Ағылшын тілін оқытудың маңызы

«Тіл – тіршіліктің бастауы» деп бекер айтылмаған. Себебі, адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, үйрене бастайды. Ана тілін балалар ананың әлдиінен, бесік жырынан, қоршаған ортасынан еліктеу арқылы үйренсе,есейе келе орыс орыс тілі мен ағылшын тілін-мектептен, қоғамнан, халықтан үйреніп, меңгереді. Себебі бұл заман талабы.Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру – бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды.«Біз үштілділікті дамыту қарқынын үдетіп отырмыз» [1]. Бұл ойдан шығарған дүние емес, қажеттілік. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың 20 пайызы ағылшын тілін меңгерді. Яғни, үш тілді меңгеру, білу – бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Бұл адамның өмірдегі табыстылық, жетістік принцпі. Жаһандық әлемде біздің балаларымыз «Планета азаматы» болады. Сондықтан да олар әлемнің кез келген өңірінде жұмыс істеп, күнін көре алатын болады. Яғни, бүгінгі күрделі әлемде біздің балаларымыз өздерін «судағы балықтай» сезінуі керек, біз соған жағдай жасап жатырмыз», – деді Н. Назарбаев.

Осыған байланысты, жақсы білім беруді мақсат тұтқан әрбір оқытушы жолдауды қолдай отырып студентің ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып, дамытып отыру керек. Ағылшын тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды [2]. Студенттердің ағылшын тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді. Ағылшын тілін оқытудағы білімділік мақсаты – шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым-қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты – өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауғай алуды қалыптастыру. Оқытушы шеберлігінің өзегі – тіл байлығымызды дәлірек айтсақ, ойды жүйелеуге қажет сөздік қорының деңгейімен және сөйлеу мәдениетіміз бен сабақтас екендігін байқар едік. Ол үшін оқытушы біріншіден, өзі тілді еркін білуі қажет. Екіншіден – студент түсінікті тілде сабақ алуы қажет. [3].Демек түсінікті тілде білім беру кәсіби біліктілікті қалыптастырудың қағидалық аксиомасы екендігін әр кез басшылыққа алуға тиістіміз.

Ағылшын тілін үйрену мынадай 3 түрлі әдіспен жүзеге асады.

  1. Лексикалық жұмыс.
  2. Граматикалық жұмыс.
  3. Фонеткалық жұмыс.

Тілді меңгеруде ең маңыздысы – лексика. Тілдік қарым-қатынас кезінде сөйлеушінің сөзінде граматикалық қателер кездескенімен ,айтылган сөздің мағынасын түсінуі мүмкін. Сонымен қатар лексика грамматиканың негізгі базасы болып табылады. Грамматикалық категорияларды сөздің грамматикалық өзгерістерін, түрленуін, бір сөз бен екінші сөздің байланысын-оның негізгі обьектісі болатын-сөзден бөліп қарауға болмайды. Айтушының не айтқысы келгенін тыңдаушы түсінеді, бірақ бұл жерде грамматиканың атқарар маңызы зор. Кей студент сөздің қазақ тіліндегі эквивалентін білсе де ол сөзбен сөйлем құрастыра алуы қажет.

Лексиканы меңгеру үшін түрлі әдіс – тәсілдер пайдаланылады. Егер лексиканы оқытыпүйрету дағдысына келіп тоқталатын болсақ, ол 3 түрлі топқа бөлінілетінін көреміз: нақты сөздер, абстрактілі мағыналы сөздер және құрылымдық сөздер.

Нақты мағыналы сөздер – заттар: (book, pen, table), іс-әрекет(оқу, жүру, билеу), заттың сыны(ұзын, әдемі, жаңа) . Нақты мағыналы сөздерді суреттер, зат, макет арқылы түсіндірген жөн. Нақты мағыналы сөздерді абстрактілі мағыналы сөзді түсіндіруге қарағанда жеңілдеу. Абстрактілі мағыналы сөздерге жататындар:(дүние, сөз беру,сену). Абстрактілі мағыналы сөзді түсіндіру үшін аударманы қолдану және тіл көрнекілігі арқылы түсіндіру қажет. Ал тіл көрнекілігі дегеніміз – сөздің мағынасын контекст арқылы, синонимдер мен антонимдер, сөздің құрамдас бөліктерін талдау арқылы түсіндіру.

Құрылымдық сөздерді түсіндіру бұлардан да қиынырақ болады. Контекст терде грамматикалық құрылым, ондағы жаңа сөзбен басқа сөздердің барлығы студенттерге бұрыннан таныс болуы қажет. Сонда студенттің назары жаңа сөздерге аударылады. Яғни граматикалық материалды түсіндіруде қазақша мысал келтіріп, берілген мысалды ағылшынға аударып, екі тілдегі ұқсастық пен айырмашылықтарға тоқталайық. Содан кейін ағылшын тілінде жасалу жолын(ерекшелігін түсіндіріп өтетін граматикалық материалды бекіту үшін, практикалық жаттығулар көп жасалу керек, мүмкін болса, көбіне оқушылардың өз өміріне байланысты мысалдар келтірген жөн.Оқушыларды міндетті түрде сұрақ қоюға, сұраққа жауап беруге үйрету керек, бірақ ол жаттанды түрде болмауы тиіс.

Студентті тілді оқып-үйрету мақсатына жеткізу үшін, оқытушы жөн сілтеп тіл үйренудегі қиындықты жеңе білуге талпындыру қажет.

Ол мынандай 3 түрлі этаппен  жүзеге асырылады.

Сөйлеу дағдысын қалыптасу . Сөйлеу дағдысын іске асыру Жеке шеберлікті іске асыру

Бірінші этапта, егер студенттер қандай текст оқитынын немесе тыңдайтынын білмесе, және оқытушы ол текстен жаңа сөздерді іріктеп алады. Егер сабақтың соңында студент оқытушының айтқанын түсініп және оны жазып алып, қолданып отырса онда бірінші этап іске асты деген сөз.

Студенттердің сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог– сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Оқытушы сабаққа кіргеннен студенттермен диалогта болады. Студенттерге белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету – студенттерді қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді.

Келесі этап – лексикалық дағдының жетілдіру. Ауызша жатталған сөздер енді көру арқылы есте сақтау қабілетінің дамуы. Ол сөзді контекстан табу, жаңа сөз құрамдарыны жасау болып табылады. Сөз құрамдары көп болса лексикалық дағды нақты қалыптасады.

Соңында сөзді жеке сөйлем құрастыру, әр түрлі жағдайларда қолдана білу, өз ойын асыра білу дағдысы қалыптасады.

Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық-грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да студенттер белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Студенттердің сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды-машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады. Ағылшын тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған студенттердің сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет. Ал бұл іс-әрекеттерді сауатты да дұрыс жүзеге асыру үшін грамматикалық жұмыс жүргізілуі керек.

Лексика оқытылып үйренгеннен кейін грамматикалық дағдыны үйрену этапы басталады. Грамматикалының қолданылуы сол өтілген сабаққа байланысты болуы керек.Тілді оқып үйренуде грамматиканың ролі өте зор болмақ. Адам ешқашан сөздерді жеке айтып түсіндіре алмайды. Бұл жағдайда грамматиканың атқарар ролі зор болмақ.Сөзбен сөзді байланыстырудың негізі грамматиканы дұрыс қолдану арқылы іске асырылады.

Мысалы: Two womans readed, деп айтсақ сөйлемнің қате екенін, оның орнына Two women read деп айтып түсіндіруді, зат есімнің көпше түрде дұрыс қолдануын және етістікті дұрыс шаққа қою қажеттігін грамматиканы түсіндіру арқылы түзетеміз.

Келесі фонетиканы үйрету. Фонетикалық материалды меңгерту үшін, фонетикалық дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру үшін жаңылтпаштар, тақпақтар, өлеңдер жаттатамын. Алғашқы кезде кейбір ұқсастау дыбыстардың айтылуына мән беру керек.

Оған дыбыстардың дұрыс айтылуы, екпіннің буынға дұрыс түсуі және сөздің дұрыс айтылуы жатады.

Мысалы: it-eat, spot-sport, cut-curt etc. Немесе хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы төмен түссе, сұраулы сөйлемде дауыс ырғағы жоғары шығатынын әр түрлі мысалдармен түсіндірудің маңызы зор екенін естен шығармау қажетҚорыта келе айтарымыз ағылшын тілін оқытудың мәні Коммуникативтік сөйлеу әрекетін дамыту болып табылады.

Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық-грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да студенттер белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Студенттердің сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды-машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады. Ағылшын тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған студенттердің сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет.

Ағылшын тілінде сөйлеуге, қарым-қатынас тіліне үйретуде студенттерді өз бетімен жұмыс істеуге, өзі ізденіп білім алуға дағдыландыруы керек. Бұл қазіргі уақыт талабы. Сабақ бір сарында өтпеу үшін студенттердің қызығушылығын арттыратын сабақ арасындағы топқа бөлініп белгілі бір мәселені талқылау,өз ойларын айту, сол мәселе бойынша диалог құрастыру жұмыс түрлері үлкен роль атқарады. Топтық жұмыстар сабақтың тиімділігін, сапасын арттырумен бірге студенттердің оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Сондай-ақ топтық жұмыстар студенттердің сөйлеу қабілеті әрекетін тездетеді, танымын күшейтеді. Осы тұрғыдан берілген тапсырмалар студенттердің білім деңгейі мен мүмкіншілігіне сай және тәрбиелік, дамытушылық мәні зор болуы тиіс. Диалог арқылы студенттердің сөйлеуге деген ішкі жан дүниелік ынтасы, іздену дағдысы қалыптасады.

Сонымен бірге ағылшын тілі сабақтарында электрондық оқулықты пайдаланудың маңызы зор. Электрондық оқу құралы-бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға және т.б білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, студенттердің өз бетімен ізденісі,пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениеті қалыптастыруға, дербес – жұмыстарын ұйымдастыруға өте маңызды.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *