Құран жолына шақырту
Бисиммилляхи Рахмани Рахим
Алла Тағала маған күш бере гөр!!!
Осы айтқалы отырған ойымды барша халыққа жеткізуге көмектесе гөр.
Мен 80 жасқа келдім. Осы 80 жаста өмірімде жақсы да, жаман да тұстарын бастан өткіздім. Өткен өмірге өкпем жоқ. Біз анадан төртеу туылдық. Сол төртеуміз де ұл едік. Әке-шешеміз өте кедей адамдар еді. 30-40 жылдай мал шаруашылығында болды. Біз де ата-анаға болысып, сол малдың артында жүрдік.
Мен өзім 46 жыл медицина саласында жұмыс жасадым. Күн демей, түн демей ағзасын ауру шалған адамдарды емдеп, көмек көрсеттім. Көбіне мал шаруашылығымен айналысатын адамдар арасында болдым. Емім көмектеспесе, сол адамдармен бірге ауыратынмын.
Ал енді осы ойларымды қағазға түсірудегі басты мақсатым-әр адам Құранды қабылдап, Хақ жолымен жүрсе деймін. Қасиетті Құран Кәрімді Алла Мұхаммед Пайғамбарға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) түсірген болатын. Адам баласы осы Құран жолына түсіп, Алланың бар екенін біліп, Алланың тура болымен жүрсе екен деймін.
Құран Кәрім осыдан 1400 жыл бұрын ең ақырғы Пайғамбарға түсірген Алланың қасиетті кітабы. Құран жолымен жүргендер Алланың шапағатына оранады. Осыны түсініп Аллаға мінәжат еткендер нағыз Мұсылмандар.
Бұл дүниенің жаратылуы Алланың күшімен болған. Ең алғашқыда бұл әлемде ештеңе де болмаған. Дүниені қара түнек басып, тіпті титтей де атом болшегі болмаған. Сол жоқтан Алла Тағала ең алғаш жұлдыздарды жаратып, Галактика – Әлем пайда болды. Біз өмір сүріп отырған Жеріміз бен аспандағы күнімізді 5 миллиард жыл бұрын адам баласымен бірген жаратқан. Адам баласын Алла өзіне ұқсатып жаратқан. Сол 5 млрд жылда жер өзін 5 кезеңнен өткізген. Біз қазір бесінші кезеңде өмір сүріп отырмыз. Әр кезең 1 млдр жылдан тұрады. Сол 4 кезең жердің және күннің күшімен жойылып кеткен. Неге десеңіз ол уақыттың адамдары жер мен күнді бағалай білмеген. Содан жер мен күн ол кезеңдерді түрлі апаттармен (топан су тасқыны, өрт, жер сілкінісі) жойып жіберген. Басқа жақтан астероид, аспаннан тажал келмеген, себебі оған періштелер жол бермеген. Мысалы 1908 жылғы түскен метеорит адам мекен етпейтін Тайгаға түсіп жойқын жарылыс болған. Жарылыстың күшімен жерді 3-4 айналып өткен. Періштелер астеройдттарды жерге жеткізбей аспанда жарып жіберген. Сонау алысқа бармай-ақ, 5-6 жыл бұрынғы Челябинскідегі жарылыс елсіз жерде болған. Ол да періштелердің ісі. Сол себепті жерді, адамзатты кесапаттардан сақтайтын періштелер күзетінен тұрады. Олар алланың елшілері – Періштелер. Ақыр Заман, Қиямен күні болады дейтіндер Алла ілімін дұрыс түсінбегендер. Неге десеңіз барлығы адамның өз қолында. Жарық пен қараңғы деп аталатын екі полюс бір-біріне қарсы. Неғұрлым жарық қараңғыдан басым болса, Қиямен күні бізден алыс деген сөз. Демек Ақыр Заман болмауы мүмкін деген сөз. Біз жерді Жәннатқа айналдыруымыз керек. Егер барлығымыз Құран жолымен жүретін болсақ, сол мақсатқа жетеміз. Жәннат жеті қабат болса, тозақ төғыз қабат. Жәннат жеті қабат жерден жоғары болса, тозақ тоғыз қабат жерден төмен.
Кеңес Үкіметінің тұсында Кольский полуостровында бұрғышылар 12 км төменге дейін бұрғылап, сол 12 км жеткен тұста айқайлаған, шыңғырған дауыстар шыққан. Бұрғышылар қорыққаннан скважинаны жауып тастаған. Неге десеңіз олар тозақтың бір қабатын тесіп шыққан. Адам баласы өмірге келгенде оның екі иығында екі періште отырады.Оң иығында отырған періште оның тек жақсы жақтарын жазса, сол иығындағы періште теріс іс-әрекеттерн жазады. Сонымен адам өмірден өткенде қай жағындағы іс әрекеті басым болса, мысалы: жақсы іс әрекеті көп болса жұмаққа, теріс іс әрекеті көп болса тозаққа барады. Жұмақ жеті қабат, тозақ тоғыз қабат. Адам баласының жасаған ісіне байланысты, дәрежесіне қарай жоғарғы қабатына көтеріледі. Жетінші қабатына жеткені періштеге айналады. Адам баласы өмірден өткенде жаны сәуле болып, денеден шығады. Ғалымдар жанның салмаған 21 грамм деп анықтаған. Осының барлығы Құранда жазылған. Осыдан 1400 жыл бұрын Алла Тағала Құранды Жәбірейіл періште арқылы ең ақырғы Пайғамбарымыз Мұхамедке (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) түсірілген. Сондығы Алалның тілегі адам баласы тек құран жолымен жүрсе, жер бетінде Жұмақ орнайды. Жұмақ жеті қабат емес, сегіз қабат болады. Ақырында тоғыз қабат тозақ та, жұмаққа айналады. Сонда әлемде тек жарық болады. Жарық бұл Алланың Жұмағы.
