Менің арманымдағы жоғарғы оқу орны
Менің арманымдағы жоғарғы оқу орны
“Білімді бол,білімді тыңдаушы бол,білімді талап етуші бол.”
Әрбір жанның балалық шағындағы жанына жақын тартар арманы болады.Ол арман оның өмірін өзгертіп,биік шыңға жетелейді.Дана халқымыз кезінде екі нәрседен қателеспеу керек деген екен:”бірі өмірлік серігің жар таңдаудан болса,ендігі бірі мамандық таңдаудан.”Өмірде нешетүрлі оқиғалар орын алып жатады.Бірі күліп,қуанып армандаған жоғарғы оқу орнына грант жеңдім деп ағынан жарылса,бірі аз нәтиже көрсетіп өмірінің соңғы нүктесіне жеткендей қайғырады.Ал біреулер өзіне керекті баллды жинай тұра оқу ордасын,мамандығын дұрыс таңдамай жатады.Осы жерде қалай? неге? деген сұрақтар туындауы мүмкін.Яғни менің айтпағым,төрт жылғы білімнің зая кетуінде еді.Тыраштанып алған диплом шаң басып,сөрелерде жабылған күйі жарамсыз болып қала береді.Мінекей осындай баршаға таныс,маңызды тақырыпта өзім де сөз қозғағым келіп отыр.
Менің арманым қолына микрофон ұстап,камераға тік қарап,тілі сайрай жөнелетін тікелей эфирдің,жаңалықтардың жаршысына айналатын-журналист,диктор қыз атану еді.Бала күнгі арманның жетегімен еріп,қазірде бір мектептің мақтан тұтар жас түлегімін.Қазіргі бар ойым,мақсатым Алланың қалауымен аман-есен ЖОО-на өз еңбегіммен түсіп кету.Жалпы менің мамандығым бойынша университтер жетерлік.Ал соның ішінде жүрегімнің қалауы болған Алматы қаласындағы “Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.”Тарихы сонау мың тоғыз жүз отыз төртінші жылдан бастау алған бұл универ қазіргі таңда әлі күнге дейін студенттерді қабылдап,өз жұмысын жасауда.Он бірінші сыныпқа келгеннен кейін нешетүрлі пікірлерді естіп жатамыз,соның жартысы осы универ,қала жайлы болмақ.Маған осы оқу ордасын таңдауыма бірден-бір себепкер болған жан ұстазым.Әл-Фараби атындағы бұл университет расында да арман боларлықтай атына заты сай,әсем қалашық.Бұл оқу орны өз кезегінде көптеген жетістіктерге жетіп,әлемдік аренаға өз орнын көрсете білді.Тағы бір айта кететін ақпарат,университет көптеген шетелдік жоғарғы оқу орындарымен бірлесе жұмыс жасап,студенттерге шетелге шығып,білімдерін жетілдіруге мүмкіндік жасаған.Мен үшін болашағымның жарқын болуы,нанымды адал еңбекпен тауып,еліме адал қызмет етуім өте маңызды. Сол үшін де қазірден бастап,мықты қарқынды дайындықпен жаңа қызығы да шышығы да мол студенттік өмірге қадам баспақпын.
Қорытындылай келе,Әл-Фараби атындағы университет нағыз жігері жалындап,біліммен көзге түсіп,шыңдалатын жастардың мекені.Адамгершіліктің,мейірімділіктің дәні егілген жастық шақтың мәңгілік мекені.Еліміздегі тепсе темір үзер неебір жастар да осы оқу ордасынан шыққан.Жалпы менің қандай оқу орнын таңдайтыным және неге дәл сол екендігі түсінікті болды деп ойлаймын.Осымен жазбамды тәмәмдайын.Менің таңдауым-ҚазҰУ!
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы
Сатыбалды Асылзат