Жасыл әлем сырлары

Умирзакова Майра Жексембаевна
Әбіш Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп
Биология пәні мұғалімі 

Тақырыбы: Жасыл әлем сырлары

Кештің көрнекілігі:ӨсімдіМақсаты:Оқушыларға бөлме өсімдіктерінің көп түрлілігі, оны баптап күту сондай-ақ Ақтөбе обылысының терреториясында кездесетін дәрілік өсімдіктердің түрлері, олардың маңызы және адамның қоршаған ортамен үйлесімді іс-әрекетіне бағытталған , жалпы адамзаттың , мәдениеттің бөлігі ретінде , экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы жағымды эмоционалдық қарым-қатынасты ояту.

к туралы мақал-мәтелдер.

1«Өсімдік-сұлулық символы»

2«Сүйіне білсең , табиғат-сұлулыққа тұнып тұр»

Кештің барысы:1 бөлім.

1.«Гүл көңілдің ажары» атты бөлме өсімдіктерінің және Икебаналар көрмесін тамашалау.

2.Бөлме өсімдіктерінің мақсаты.

2 бөлім

1.Өмір шөбі.

2.Туған жердің шипалы өсімдіктерінен дайындалған фито-шай ішу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:Оқушылардың биология-экология пәндеріне көзқарасын , санасын, мәдениетін қалыптастыру  мақсатында «Флористер»үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірмеде оқушылар жұмыс жасауда ,өз бетімен білім алудың іскерліктерін қалыптастырады. Адам іс-әрекетінің табиғатқа әсерін оның болашаққа зардаптары туралы шығармашылық ізденуімен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге ұмтылады.

Бөлмеде өсімдік өсіру мәдениеті халықтардың ғасырлар бойы ұлттық дәстүрге айналған ерекшеліктерінің бірі.Қазір бөлмеде өсімдік өсіру эстетикалық талғамға , өнерге айналды.

Бөлмеде өсірілетін өсімдіктердің пайдалылығы олардың көркемдігінде ғана емес , олар бөлменің ауасын тазартады. Бөлме өсімдіктері бөлменің зиянды газдарын азайтып, адамға керекті оттегінің мөлшерін үнемі толықтырып отырады.

Адам денсаулығы күшті , ауру- сырқаудан аман болу үшін тұрғын үйдің ауасының ылғалдылығы орта есеппен 50℅ болуы шарт.Бөлмеде өсірілетін өсімдіктер топырақтағы және өсімдік бойындағы суды буландыру арқылы ауаның ылғалдылығын әрдайым арттырып отырады.

Бөлмеде өсірілетін өсімдіктердің басым көпшілігі тропиктік және субтропиктік Азия,Африка, Америка, Австралия елдерінің орманды, далалы, шөлді аймақтарынан таралған өсімдіктер.Олардың тіршілік әрекеті , сыртқы пішіні , ерекшеліктері олардың тіршілігіне қажетті шарттары жөнінде үйірме мүшелері әңгімелейді.

 

 

Саламатсыздарма, құрметті ұстаздар! «Флористер» гүл өсіру үйірмесінің ұйымдастырған көрмесіне қош келдіңіздер! Мен үйірме басшысы-Қалиева Әсем.Біз осы үйірмеге гимназия ашылғаннан бері қатысып , гимназия ішін гүлдендіру жұмысымен айналысамыз. Біздің мақсатымыз қоршағн ортаны аялау, табиғатты қорғау , биология , экология пәндері бойынша білімдерімізді тереңдетіп , оны өмірде орынды қолдануға үйрену.Үйірмеге қатысу барысында біз өсімдіктермен түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізіп , бақылаулар жасаймыз . Түрлі тәжірибелер жасау арқылы өсімдектерге тыңайтқыштар дайындаймыз.Сонымен қатар қандай және  қанша мөлшерде тыңайтқыш салу керектігін зерделейміз.Бұған дәлел ретінде «Гүл- өмірдің ажары» буклетіне назар аударыңызды сұраймын! Бұл буклетте өзіміздің гимназияда өсіріп жүрген гүлдеріміз бейнеленген. Осы өсімдіктерге мысал келтірейін.Бегония өсімдігі!Бегония- жылу сүйгіш өсімдік.жазда күн көзінің тік түсуін қалайды, қыста оны бөлме 10-12˚ С жерде ұстау қажет .Оның барлығы 800 түрі белгілі . Бұл өсімдік Оңтүстік Америка, Азия . Африка жерлерінде көптеп кездеседі. Кең тараған түрі:Клеопатра , Диадема. Сөз тыңдағандарыңызға рахмет, ендігі сөз кезегін өзімнің құрбым Айзадаға беремін.

