының дамуына қосқан үлестері орасан зор.
Фразеологизмдер – тілдің бөлінбес бір бөлшегі. Олар тілде дайын, тіркес түрінде қолданылады. Әр тіл сондай бөлінбейтін, тіркесе келіп бір мағынаны білдіретін фразеоелгизмдерге бай. Олардың негізінде теңеулер де бар. Теңеу қоршаған ортада ойлау процесі барысында үлкен роль атқаратыны белгілі. Салыстырусыз, бір нәрсеге теңеусіз ешнәрсе болмайды. Міне, сондықтан біз туыс және туыс емес тілдерді де, олардың шығу тегін, зерттейтін объектілерін, барлық салаларын, т.б. салыстырамыз. Әр түрлі тілдердің фразеологиялық жүйелерін де салыстырмалы талдау жасай отырып, оны фразеологиялық теорияның ерекше бір бөлімін құрайтын салыстырмалы фразеология тұрғысынан қарастырамыз. Салыстырмалы фразеология қазіргі кезде зерттеушілердің үлкен қызығушылығын тудыруда. Өйткені салыстырмалы түрде зерттеу жалпы фразеология теориясын одан әрі байыта түседі, оның жасалу механизміне тереңірек үңіле түсуімізге көмектеседі. Салыстырмалы түрде зерттеудің басты мақсаты – бір немесе бірнеше тілдердің, туыс және туыс емес тілдердің фразеологиялық жүйесінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу. Әртүрлі тілдердің салыстыру факторлары тілдік құбылыстың заңдылықтары мен ерекшеліктерін, өзіндік белгілерін айқындап береді. Сондықтан бұл теорияны салыстырмалы фразеология деп атап, жеке қарастырғанымыз өте орынды.
Салыстырмалы фразеология – фразеологияның қомақты саласы. Салыстырмалы фразеологияны зерттеу бойынша алғашқы қомақты еңбек 60-жылдары жарық көрді. Салыстырмалы фразеологияның дамуына алғашқылардың бірі болып бағыт бергендер «Самарқанд мектебінің» өкілдері С.И. Ройзензон мен Ю.Ю Авалиани болды. Салыстырмалы фразеологияның өзіндік стилистикалық ерекшеліктері, мәні, көкейтесті мәселелері болады. Осыған байланысты С.И Ройзензон бірнеше еңбектер, концепция, мақалалар жазған. Атап айтқанда «Глагольные компаративные фразеологические единицы» (1972), «Антонимы в глагольных компаративных фразеологических единицах» (1971), «Сравнительные устойчивые обороты обозначающие цвет» (на материале английского и русского языков) (1967) және тағы басқалары. Оның әдісі, мақсаты – тұрақты тіркестердің мағыналық және құрылымдық ерекшеліктрі, сөйлемде атқаратын қызметі, өзара қарым-қатынасы және айырмашылығы, олардың сематикалық өзгешеліктері, көп мағыналылығы т.б. мәселелеріне тоқталады. Осындай мақсатпен ағылшын тіліндегі компаративті фразеологизмдерге талдау жасаған.
Көркем туындыдағы сезім қылын шертерліктей әсер туғызатын айшықты сөздердің қай-қайсысы да көркем шығарманың жалпы экспрессивтік үндестігін күшейтеді, эмоциялық бояуын әрлендіреді, күшті сезім әсерін туғызады. Ұғымды дәлме-дәл, жан-жақты бейнелеп жеткізуде фразеологизмдердің тап басып, дәл түсетін ұтымдылығы басым. Фразеологизмнің осындай мүмкіншіліктерін жазушы өз шығармасында кейіпкерлердің психологиялық күйініш-сүйініштерін, ой әсерлерін, рухани жан дүниесін, алуан түрлі психологиялық жай күйін: кейіс, реніш, ыза, кек тәріздес тебіреніштерін, олардың мінезіндегі қат-қабат қырларын нақты да нәзік бейнелеуге таңдап, талғап жұмсайды.
Салыстырмалы-салғастырмалы әдісті қолдана отырып, екі туыс емес тілдердегі, яғни ағылшын және қазақ тілдеріндегі құрамында «жүрек» ағылшынша «heart» сөздері бар, адамның сезімін, көңіл-күйін, мінез-құлқын айқын, дәп басып, әрлендіре-нәрлендіре көрсететін бір топ фразеологизмдерді назарларыңызға ұсыеғым келіп отыр:
I
- for one’s heart to leap
- steal smb’s heart
- lose one’s heart to smb
- leave one’s heart behind
- for smth/smb to tug at one’s heart strings
- for one’s heart to bleed for smb
- have one’s heart in the right place
- wear one’s heart on one’s sleeve
- have a soft heart
- be soft/kind/good hearted
- break smb’s heart
- broken-hearted/heart-broken
- sob one’s heart out
- eat one’s heart out
- hard heart/hard-hearted
- heart of stone/stony-hearted
- to have one’s heart in one’s mouth
II
- жүрегі аттай тулпды
- біреудің жүрегін жаулап алу
- жүрегіне от түсті; жүрегі жанды (ғашықтықтан іші елжірей өртенді)
- жүрек (көңіл, сезім) қылын шертті
- жүрегі қан жылады; жүрегін сыздатты
- жүрегі жұмсақ
- жүрегінде (көкірегінде) оты бар
- ізгі жүректі; жүрегі жұмсақ; адал бейілді
- жүрегін жаралады; жүрегіне дерт (жара) салды
- жаралы жүрек
- жүрегі жылады; жүрегі сыздады
- тас жүрек
- жүрегі аузына тығылды; жүрегі алып ұшты
- жүрегі соқты
- жүрегі қара (ешкімге мейірімі жоқ)
- жүрегі жарылды (қатты қуанды, көңілденді)
- жүрегі тас төбесіне шықты (қатты үрейленді, қорықты)
Лексикалық мәні және грамматикалық жасауы жағынан сөз бен фразеологизмдердің ұқсасатын тұстары көп. Фразеологизм мен сөздің лексикалық мәнін ашқанда, олар біріне-бірі синоним болып келетінін байқау қиын емес. Мысалы: жүрегі жарылды – қуанды; жүрегі тас төбесіне шықты – үрейленді, қорықты; жүрегі қара – мейірімсіз; жүрегі аузына тығылды – қуанды, қорықты; жүрегі алып ұшты – көңілденді; тас жүрек – қатыгез т.б.
Фразеологизмдер тіл-тілдің бәрінде бар құбылыс. Және бұларды тілдің бөлекше бір сыпаттағы, шырыны мен сөлі таусылмайтын дәмді элементтері деп айтуға болар еді. Тілдің байлығы, тілдің сұлулығы, тілдің өткірлігі дегеніңіздің айрықша көрінер жері осы фразеологизмдер маңы. Ойды әсемдеп айтуды үйренудің мектебі осылар. Сөзіңіз нақты, дәлелді болсын десеңіз, халықтың хас туындысы – айшықты сөздер тобының тамырын басыңыз. Сонда ғана сіз тілдің қасиеті деген не, байлығы деген не сияқты сауалдарға нақты жауап бере аласыз.
Жоғарыда айтып өткендей, қандай тілде болмасын фразеологиялық единицалар астарлы, образды мағынада қолданылады. Олардың қай-қайсысында да мәнерлеп, беәнелеп айту қызметі күшті. Кейбір жеке сөздердегі тәрізді, тұрақты сөз тіркестерінде де эмоционалдық-экспрессивті бояу мол. Көбінде осы өзгешелік басым. Яғни фразеологизмдердің көпшілігі айрықша образды, экспрессивті қызмет атқарады. Экспрессивтік-эмоционалдық бояуы бұрыннан бойында бар фразеологизмдердің көпшілігі айрықша образды, экспрессивті қызмет атқарады. Экспрессивтік-эмоционалдық бояуы бұрыннан бойында бар фразеологиялық единицалар көркем қолданылып, сөйлеушінің адамзат, не құбылыс турасындағы өз көзқарасын мәлім етеді. Экспрессивті тұрақты тіркестер сезімге айрықша әсер етеді. Мысалы: сұлу, көркем, батыр дегендей жағымды адамдарды бейнелер болсақ, үріп ауызға салғандай, жүрек жұтқан, жүрегінің түгі бар деген тұрақты тіркестер ауызға оралады. Тайға таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай деген тұрақты тіркестер ашық, айқын деген ұғымға экспрессивті өң беріп, оны құлпыртып, күшейтіп тұр. Бұдан «ашықтың ашығы, айқынның айқыны» дегендей үстеме, күшейтпелі мағынаны түсінеміз.
