Менің ардақты ұстаздарым
«Менің ардақты-Ұстазым»
«Ұстаз – ұлы есім» – дейді Мұхтар Әуезов. Иә, расында да, «ұстаз» деген сөздің астарында мән-мағынаның бәрі бар, бәрі де бар: білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік, мейірімділік пен мейірбандық, талапшылдық пен турашылдық… Әрбір баланың тұлға болып қалыптасуына, дүниедегі әрбір мамандық иесінің болашаққа қанаттануына себепкер болатын жанашыр, ізденімпаз адам – ұлы ұстазымыз. Менің ойымша, әр шәкірттің жанына жақын келетін, ең сүйіктісіне айналатын, өмірлік ұстанымдарының жаршысына айналатын ұстазы болады. Менің де сүйікті ұстаздарым бар. Ол кісілердің ғибрат алар әрбір сөздері, кескін-келбеті, бәрі-бәрі мен үшін – үлгі-өнеге. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, ұстазымды ең алғаш рет көріп-білгеннен бастап, ол кісілерге деген құрметім, сабаққа деген зейінім артты.
Мен төрт мезгілдің ішінде тек жаз мезгілін қатты жақсы көретін едім. Күз келгенде, жарқырағанның бәрі қуаратындай, жайнағанның бәрі тұманданатындай болып көрінетін. Ал, 2019 жылдың 8-ші сыныптың күзі менің өмірімде айтарлықтай керемет орын алды. Бұл күз мен пір тұтатын тұлғалармен қауыштырды. Алғаш АБАЙ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ТЕРЕҢДЕТЕ ОҚЫТАТЫН ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНА ауысарда, қабылданғанымда кішкене қорқақтап, қобалжығаным рас. Алайда мектеп басшысы Роза Ербозымқызы мен сынып жетекшім Гүлнар Амангелдіқызымен алғаш танысу сәтінен бастап, қорқынышым су сепкендей басылды. Керісінше, ол кісілердің мейірімге толы жүзі мен мәдениеті мені айрықша баурап алды десем, артық айтқаным емес. Анам қандай қадірлі болса, ұстазым да мен үшін қымбат жанға айналды.
Ұстаз… Ұстаз бейнесі- шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны -әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың қайнар көзі. Ол-сезім мен нұр шашар сәуле. Келешек үшін тырмысып,жан аямай күрескен, өз бойындағы пенделігін жоя білген жан. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз- өзінің бар күнін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне сарп етуге бел буған періште. Шәкірттің жүрегінде мәңгілік із қалдырған ұстаз бейнесі қандай мейірбан,қандай сұлу десеңізші?! Сол періштелердің бірі қазір менің жүрегімде нық орын алған. Ол-биология пәнінің мұғалімі Салтанат Ақбергенқызы. Салтанат апай білім бере отырып, асыл ойды санамызға берік,нық етіп құюға бар күшін жұмылдыратын жан.
Біз әр жыл сайын санамыз өсіп,азамат болуға ұмтыламыз.Сол кездегі бала қиял кей кезде қол жетпес арманға қанат сермейді. Осы жолдағы алдымыздан шығатын кедергілерден сүрінбей өтуге,алға қойған мақсатымызға жету үшін күресуге де үйрететін бұл- ұстаз. Айналадағы адамдарға қарасам өмірі шежіреге толы, әр күні кейінгі жастарға үлгі болар қаншама жылы жүректі ұстаздар бар.Өнеге тұтар қаншама жақсылар жүр.Осы ұстаздарым мектеп табалдырығын қорқынышпен аттаған кезде сол бала жүректегі қорқынышты сейілтіп,өз мейірімділігін танытып, бар ықыласын танытты.
Ұстаз болу-жүректің батырлығы.
Ұстаз болу-сезімнің ақындығы.,
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы.
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Бірақта қызықты ертегі іспетті, бұндай балалық сәттер мәңгі жасай ма? Сол бір 2019жылдан бері көзді ашып жұмғанша 3жыл өте шығыпты. Біздерде күндердің күні мектебімізді аяқтап, өз жолымызды тауып, қарлығаш болып алтын ұя мектебімізбен қоштасамыз. Алайда бұл орын біз үшін қасиетін ешқашан жоғалтқан емес.Өйткені ұстазымыздың , мектебіміздің бейнесі мәңгі санамызда сақталмақ.
Білмей қалсам кешірген,
Балалық деп түсінген,
Қандай адам болса да
Алдыңызда бас иген, -деп өлең жолдарыммен қорытындылағым келеді.Шәкірттеріңіз 10ә сынып оқушысы Жаныс Бекарыс.