 

Колеус

Колеус- бөлме өсімдігі .Ява аралында өсетін ,ерін гүлдер тұқымдасына жатады. Колеус сабағы төрт қырлы , қос жапырақты болады.

Күтімі

Тампература:қыста 0˚С-тан төмен болмау керек.

Жарығы:Орантерияда және күн сәулесі жақсы түсетін терезе алдында өседі.

Суғаруы:Жазда жиі, ал суық кезде суғаруды тоқтатады.

Ылғалдығы:Ыстық күндері , ауаға су шашып тұру керек.Жапыраққа су тимеу керек.

Рео

Рео-Ұзын сызықты жапырақтары бар. Беті- қанық жасыл, асты-фиолетовый.

Күтімі

Суғаруы:суғарғанда үстінен құймай, түбінен суару жөн.Ауа ылғалдығын сақтау керек.

Жарығы:Күн  сәулесінің астында өседі.Енді келесі сөзімді мен кластасым Елюбаева Динараға берамін.

 

 

Мен «Флористер» гүл өсіру үйірмесінің мүшесі Елюбаева Динарамын.Өз кезегімде бірінеше  гүлдерге тоқталып, қысқаша сипаттама беріп кетейін. Бұл , спатифиллиум.Ол-бөлме өсімдігі.Негізінен сәуірден мамыр айына қараған кезде өсімдікте жарғақша пайда болады.Ол 1 м-ге дейін өседі.Аса күтімде талап етпейді.Күн сайын жапырағына су сеуіп, аптасына 2-3 рет суарып , топырағын қопсытып қоямыз.Ал, бұл гүлдің атауы-пеперация.Оның Отаны Оңтүстік Америка мен Оңтүстік-Шығыс Азияның тропиктік ауданы.Бурум өсімдік тұқымдасына жатады.Өсімдіктіктің пішініне байланысты бірнеше атаулары бар.Мысалға Зандерсия пепераниясы.Оның жапырағы жалпақ әрі дөңгелек пішінді.Бұл өсімдік күнде де , көлеңде де жақсы өседі.Ұзындығы 20-25 см. Кей жағдайда 35 см –ге дейін өседі.Жарығы мол жерде өссе, жапырағы сарғайып, кейін қызарып кетеді.Дүние жүзінде 1000-нан астам түрі таралған көпжылдық өсімдіктердің бірі.Әрдайым жапырағына су сеуіп тұруды қажет ететін өсімдіктердің бірі- гипоэстс. Гипоэстес  қызыл қанды өсімдік ,жапырағының пішіні жұмыртқа тәрізді.Түсі қанық жасыл..Бұл айтқан өсімдіктеріміздің бәрі де жазда 20˚С ,қыста 14-16˚С –та өседі.Бәріне ортақ қасиет-күнсүйгіштік.Осымен мен сөзімді аяқтаймын.

 

                                        2 бөлім.

Өмір шөбі.

Табиғат, Жер-Ана , туған жер , атамекен құлаққа жылы естіліп . жүрекке шаттық сезімін ұялататын қасиетті сөздер.

