Станокта бұранданы ою, дайындамаларды дайындау
ЖАҢАӨЗЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
«Бекітемін»
Басшының оқу әдістемелік
жұмыстары жөніндегі орынбасары
О.Қ.Шамырханова____________
20___ж. “____” ___________
|
Тақырыбы: Станокта бұранданы ою, дайындамаларды дайындау
Мамандық: 1109000 – Токарлық іс және металл өңдеу
Біліктілік: 1109012 – Токарь
Дайындаған: Отеханова М.Н.
131 топ
2020-2021 оқу жылы
Сабақ жоспары/ План урока/ Plan of the lesson
Сабақ тақырыбы: Станокта бұранданы ою, дайындамаларды дайындау
Пән/ Предмет/Subject: Өндірістік оқыту/ Производственное обучение/Industrial training
Дайындаған өндірістік оқу шебері: Отеханова М.Н.
2021 жылғы “06” ақпан
1.Жалпы мәліметтер
Курс, топ/Курс, группа/ Group, course: 3 курс, 131 топ
Сабақ типі:
- Сабақтың мақсаты: Цели урока: The purpose of the lesson:
- Студенттерге ішкі бұранданы оюға дайындамаларды дайындау амалдарын түсіндіру
- Дайындамалардың өлшемдерін дұрыс өлшеу және жону әдістерін түсіндіру
- Ішкі бұранданы қазатын құралмен таныстыру,көрсету
2.1 Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Воспитательная цель урока: Educational purpose of the lesson:
- Токарлық станокта жұмысты ұқыптылықпен атқаруға және техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.
3. Сабақтың көрнекілігі: Материальное оснащение урока: Visualization of the lesson:
- Сабақтың тақырыбы бойынша сызбалар, кескіш түрлері, 16к20,1к62 токарлық станоктар қосымша құралдары,анықтама таблицалар,кілттер,шаблон, штангенциркуль, дайындама, тетік эталоны.
3.1 Өндірістік оқыту жұмысының көлемі: Обьекты учебно-производственной работы: Volume of industrial training:
- Бұранданы қазуға дайындамаларды дайындау,таблица бойынша бұрғылау амалдарын жүргізу.
- Сабақтың барысы/ Ход урока/Procedure of the lesson
І. Ұйымдастыру бөлімі: Организационный момент: Organizational department
- Студенттермен амандасу.
- Студенттерді түгендеу, жұмыс киімін тексеру
- Шеберхананы тәжірибе жүргізуге даярлау
- Сабақтын тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
- Студенттерге өткен тақырыпты меңгерту(сұрақ- жауап).
- Білімдерін бекіту: (активити үш тілде)
Активизация знаний: (активити на трех языках)
Confirmation of knowledge: (activity in three languages)
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру/Объяснение нового урока/Explanation of a new lesson
IV.Жаңа сабақты бекіту/Утверждение нового урока/ Approval of a new lesson
– Практикалық бөлім: Практическая часть: Practical part
– Рефлекция/Рефлекция/Reflection
- Сабақтың құрылымы/Структура урока/ Lesson structure
Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру.
Activity 1.
- Білдек дегеніміз не?
- Токарлық станоктың құрылысы қандай қызметтік бөлімдерден тұрады?
- Жону процесі дегеніміз не?
- Кескіштер дегеніміз не? (дұрыс және толық жауабын көрсетіңіз)
- Кескіштің басты бұрыштары, элементтері мен бөлімдері?
- Құрылымы бойынша кескіштер қандай типтерге бөлінеді?
- Бұранда дегеніміз не?
- Профиль бойынша бұрандалардың түрлерін атап көрсетіңіз?
- Бұрандалар орналасу реті, пайдалану қажеттілігіне қарай, пішіміне бойынша, кіріс саны бойынша және винттік сызықтар бойынша қандай түрлерге бөлінеді?
Activity 2.
Токарлық станоктың бөлімдерін 3 тілде атап көрсетіңіз.
Activity 2.1.
Кескіштің түрлері бойынша термин сөздерді еске түсірейік.
(3 тілде атап көрсетіңіз).
ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру: Объяснение нового материала: Explain the new topic:
Бұранданың осьтік қимасының контуры бұранданың профилі деп аталады. Профилінің пішініне қарай бұрандалар үшбұрышты, тікбұрышты, трапециялы, тіреуіш, дөңгелек бұрандалар болып бөлінеді.
Бұранданың адымы – бұрандама өсінің бір жағындағы өстік жазықтықта жатқан таяудағы бұрандама пішінінің аттас, бүйір жағындағы орта нүктелерінің арасындағы, бұрандама өсіне параллельді сызық бойындағы аралық.
Ішкі бұранданы ою амалдарын жүргізу ережесі.Бұрандакескішпен кесу (қазу) өте кең тараған түрі.Бұранда түсу үшін құралға екі қозғалыс беру керек, басты қозғалыс айналмалы, сонымен бірге жылжымалы қозғалыс(беріліс), бұрандакескіш айналымы бір қадамға тең.Бұранданы қазу бір бұрандакескішпен және жиынтық кескішпен жүргізіледі (бірнеше жұмыс жүріс арқылы)
Диаметр резьбы, мм | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Диаметр стержня, мм | 2,9
|
3,9 | 4,8 | 5,8 | 6,8 | 7,8 | 8,8 | 9,8 | 10,8 |
– Практикалық бөлім: Практическая часть: Practical part
- Жана тақырыпты меңгерулеріне байланысты еңбек қолданысының амалдарын көрсету:
- Показать трудовые приемы, связанные с освоением новой темы:
- Demonstrate the use of labor in connection with the mastery of a new topic:
1.Бұранда оюға дайындаманың диаметрін анықтау. 2.Дайындаманы берілген өлшем бойынша анықталған диаметрге жону.
3.Шетжақ жиегін тегістеу және фаска салу
– Еңбек амалдарын қолдану кезінде төмендегілерге назар аудару қажет:
- При демонстрации трудовых приемов обратить внимание:
- The following should be considered when using labor practices:
Токарлық станоктың лимба көрсеткішін қолданып, орындалу ережелерін сақтап, бұранда ою амалдарын немесе жұмыстарын көрсеткен технологиялық сызба бойынша орындау.Техникалық қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау.
- Жұмысқа дейінгі техника қауіпсіздігі:
Үстіміміздегі киіміміз синтетика болмауы керек, түймелері түгел тағулы, аяғымыздағы аяқ киіміміз қалың табанды алды жабық болуы тиіс. Басымызда бас киміміз болуы тиіс.Жұмыс орны жинақы, аяқ астымызда арнайы решетка болуы тиіс.Станоктың жандарында шкаф құрал сайман мен бұйымдарды салуға арналған арнайы шкаф болуы қажет. Станоктың қасында артық зат болмауы тиіс.
- Жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесі:
Станокты тексеріп жұмысқа дайындау. Станокты бірінші қосып тексеріп аламыз. Дайындаманы, кескіштің дұрыс бекітілгендігін тексереміз. Жұмыс кезінде станокты қосулы күйде қалдыруға болмайды. Көзімізде көзілдірік болуы міндетті. Станокпен үлкен жылдамдықта жұмыс істеу барысында экран жапқышты қолдану қажет. Патрон толық тоқтағанша дайындаманы шешуге, өлшем жүргізуге болмайды. Патрон кілтіне мұқият болып, әрқашан қолымызда болуын қадағалау қажет.
- Жұмыстың соңындағы техникалық қауіпсіздік ережесі:
Жұмысты бітірген соң токарлық станокты жинап жаңқалардан тазалап, бағыттамаларын майлаймыз. Жонған тетіктерді тексеріп шеберге тапсырамыз. Құрал – саймандарды орындарына орналастырып, станокты өндірістік шеберіне тапсырамыз.Станоктың ақаулары болса шеберге хабарлаймыз.
· Ауысымдық тапсырма беру. Выдача сменного задания. Issuance of a shift task. · Технологиялық карта бойынша бұранда оюға дайындау. Подготовка к резьбе по технологической карте.Preparation for screw carving on the technological map.· Ағымдағы нұсқаулық: Текущий инструктаж: Current briefing
– Студенттердің жаттығуы және өз бетімен тәжірибелік жұмыс орындауы:
– Упражнения и практические задания для самостоятельной работы студентов:
– Exercise and independent work of students: 4 сағат.
- Ағымдағы нұсқаулық және жұмыс орындарын тексеру, аралау:
– Текущий инструктаж и обходы рабочих мест студентов:
– Current instructions and workplace inspections, visits: студенттердің токарлық жұмыс орнын тексеру, құрал – саймандарды тиімді қолдану, кескіш, дайындамалардың бекіту жұмыстарының дұрыс орындалғанын, өлшемдердің дұрыс жүргізілгенін тексеру.
- Жұмыс барысында назар аудару қажет:
- При обходе рабочих мест обратить внимание на:
· During the work it is necessary to pay attention to: техникалық қауіпсіздік ережесінің қатаң сақталуына.
V.Жаңа сабақты бекіту. Рефлексия: Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін және сабақты жүргізу тәсілдерінің ұнағандығын анықтау мақсатында көңіл-күйді білдіретін смайликтерді қолдану.
V.І Рефлексия. «Плюс, минус, қызықты»
«Плюс, минус, қызықты»
«Плюс» – оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
«Минус» – “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.
«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.
Оқушыларды бағалау.
Оқушының сабақтағы жұмысын бақылау парағы
Аты-жөні | Бақылау ұзақтығы
(уақыты) |
Өзіндік пікірлер келтіруі | Сұрақтар қоюы | Сұрақтарға жауап беруі | Топ жұмысына араласуы |
Оқушының жұмысы бойынша шебердің қорытынды пікірі |
Тәжірибе барысында белсенділік танытып, сұрақтарға жауап беру арқылы топ шеберімен кері байланыс орнатуын және тәжірибелік жұмыстарды өз деңгейінде орындауын, тәжірибе барысында қолданылатын құрал-саймандар арқылы бағалау.
Үй тапсырмасын беру.
Қашықтықтан оқыту барысында шәкірттердің тәжірибе жұмыстарын үй жағдайында толық орындауы үшін қосымша тапсырма беру. Мобильдік ұялы телефондары арқылы, «Плей маркет» қосымшасы арқылы «Токарлық тренажер» қосымшасын жүктеп алу арқылы тәжірибелік жұмыстарын орындау.