Салыстырмалы фразеологияны сөз еткенде маңызды мәселелердың бірі – фразеологизмдерді бір тілден екінші тілге аудару мәселесі. Бұл аса қажет, әрі барынша қиын мәселе.
Фразеологизмдер, жалпы тілдердегі тұрақты тіркес атаулының бәрі аударма практикасы үшін де, теориясы үшін де ең қиын, күрделі проблеманың бірі. Аударма тәжірибесінде фразеологизмдерді екінші тілге берудің неше түрлі қиындықтары кездесіп, теориялық тұжырым жасауға итермелейді. Өйткені әр тілдегі фразеологизмдердің мағыналық және стилистикалық қызметі алуан-алуан болады. Оның құрамына кірген сөздердңғ байланысы да әр тілде әр қилы. Міне осыларды аудару кезінде әр тілдің өзіне ғана тән сөздердің тіркесу ерекшелігі көрінеді. Аударма ел мен елдің арасына дәнекер болатын аса зор мағыналы құрал. Аудармамен шұғылданған бірде-бір зерттеуші фразеология мәселесін аттап өте алған емес. Тіркестердің аудармасын тікелей тексермегенмен, аудармашы-зерттеуші өзінің саласына қатысты тұстарда фразеология аудармасына байланысты пікірін айтып отырған.
Тілші ғалымдар М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев 1966 жылы басылып шыққан «Қазақ тілінің стилистикасында» фразеологияның аудармасына арнайы тоқтаған. Мұнда авторлар мәселенің қиындығын айтып қарап отырмай, фразеологизмдерді бір тілден екінші тілге (туыс және туыс емес тәлдер) аударудың әр түрлі жолдарын қарастырады. Үш түрлі тәсіл болуы ықтимал екенін дәлелдейді.
Біріншіден, «фразеологизмдерді аударуда оның жалпы мағынасы беріледі».
Екіншіден, «фразеологизмдерді аударуда олардың өзара мәндес келетіндігі ескерілетінін» айтады. Тіл-тілдегі фразеологизмдердің өзара сәйкес, мәндес келуі, шынында да аударманың жатық, түсінікті болуына септігін тигізеді. Мұның аударма жұмысын едәуір жеңілдететіні сөзсіз.
Үшіншіден, «көптеген тұрақты сөз тіркестері бір тілден екінші бір тілге сөзбе-сөз аударылады».
Фразеологияның аталмыш және тағы басқа мәселелерін зерттеу теоретикалық, сондай-ақ, практикалық құндылыққа ие болады. Бұл саланы жеке қарастыру үшін ең алдымен «фразеология» туралы түсініктен бастап жете түсініп алуымыз қажет сияқты. Осындай ғылыми жұмыстар алдыңғы уақытта жетіспеген жерлерін толықтыруға, түзетуге, ауқымын кеңейтуге және басқа да ізденістерге, зерттелмеген мәселелерді қолға алу екі тілді сөздіктер, кітапшалар шығаруға нұсқау болады, ғылымға деген қызығушылық тудырады.
Қолданылған әдебиеттер:
- Ә. Айтбаев «Аудармадағы фразеологиялық құбылыс» Алматы, 1975
- М.Б.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев «Қазақ тілінің стилистикасы» Алматы, 1966
- І.Кеңесбаев «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» Алматы, 1977
- Р.Қ.Смаңұлова «Неміс және қазақ тілдеріндегі құрамында жан-жануарлар атауы бар фразеологизмдер», автореферат, Алматы, 2003
- Chitra Fernando “Idioms and Idiomaticity” Oxford University Press, 1996