Әсем, сұлу табиғатымыздың аясы өсімдіктер дүниесіне бай.Халық медицинасында емдік мақсатқа қолданылатын , фармацевтика өндірісінде дәрі жасауда пайдаланатын шипалы өсімдікке бай.

Дәрілік өсімдіктермен емдеу тәсілі ерте заманнам қолданылып келе жатыр.Әбу-насыр әл –Фарби, Әби -әли Ибн –Сина Беруни т.б. орта ғасырларда өмір сүрген шығыс ғалымдары қазақ медицинасының дамуына , әсіресе дәрілік өсімдіктері танып пайдалануға ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40℅  өсімдіктерден дайындалады .Қазақстанстанда өсетін 6000-ға

жуық өсімдік түрінің 500-і дәрілік өсімдіктерге жатады . Соның ішіндегі 40-тан астам түрі Ақтөбе өңірінде өседі . Мысалы : шайшөп, ермен , жусан , өгей шөп , бақ-бақ , жол желкен , итмұрын  т.б. Дәрілік өсімдіктерді Ибн-Сина былай деп жазады: «Дәрігеде 3 қару .Олар: жылы сөз , өсімдік , пышақ.»Бұл қағида осы күнге дейін күшінде . Қытай дәрігері Шин-Жон «Сенің дененің қуаты – өсімдіктерді «Өмір шөбі» деп атайды.Сонымен бірге «әр ауадың өз шөбі бар» дейді,

Халық  мединицинасында пайдаланыпын жүрген  өлкемізде өсетін шипалы өсімдіктер жөнінде оқушылардың әңгімелерін тыңдайық.

 

 

 

Саламсыздар ма, құрметті ұстаздар!Мен «Флористер» үйірмесінің мүшесі Жайылханова Ақбота .Біздің мақсатымыз дәрілік өсімдіктерді зерттеп, оны қолданысқа енгізіп , табиғатты қорғауға шақыру,эстетикалық тәрбие алу.Көріп отырғандарыңыздай Ақтөбе облысының аумағы өте үлкен және бұнда неше түрлі шипалы өсімдіктер өседі.Бұған мысал келтіретін болсақ ойыл ауданында дәрілік түймедақ , Ырғызда кәдімгі түймедақ, Хромтауда бақбақ , Алғада қара жидек өседі.Біз сонымен қатар гимназия дәрігерлерімен де тығыз байланыстамыз.Биылғы медициналық тексеру актісінің қорытындысы бойынша 10-11 кластар аралығында 9 оқушы көз ауруымен , 15 оқушы алергиямен , 59 оқушы тіс ауруымен , 11 оқушы темір жетіспеушілік ауруымен аурады екен.Соларға мына шипалы өсімдіктерді ішуге ұсынамыз:

1.Дәрілік түймедақ. Ол Ойыл ауданында өседі.

Қадылдануы:Қабылдануға қарсы , спазмолитипикалық дәрі ретінде қолданылады.Аллергиялық реакциаларды әлсіретеді.Қабыну аурулары кезінде шаю, шайқау үшін компресс түрінде қолданылады.

Қолдану тәсілі:Бір  пакетті стаканға салып , 200 мл  қайнағн су құйып , 15-20 мин. тұндырады.Тамақтан кейін тұндырманың ¼   немесе ½  жылы күйінде ішеді .

2.Бақбақ Хромтау ауданының орталығында өседі.

Ем болатын аурулары:

1.Тамақ баспасына бақбақтың 1,5 гр ұнттақтап 5 сағ. сайын ішеді.

2.Көз дәнекер қабығының қабынуына 30 гр бақбақты қолданады.Сонымен қатар өкпенің іріндеуіне , ө қалтасының қалтасының қабынуына қарсы солданылады.Енді сөзімді қорытындылай келе:

Табиғатта өсімдіксіз өмір жоқ,

Өсімдіктен алынатын өнім көп.

