Күзгі ағаш
Утешова Акерке Болатовна
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру салалары: Шығармашылық
Бөлімдері : Мүсіндеу
Тақырыбы:Күзгі ағаш
1 Білімділік:Мүсіндеуде ағаштың құрылымын бере білуге үйрету. Жұмыс кезінде көмекші сызбаны пайдалану; Күзгі жапырақтардың түрлі-түсті гаммасын беруде әртүрлі ермексазды пайдалану.
2 Дамытушылық:Қол моторикасын дамыту.
3 Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Алдын-ала жұмыс: Балалармен серуенге шыққанда түрлі ағаш жапырақтарын қарау; ақ қайыңды өзге ағаштармен салыстыру.
Қолданылатын
көрнекіліктер: хат, ағаштарды бейнелеу ретінің сызбасы, қатты қағаз, ермексаз, кескіш, қол сүлгілер, тақтайлар, жай қарындаш.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Әрекетті туындату, түрткі болу. Тәрбиеші балаларға хат келгенін хабарлайды. Балалар хатта не жазылғанын білгілері келеді.
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу. Хатты оқу: «Балалар мен мүсіншімін ғой, естеріңде ме? Қазір жылдың ең тамаша мезгілі-күз кезі. Қабырғаға ілуге, сыйға беруге панно жасауға болады. Сендерге жұмыс істеуге жеңіл болу үшін көмекші сызбаны беріп отырмын.»
Сызбаға қарап ағашты мүсіндеудің жолдары:
Ермексаздың бір үзімін шұжық тәрізді етіп жұмырлаймыз.
Діңінің төменгі жағын жуандау,жоғары жағын жіңішкелеу, ал бұтақтарын жіңішке қылып сомдаймыз.
Ағаштың биіктігін қарындашпен белгіліп алу.
Діңді қағаз бетіне орналастырып, саусақтың ұшымен батыра отырып жапсырамыз. Бұтақтарды қосамыз.
Жапырақтарын мүсіндеу үшін, қажетті түсті таңдап алып, бұтақтарының жанына саусақпен кішкентайдан жағып шығамыз.
Сергіту сәті: «Жаңбыр»
Балалар хатты мұқият тыңдайды.
Балалар тәрбиешімен бірге күзгі ағаш бейнесін сызбаға қарап мүсіндеуге кіріседі.
Балалар ермексаздың бір үзімін шұжық тәрізді етіп жұмырлайды.
Діңінің төменгі жағын жуандау,жоғары жағын жіңішкелеу, ал бұтақтарын жіңішке қылып сомдайды.
Ағаштың биіктігін қарындашпен белгіліп алады.
Діңді қағаз бетіне орналастырып, саусақтың ұшымен батыра отырып жапсырады. Бұтақтарды қосады.
Жапырақтарын мүсіндеу үшін, қажетті түсті таңдап алып, бұтақтарының жанына саусақпен кішкентайдан жағады.
Балалар сергіту сәтін саусақ қимылдарымен көрсетіп отырады.
Рефлексия-түзету жұмыстары (коррекция) Қорытындылау:
Сұрақ-жауап:
-Балалар біз бүгін ермексаздан нені мүсіндедік?
-Хатта мүсінші ағай сендердің бұл жұмыстарыңды сыйға беруге болады деді. Сендер кімге сыйға берер едіңдер? Ұйымдасқан оқу іс әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мақтау, мадақтап, жұмыстарын көрмеге орналастыруды ұсынады.
Тәрбиеші орындаған жұмыстары жайлы таныс мүсіншіге айтатынына уәде береді.
-Біз бүгін ермексаздан күзгі ағашты мүсіндедік.
-Балалар өз жұмыстарын кімге сыйға беретіндерін айтып береді.
Балалар тәрбиешінің мақтап, мадақтауына риза болады.
Балалар жұмыстарын көрмеге орналастырады.
Күтілетін нәтиже.
Біледі: Мүсіндеуде ағаштың құрылымын бере біледі.
Түсінігі бар: Күзгі ағаш, панно жайлы түсініктері бар.
Орындай алады: Күзгі жапырақтардың түрлі-түсті гаммасын беруде әртүрлі ермексазды пайдалана алады. Жұмыс кезінде көмекші сызбаны пайдалана алады.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718