Ерке төлдер
Хасенова Назгул Жумабаевна
№33 «Алтын дән» балабақшасының екінші санатты тәрбиешісі
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Ерке төлдер»
Мақсаты: Үй жануарлары жəне олардың төлдерімен таныстыру, үй жануарлары жайлы түсініктерін, білімдерін қалыптастыру, кейбір ерекшеліктерін айтып ажырата білуді үйрету. Әңгімелету арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерінарттыру өз ойларын еркін əрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру. Жануарларға қамқорлық жасауға, оларға сүйіспеншілікпен қарай білуге тəрбиелеу.
Əдіс-тəсілідері: Түсіндіру, əңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекіліктер: үй жануарларының суреттері
Билингвальді компонент: Сиыр-корова, жылқы-лошадь, түйе-верблюд, қой-овца, ешкі-коза.
Барысы: Сəлеметсіңдер ме балалар?! Кəне бəріміз шаттық шеңберіне тұрайық.
Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше баламыз,
Үйге қонақ келгенде
«Сәлеметсіз бе!» – деп
Амандасып аламыз.
Тәрбиеші: -Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: көктем мезгілі.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар көктем мезгілі.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар сендер менің қойған барлық сұрағыма жақсы жауап бердіңдер! Олай болса ашық ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастайық.
-Кəне барлығымыз тақтаға назар аударайықшы мұнда не көріп тұрмыз?
Балалар: Үй жануарларын.
Тәрбиеші: Иə, балалар бұл үй жануарлары. Балалар бүгін біз үй жануарлары мен олардың тіршілігімен танысамыз. Табиғаттың бір бөлігі жануарлар. Балалар сендер ауылға ата-əжелеріңнің үйлеріне барғанда үй жануарларын көрдіңдерме?
Балалар: Иə көрдік.
Тәрбиеші: Оларды не үшін үй жануарлары деп атаймыз?
Балалар: Себебі: олар адамдардың маңайында аулада тіршілік етеді.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар. Ал оларды бізге қандай пайдасы бар? Балалар: Олар бізге сүт, ет береді, терілерінен киім тігеді.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар. Міне мен сендерге сол үй жануарларының бізге қандай азықтар беретінін айтамын. Барлығымыз мұқият тындаймыз. Сиыр бізге- сүт, қаймақ,май, айран, ірімшік, құрт береді. Жылқы- жүк тасиды, қымыз, ет береді. Қой-ет береді,жүнінен киім тоқиды.Ешкі- ет, сүт береді. Түйе- жүк тасиды, шұбат, ет береді. Түйе шөлге шыдамды жануар балалар.
Тәрбиеші: Жақсы балалар үй жануарлары туралы біраз ақпарат білдік.
Енді мен сендерге жұмбақтар жасырайын.
Жұмбақтар:
1.Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. Бұл қай жануар?
Балалар: Қой.
2.Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар? Бұл не болды екен?
Балалар: Түйе.
3. Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы, сақалы бар? Бұны кім біледі екен?
Балалар: Сақалы бар ол ешкі.
4. Өріске ерте кетеді,
Бізге сүтін береді?
Балалар: Бұл сиыр.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар барлық жұмбақты жақсы шештіңдер. Ендігі кезекті ойынға берейік.
Балалар: Жақсы
Ойын: «Мұқият тыңда» деп аталады.
Барысы: Мен сендерге жануардың дауысын қосамын, ал сендер қандай жануардың дауысыекенін табуларың керек.
Мақсаты: Балалардың мұқият болуға үйрету, ынта-зейіндерін дамыту, есту мүшелерін арттыру, балалардың белсенді атсалысуын қадағалау.
Тіл ұстарту жаттығуы:
Қой – мә-мә-мә
Түйе – бө-бө-бө
Ешкі – мәә-мәә-мәә
Сиыр – мө-мө-мө
Жылқы – е-е-е
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар бұл тапсырманыда жақсы орындап шықтыңдар барлығың белсенді екенсіңдер.
Тәрбиеші: Ой жарайсыңдар балалар бұл тапсырманы жақсы орындадыңдар. Балалар сендер шаршап қалған сияқтысыңдар кəне бəріміз сергіту сəтін жасайықшы.
Сергіту сəті:
Өн бойымды тік ұстап,
Таянамын бүйірді.
Бастап кетем
Дұрыстап
Сәйгүлікше жүруді
Бір! Екі! Бір! Екі!
Тәрбиеші: Жақсы балалар біраз сергіп алдық енді орнымызға отырып келесі тапсырманы орындайық.
Ойын: «Төлдерін тап»
Шарты: Суреттен үй жануарларын көрсете отырып олардың төлдерін тауып, сәйкестендіреді.
Балалар: ойынды қызыға ойнайды.
Ойын: «Қайсы жануар жоқ?»
Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі оқу қызметіміз сендерге ұнадыма?
Балалар: Иə, ұнады.
Тәрбиеші: Кəне барлығын бір еске түсірейікші. Үй жануарларын атайықшы.
Балалар: сиыр, жылқы,түйе, қой, ешкі.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Сиырдың төлін қалай атадық?
Балалар: Бұзау.
Тәрбиеші: Бəрекелді сиыр қалай дыбыстайды кəне барлығымыз салайықшы.
Балалар: Сиыр мөңірейді
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар осымен бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды апайлармен қоштасайқ.