Қазіргі заман империализм мен Құран жолымен жүргендер арасындағы тартыс.
Жер жүзінде екі миллиарттан астам мұсылмандар бар. Мұсылмандар екі бағытта жүреді. Біріншісі «сүниттер» 70%, шиттер 30%. Осы мұсылмандарды біріктіріп тек құран жолына салатын ол Түркияның президенті Ердоған Режеп Таиип. Ал қазіргі бастамасы оның дәлелі. Ердоғанның Тұран мемлекетін құрам дегені өте дұрыс шешім. Құран жолын ұстаған мұсылман мемлекеттері бәрі ақырындап осы одаққа қосылып, үлкен «Ислам» мемлекетін құратын болады. Бұл мемлекет империализмге қарсы одақ болады. Бұрынғы Кеңес одағындай ыдыратып, барлық байлықтарын және де алдыңғы қатарлы ғалымдарын өзінің қатарына қосатын болады. Барлығы Исламға бағынып, сол жолда жұмыс жасайды.
Бұл капиталистердің жұмысы. Олар жеке өздері жер жүзін басқарып, барлығы тек соларға жұмыс жасап, айтқандарын орындап отырады. Бұған қарсы тұратын-Қытай мемлекеті. Қытай Коммунистік мемлекеті мен Россия да бірте-бірде осы одаққа қосылады. Неге десеңіз Құран жолы да Коммунистермен бірге. Себебі мақсаттары бір. Адамдардың жағдайларын жасап, коммунизмге апаратын жер. Жерді Жәннатқа айналдырып, Жәннатты сегізге жеткізу біздің-адам баласының арманы. Бұны Алла Тағала қолдайды. Империалисттердің істегені барлығына белгілі. Ирак пен Ливияның өз ішіне іріткі салып, екі мемлекетті жойып жіберудің алдында тұр. Ливия мен Ирактың президенттерін асып өлтірді. Ливияның халқынның жағдайы өте жақсы еді. Әр адам 40 мың доллардан кем алмайтын.
Ал енді өзіміздің Қазақ еліне келейік. Қазақ жері 27 249 мың шаршы м. Әлемде жер көлемі жағынан тоғызыншы орында тұр. Барлық байлық осы жерден табылады. Бірақ осы байлықтың барлығы өз халқымызға жеткізбей, шет елдерге кетіп жатыр. Мұнай мен газдың барлығы капиталистердің қолында. Өзіміздің қазақ байлары солардың қол астында. Біз Қазақ халқы басымыздан түрлі қиыншылықтарды кешірдік. Соның ішінде Ақтабан шұбырынды мен 1932-37 жылдардағы ашаршылық бар. Бұл жылдар 2-3 млн адамдарды о дүниеге аттандырды. Қазақтар бірі-бірін сілтеп қуғын-сүргінге ұшыратты. Сол 1937 жылғы қазақтардан өзіміздің Алаш азаматтарын бетке ұстатып, 25 мың алдыңғы қатарлы азаматтарды көрсетіп ату жазасына кестірді. Солардың ішінде тіпті тоғыз тіл білетін, мықты азаматтар болған. Ал 300 мың қазақты жер аудартып айдауға жіберді. Сөйтіп сүттің бетіндегі қаймақтарын сылып алды да, тек көк сүті ғана қалды. Оны қанша қайнатса да қаймақ түспейді. Біздің менталитетімізде көтеріліп келе жатқан, басы жақсы істейтін азаматтарды басып отырады. Бұл өз кінәміз. Көре алмаушылық көп. Осы әдет қазақ халқынан қалмаса, біз ешқашан көтеріліп, көркейе алмаймыз. Сонымен біз президентті сайлағанда ол қолын Конституциямызға қойып ант береді. Содан кейін Конституцияны өз мақсатына қарай өзгерте береді. Сондықтан менің ойым Президент ант бергенде Құранға қолын қойып, Алла алдында ант беру керек. Құранды өзгерте алмайды. Бұл Алланың адамзатқа жол көрсетуге, қалай өмір сүруді көрсету үшін жіберген қасиетті кітабы. Құран араб тілінде түскен. Құранды сол тілде оқыған дұрыс. Менің ойымша мектептерге алдымен араб тілін енгізу керек. Сонымен қатар табиғатты қорғау министрлігінің қызметін жоғары қою керек.
Ал енді айтар ойымды аяқтасам:
Краснодонда орыс әйел тұрады. Оның есімі-Иванова Любовь Пановна. Оның періштелермен тілдесе алатын қабілеті бар. Журналист Ренат Гарифзянов Любовь Пановна арқылы періштелерге өз сұрақтарын қойып, 17 жыл сол жерде тұрып, сол жылдарда 17 том кітіп жазып шығарған. Кітаптың атауы «Откровение ангелов хранителей» .
Ең соңында жер бетінде бәрібір бір сенмім болады. Ол сенім-Мұсылмандық ислам дініне деген сенім. Құран кітабына деген сенім. Аллаға деген сенім.
Автор: Жайлаубаев Сейт