Өсімдіктен алынатын ұн мен май,

Ет пен сүтте келіп жатыр тамақ боп.

Енді келесі сөзді кластасым Алимбетова Ардаққа беремін.

 

 

Жаңа Ақбота айтып кеткендей туған жерімізде , Ақтөбе облысында шипалы өсімдіктер аз емес. Мысалы ембіде сиырсілекей өседі.Ол-көп жылдық өсімдік.Жапыраы қауындылар секілді болып өседі.Ұзындығы 50-60 см.Сиырсілекей таулы жерлерде өседі.мысалы Тянь-Шаньда , Алтай баурайында.Ем болатын аурулары:асқазан жарасына , днедегі сұйықтықты реттейді, табанға,санға шыққан қотырларға , темір жетіспеушілікке  пайдасы өте зор.

Ал өгейшөпті айта кететін болсақ Мәртөк ауданында көп шоғырланған.Ол да көп жылдық өсімдік.Ұзындығы 30-50 см .Жапырағы жүрек тәріздес болып келеді.Жапырағының жиектері қою жасыл.Ем болатын аурулары өкпе  туберкулезіне , өкпе қабынуына пайдалы.Сөзімді қорытындылай келе , осы аурумен ауыратын сырқаттарға осы шипалы шөптерді ұсынамын.Ал басқа да шөптің пайдасын , адам ағзасына тигізер үлесін сыныптасым Әсем жалғастырады.

 Мұғалімнің сөз:Сонымен өсімдік – медициналық препараттардың сарқылмас көзі . Улы деген өсімдіктердің өзі пайдалы .

Қазіргі заманда адам денсаулығы сақтау жайындағы күрес бүкіл елдің қасиетті парызы.Өсімдік – тіршілік көзі , өзегі .Біздің өлкеміз дәрі-дәрмек қоймасы. Сондықтан сан алуан шипалы өсімдіктерді білу , оның түр түсін ажырату , мезгілінде  жинап , кептіріп , олардан дәрі – дәрмек дайындауды жалпы меңгеру  қажет. Дәрілік өсімдіктерді пайдалану денсаулықты сақтауға , отбасының қаражатын үнемдеуге , табиғат байлығын қорғауға  көмектеседі. Қазіргі уақытта өз өлкемізде өсетін өсімдіктерді де кезінде  жинап , кептіріп шай қайнатпаларын дайындасақ жанға шипа , дертке дауа болары сөзсіз.

 

 

 

Осыған дейін кластастарымның айтуы бойынша Ақтөбе облысында дәрілік қасиеті бар өсімдіктер көп екенін білдіңіздер.Дәлірек тоқтакап айтатын болсақ , Қаражидек өсімдігі Алға ауданында кең тараған.Ұзындығы 30 см.Оның жемісі- қара мауа.Мамыр-маусым айларында гүлденеді.Оның дәрілік қасиетіне тоқтайтын болсақ, Қаражидек диабет ауруымен ауратын адамдарға қоспасын ішкізеді.Бұл әдіс медицинада ссоңғы жылдары қолданылған.Бірақ бұл әдісті халық қолданатын болған.

Тағы бір қасиетке мол өсімдік Қазтабан.Қазтабан Байғанин ауданында кең таралған.Оның ұзындығы 15-20 см-ге дейін жетеді.Оның қоспасын көптеген ауруларға қарсы ішеді.Өт, бауыр тасымен,туберкулезбен  ауратын адамдарға ішкізеді.Сөзімді қорытындылай келе:

Өсімдіктен алынатын бәріде.

Қағаз,каучук, витаминдер, дәрі де

Қорғай білсең өсімдікті бағалап,

Берері көп күте білсең әлі де.

«Шаршағанды басатын ,көңіліңді ашатын,шәй болмайды жаһанда , қаратүйіршіктен асатын» дей келе мына, туған жердің шипалы өсімідіктерімен дайындалған алқызыл шәйді ұсынамыз.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *