Қазақ халқының түсінігіндегі Аспан әлемі

Жанатаев Данат Жанатайұлы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессор , доценті

Әбдінәсілім А.Т.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің магистранты

 

Бағзы замандарда қазақтар жұлдыздар, күнге және ай бойынша бағыт бағдарды білген болатын. Аспандағы әрбір шоқжұлдыздың қазақтар үшін өз атауы бар. Шаман аңыздары бойынша, моңғолдар жұлдыздарға құрбандықтар шалса,  қазақтар керісінше жұлдыздарға сенген. Қазақтар үшін мына жұлдыздардың орны ерекше болып табылады:

  1. Темірқазық (Полярлы жұлдыз). Саяхатшылар осы жұлдыз аркылы түнде бағыттарын анықтаған. Қозғалыссыз бір орында тұрғандықтан темір тіреу, яғни темірқазық деп атаған. Оның айналасында үнемі қозғалатын екі жұлдыз қазыққа байланған жылқыларға ұқсайды, оларды “екі ақ жылқы”немесе Ақбоз ат және Көкбоз ат деп атаған.
  2. Жетіқарақшы (Үлкен аю). Қазақ аңызы бойынша, бұл шоқжұлдыз — күндіз ұрлап, түнде күнәларына өкінетін жеті қарақшының жаны. Бұл үшін олар өлгеннен кейін жеті жұлдызға айналған.
  3. Үркер (Плеяда). Қазақтар Үркер жұлдызы үнемі Жетіқарақшы жұлдызын қуып жететінін байқады. Жеті қарақшының жетекшісі Үркердің қызы Үлпілдекті ұрлап кеткендіктен Үркер оларды үнемі қуып жетеді деген. Үркер жұлдызы арқылы қазақтар түнгі уақытпен жыл мезгілдерін анықтаған.

    4.Шолпан жұлдызы-Таңғы жұлдыз.

Осы аталған жұлдыздардың жәнеде тағы басқа жұлдыздардың қазақтар үшін өздеріне сай аңыздары бар. Шолпан –таңғы жұлдыз арқылы қазақтар малдарын өріске айдайтын уақытын анықтағын. Егер грек мифтерінде Шолпан-махаббат құдайы болса, онда біздің ата-бабаларымыз Шолпанды ғашықтардың қамқоршысы деп санады және Шолпанда әлі туылмаған адамдардың жаны өмір сүреді деп сенген. Ал керісінше, күн батқаннан кейін батыс баурайында пайда болған Юпитер планетасы түннің басталуының белгісі болды. Аңыздардың бірінде жүк тиелген  есектер керуені түнге тоқтап, түнгі аспанда жарқын жұлдызды көрген керуенбашы оны қате түрде Шолпан – таңғы жұлдыз деп қабылдады да, керуенді әрі қарай жүргізді. Алайда, таңның атысы көрінбей қара түнек одан әрі қараңғылай берді. Содан кейін жарқырап тұрған жұлдыз жоғалып кетті. Сол кезде керуен басшысы Шолпанды Юпитермен шатастырып алып, керуенді өлімге алып келгенін түсінді. Содан бастап Юпитерді халық арасында Есек қырған деп атап кетті.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *